Көкшетауда инновациялық идеялар байқауы өтті
http://gbpp.org/kz/2015/11/12187
http://gbpp.org/kz/2015/11/12187
Мәжілістің экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Александр Милютин бүгін Санкт-Петербург қаласында ашылған «Жасыл экономика» IX Халықаралық форум жұмысына қатысуда, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Басқа да сөз алушылармен қатар Қазақстандағы «жасыл экономиканы» жетілдіру туралы парламентшінің сөз сөйлеуі күтілуде. Форум шеңберіндегі талқылаудан өзге биогаз технологиясы инновациясы, органикалық шикізаттан өндірілетін синтезатор жұмысын қолданумен де танысады.
23-25 қарашада Константинов сарайында өтетін шараның ұйымдастырушылары – Ресей Федерациясының Табиғат ресурстары мен экология бойынша министрлігі мен Федералдық Жиынның Мемлекеттік Думасы.
http://gbpp.org/kz/2015/11/12198
Германияның Лейпциг қаласында өткен бизнес-форумда Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды.
Оған неміс елінің ірі компанияларынан 60-қа жуық өкіл қатысты. Кездесуде энергия көздерін жаңарту саласы бойынша меморандумға қол қойылды.
Германияда машина құрылысы, металлургия, тұрмыстық және химиялық өнімдерімен аты шыққан Саксония кәсіпкерлер кездесетін орынға айналды. Осында өз таныстырылымын жасаған қазақстандықтар елімізде инвесторлар үшін жасалған жағдайдың ерекше тұстарына тоқталып өттті. Мамандардың айтуынша, экономикалық бос кеңістік пен инвесторларға қатысты жаңа заң жобасы одан қалды салықтағы жеңілдіктер кәсіпкерлердің өз бизнесін дамытуға дем береді.
Кайрат Карманов, «Kaznex Invest» АҚ Инвестиция және экспорт ұлттық агенттігі басқарма басшысының орынбасары:
- 2014 жылдан бастап Қазақстанға келген инвесторларға арнайы жағдай жасалған. Мысалға, құны 20 миллион доллардан асатын және бұрын соңды біздің елде жасалмаған жобамен келген кәсіпкерге, жұмысын толық аяқтаған жағдайда жұмсаған қаржысының 30 пайызын қайтарып береміз. Неміс кәсіпкерлері Қазақстанға Америка мен Еуропаның бірнеше ірі копаниясы келіп жұмыс жасағысы келетінін көріп отыр.
Кәсіпкер елге келіп ақша құюы үшін ол елдің Экономикалық өсіміне мән беретіні айтпаса да белгілі. Бұл ретте Қазақстанның биылғы көрсеткіші жаман емес. Doing Business рейтінгісі бойынша еліміздің экономикалық көрсеткіші 12 сатыға көтеріліп, 41-орынға тұрақтаған. Қазақстанның осындай қарқынмен қарыштап дамуы мен тұрақтылығы кез келген кәсіпкерді қызықтырады, – дейді шетелдік кәсіпкерлер.
Гернот С.Вагнер,«EVAGOR» компаниясының бас директоры:
- Біздің инвестициялық консалтинг саласында жүргенімізге 20 жылдан асып барады. Қазақстан кәсіпкерлер үшін өте қолайлы жағдай жасап отыр. Мәселен біздің компания қазақ елімен көп уақыттан бері жұмыс істеп келеді. Біз жеке кәсіпкерлер үшін жүз мыңдаған доллар құны бар жобалар жасаумен айналысамыз.
Эдуард Кинсбрунер, Шығыстағы неміс экономикасы комитетінің Орталық Азиядағы директоры:
- Германия экономикасы Қазақстанның өндірістік және экономикалық жаңаруына қызығушылық танытып отыр. Әсіресе машина құрастыру мен химимялық кешендегі жаңа технологиялар саласына мән бердік. Қазір жаңа келісімдер жасауға әзірлік жүріп жатыр. Үлкен компаниялармен бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндік болады деп үміттенемін.
