Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Нидерланд EXPO-2017 көрмесіне қатысуға дайын

Нидерланд елінің іргелі компаниялары Астанада өтетін EXPO-2017 көрмесіне қатысады.

Энергетика, көлік логистикасы, ауылшаруашылығы салалары мен баламалы энергия көздері бағытындағы жетістіктерімен мақтана алатын бұл кәсіпорындар елімізде өтетін ауқымды шарада өз өнімдерін ұсынуға дайын. Бұл туралы EXPO-2017 Комиссары Рәпіл Жошыбаевтың Нидерланд Корольдігіне сапары барысында мәлім болды. Нидерланды мемлекеті – Қазақстан экономикасындағы ірі инвесторлардың бірі. Еуропа елінен бізге құйылған қаражат көлемі 56 миллиард АҚШ долларын құрайды. Алдағы уақытта бұл әріптестік одан ары нығаймақ. EXPO-2017 комиссары Рәпіл Жошыбаев

Нидерланд үкіметі өкілдері және өнеркәсіпшілер мен жұмыс берушілер конфедерациясының жетекшілерімен кездесуде осы тақырыпты өрбітті. Тараптар екі мемлекет арасындағы саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастық деңгейінің жоғары екендігін ерекше атап кетті. Сондай-ақ жасыл экономика мен жаңа технологияларды дамытудағы өзара әрекеттестік жайлы әңгіме қозғалды.

Рәпіл Жошыбаев, ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары:

- Елбасының тапсырмасы бойынша біз шет мемлекеттерді EXPO-2017 көрмесіне қатысуға тарту бағдарламасын жүзеге асырып жатырмыз. Нидерланд құрған баламалы энергия қорына мыңға жуық компания кірді. Олар 2050 жылға дейін толық баламалы энергия көздеріне көшпек. Бұл – үлкен тәжірибе. Бұл кәсіпорындар біздегі көрмеге қатысуға дайын. Жалпы Нидерландnың наномикротехнология саласындағы зерттеулерін ескере отырып, бұл елден EXPOбарысында қызықты жобаларды күтеміз.

Сигрид Вервей, Нидерланд өнеркәсіпшілері мен жұмыс берушілері конфедерациясы департаментінің директоры:

- «Болашақ энергиясы» тақырыбы үлкен маңызға ие. Біздің компаниялар энергетика саласындағы мақсаттарға қол жеткізу үшін барын салуда. Нидерландтың EXPO-2017 көрмесіне деген қызығушылығы күн санап артып келеді. Әсіресе ауылшаруашылығы мен су ресурстары салалары біздің назарымызда.

Нидерланд елі – баламалы энергия саласындағы жоғары технологиялар бойынша әлем көшбасшыларының бірі. Мемлекет 2020 жылға дейін өндірілетін «жасыл» энергия көлемін 4-тен 16%-ға дейін арттырмақ. 40-қа жуық жергілікті компания өз тәжірибесімен Астанада өтетін EXPOкөрмесінде бөлісуді жоспарлап отыр. Халықаралық шараға қатысу мәселесін Shell, Vitol, Broekman Logistics, ING Bank ірі кәсіпорындары да қарастыруда.

Девананд Махамадю, Нидерланд Сауданы дамыту кеңесінің стратегиялық менеджері:

- Біз Қазақстанға келіп, өзіміздің идеяларымызды EXPO-2017 көрмесінде ұсыну мүмкіндігін қарастырып отырмыз. Өйткені біздің зерттеулеріміз бүкіл адамдардың өмірін жақсартуға септігін тигізе алады. Әріптестігімізді 2016 жылы қарқынды дамыту керек. Сонда біз тек жоспарларды ғана емес, нақты жобалар мен шешімдерді талқылай аламыз.

Кездесу соңында «Астана EXPO-2017» мен голландиялық D-Reizen туристік компаниясы арасында ынтымақтастық жайлы меморнадумға қол қойылды.

http://gbpp.org/kz/2015/11/12108

 
1
0
379

Осы тақырып бойынша

Нидерланд EXPO-2017 көрмесіне қатысуға дайын - Yvision.kz