Бизнес-форумға келгендер сөзден гөрі бірден іске көшкенді қалады. Сөйтіп Павлодар облысының әкімі мен CUBE Engineering GmbHкомпаниялары меморандумға қол қойды. Енді Қазақстанда желден және күн сәулесінен тоқ өндіретін электр стансасына қажет құрылғылар жасалатын болады.
Дүйсенбай Тұрғанов, Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары
- Неміс тарабы «Жазық дала желі» атты жаңа жоба ұсынып отыр. Ол біздің елдегі тоқ өндіру саласын жаңартып, дамыта түседі. Қазір Қазақстанда өндірілетін энергияның 50%-ы Павлодарда шығарылады. Оған қоса бізде осы зауыттарды ұйымдастыруға арналған арнайы экономикалық аймақ бар. Осы жағдайлар инвесторлардың назарын аударды деп ойлаймын.
Енді бұл келіссөздердің егежей-тегжейі Қазақстанда жалғасатын болады. Неміс елінің бизнес өкілдері келер жылдың мамырында келісімге келетін нақты ұсыныстар әзірлеп келуге уәде берді.
http://gbpp.org/kz/2015/11/12179
Ағымдағы жылдың 24 қарашасында сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көріністеріне мүлдем төзбеушілік кағидатын қалыптастыру және ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі қызметінің негізгі бағыттарын кеңінен жариялау мақсатында ШЖҚ «№5 қалалық емхана» МКК-ң қызметкерлеріне арналған семинар-кеңес өтті.
Семинар-кеңес барысында қатысушылар 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі бағыттарымен, Қылмыстық және Әкімшілік Кодекстердегі өзгерістерімен таныстырылды, сонымен бірге 1494 Кеңесші орталығы туралы мәлімет берілді.
Сонымен қатар, іс-шара қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнеролик көрсетіліп, «Мемлекеттік қызметтер алу кезіндегі менің құқығым», «Сыбайлас жемқорлықтан қалай қорғануға болады?» жаднамалары таратылды және толтыруға сауалнамалар ұсынылыды.

Шетелдік университетке түсудегі ең маңызды қадамдардың бірі – мотивациялық хатты әзірлеу. Формалды талаптарға сәйкес келетін болсаңыз, қабылдау комиссиясы сіздің университетке жолдаған хатыңызға қатты көңіл бөледі. Бұл хатта сіз өзіңіздің бірегей екеніңізді және сіз таңдағалы отырған университет пен академиялық бағдарламаға өзіңіздің қаншалықты сәйкес келетініңізді көрсетуіңіз қажет.

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары А.Мырзахметов жұмыс сапарымен Павлодар облысына барды, деп хабарлады «Нұр Отан» партиясының баспасөз қызметі.
Елбасы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың елімізде жүргізіліп отырған барша реформаларды халыққа түсіндіру туралы тапсырмасын орындау мақсатында Төрағаның Бірінші орынбасары А.Мырзахметов бастаған партияның үгіт насихат топтары өңірлерге шықты. Осыған орай бүгін А.Мырзахметов Павлодар облысында партия белсенділерімен жүздесіп, алдағы атқарылатын ауқымды шаралармен таныстырды. Павлодар мұнай-химия зауытындағы бастауыш партия ұйымы өкілдерімен кездесті. Ақсу ферроқорытпа зауыты жұмысшыларымен кездесіп, еңбек қарым-қатынастарын реттеудегі партия бастамалары жөнінде әңгімеледі.
Павлодарлық нұротандықтармен кездесу барысында Елбасы, партия Төрағасы тарапынан Бес институционалдық реформа мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыруға байланысты партияға мемлекеттік реформаларға қатысты барша түсіндіру жұмыстарын жүргізу жүктелгендігі айтылды. Төрағаның Бірінші орынбасары Ұлт жоспарын халыққа түсіндіру жұмыстарының тетіктері жайлы айта келе, осыған орай партияда жалпыұлттық жобаларды халыққа насихаттаудың нақты іс-шаралар тізбегінен құралған арнайы жоспар бекітілгенін жеткізді.
Осы құжатқа сәйкес қазірдің өзінде Орталық аппараттың 40-қа жуық жауапты қызметкерлерінен құралған 8 арнайы топ еліміздің барлық өңірлерінде қабылданған мемлекеттік бағдарламалар және партия Доктринасында көзделген міндеттерді іске асыру жөніндегі талаптарды түсіндіру туралы көшпелі семинарлар өткізуде.
Оған қоса ҚР Парламент депутаттары, Орталық мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялардың, Ұлттық Банктің, «Атамекен» ҰКП өкілдері, партия Саяси кеңесінің мүшелері, сарапшылар, үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері, ғылыми, шығармашылық интеллигенция, Қазақстан халқы ассамблеясы, жастар ұйымдары өкілдерінен құралған республикалық спикерлер пулы жасақталмақ.
Сонымен бірге, Ұлт жоспарын кеңінен түсіндіру, насихаттау үшін арнайы Медиа жоспар қабылданды. Оның негізінде партиялық БАҚ-та, радиостанциялары мен интернет порталдарда, әлеуметтік желілерде арнайы айдарлар ашылуда. «Нұр Отанның» Орталық аппаратында құрылған Баспасөз орталығында аптасына екі рет партияның жауапты қызметкерлері, әріптестері, сарапшылар «100 нақты қадам» жоспарын орындауы бойынша халыққа мәлімет бере бастады.
Төрағаның Бірінші орынбасары Елбасы реформаларының басты мақсаты – елдің әлемдік бәсекелестікке бейімделген әлеуметтік-экономикалық қатынастың жаңа моделін қалыптастыру болып табылатынын айрықша атат өтті.
Бес институционалдық реформаны жүзеге асырудың заңнамалық негізін қалыптастыру бойынша, партияның Парламент Мәжілісіндегі фракциясы ауқымды жұмыс жүргізген. Депутаттар 59 заңды қабылдап, олардың 37-і Елбасымен бекітіліп үлгерді. Атап айтқанда, «Міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру туралы», «Жер кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы», «ҚР Мемлекеттік қызметі туралы», «Ақпараттың қолжетімдігі туралы», «Қоғамдық кеңестер туралы», «Өзін-өзі реттеу туралы», «Ауыл шаруашылық кооперативтері туралы», кәсіпкерлік қызметті реттейтін бірқатар заңдар.
Жиын барысында сондай-ақ партиялық қызметті жүйелендіруге, күшейтуге бағытталған 21 регламенттік құжат бекітілгені айтылды.
Бастауыш партия ұйымдарымен қойылған сұрақтарға жауап бере келе, Кадрлық резервке түсініктеме берді. Төрағаның Бірінші орынбасары оның құрамы бастауыш ұйымдардың белсенділері мен партия белсенділерінен, «Жас Отан» Жастақ қанаты және белсенді жастар мен партия аппаратының қызметкерлерінен жасақталатыны айтылды.
«Электронды партия» жобасы аясында мемлекеттік органдардың және партияның электрондық құжат айналым жүйелері ұштастырылып, партиялық жарналарды интернет арқылы төлеудің онлайн жүйесін енгізу бойынша жұмыстар атқарылуда. Оған қоса қарапайым қазақстандықтардың мәселелерін жедел анықтап, оны уақытылы шешу үшін ахуалдық орталық құру жоспарланған.
Партияның қоғамдық қабылдауларына биылғы жылдың он айында 73 мыңнан астам өтініш тіркелген. Осы орайда жұмыстың нәтижелілігін арттыру мақсатында қажетті шешім қабылдауға құзыреті бола тұра мәселені шешпегендер анықталып, оларға шара қолдану жүйесі енгізілген. Оған қоса халықтың проблемалары, бағдарламалардың іске асырылуы, сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылықтар бойынша «Жедел желі» және «WhatsAPP» мессенджері іске қосылмақ.
Жиында өңірлердегі жұмысты жүйелі әрі сапалы атқару үшін партия филиалдарының институционалды нығайтылғаны, олардың кадрлық әлеуетінің арттырылғаны көрсетіліп, ендігі жерде талаптың да артатыны айтылды.
Жұмыс сапары барысында бастауыш партия ұйымдары өкілдерімен кездесулер өткізген Төрағаның Бірінші орынбасары БПҰ-ның материалдық-техникалық және әдістемелік базасын нығайту жұмыстары қолға алынғандығы және бұл мәселе 2016 жылы түпкілікті шешімін табатынын жеткізді. Сондай-ақ, партия мүшелерінің сапалық құрамын экономика саласындағы қызмет етіп жүргендер, яғни ірі кәсіпорындар мен шағын және орта бизнес өкілдері және агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлерінің есебінен кеңейту керектігі айтылды.
Астана қаласында Назарбаев Зияткерлік мектептері бойынша жылдың үздік мұғалімі анықталды. Үздік мұғалім атану үшін Қазақстанның әр аймағынан 18 адам додаға түсті, деп хабарлады Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі.



Олардың ішінде математика, тарих, биология, физика, информатика, қазақ тілі пәндерінің ұстаздары бар. Әр қатысушы мектепішілік іріктеу кезеңінен сүрінбей өтіп, өз аймағының үздігі атанған.
«Жылдың үздік мұғалімі – 2015» байқауы 4 кезеңнен тұрды. Онда қатысушылар өздерінің зияткерлік, шығармашылық қабілеттерін, ақпараттық-коммуникациялық құзіреттіліктерін көрсету керек болды. Жарыстың бірінші күні, 19 қарашада ашық сабақтар өткізілсе, екінші күні 20 қарашада ақтық кезең өтіп, жеңімпаздар марапатталды.
Аталмыш бәсекенің басты мақсаты зияткерлік мектептердің дарынды ұстаздарын және үздік педагогикалық тәжірибені анықтау, мұғалімнің жеке дамуын ынталандыру, оқытуда инновациялық тәжірибелерді пайдалануды қолдау, Зияткерлік мектептердің үздік ұстаздарына құрмет көрсету болып табылады.
Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жиын залында өтті. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері ақшалай және бағалы сыйлықтармен, дипломдармен марапатталды. Қазылар алқасы қатысушылардың кәсіби шеберлігіне, жеке қасиеттері мен өзіндік мәнеріне, педагогикалық қызметтің тиімділігіне баса назар аударды.
Байқау қорытындысы бойынша, Бас жүлде Ақтөбе қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің физика пәнінің мұғалімі Самат Шариповке бұйырды. Ал бірінші орынды Петропавл қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің физика пәнінің мұғалімі Лариса Овчинникова қанжығасына байлады. Екінші орынды Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің информатика пәнінің оқытушысы Серік Мұқанов иеленді. Ал Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің информатика пәнінің ұстазы Ерали Бижанов жүлделі үшінші орынды қанағат тұтты.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы төрайымының орынбасары Светлана Испусинованың айтуынша, барлық қатысушы ұстаздар өздерінің кәсіби біліктіліктері мен ізденуге деген құштарлықтарын көрсете білді.
Айта кетейік, осымен үшінші рет өткізіліп отырған бұл байқау екі жылда бір рет қана ұйымдастырылады.
Хизб ут-Тахрир діни партиясы 1953 жылы Шығыс Иерусалимде египеттік «Мұсылман бауырлар» немесе «Братья мусульмане» қозғалысының филиалы ретінде Тақуиддин ан-Набханидің бастамасымен жергілікті басқару жүйесіне қарсылық көрсету арқылы пайда болды. Ұйымның стратегиялық жоспарлау орталығы Лондон қаласында орналасқан.
Партияның идеялары көптеген мұсылман елдерінде оның ішінде Египетте, Иракта, Алжирде, Суданда, Иеменде, Иранда, Суданда, Пәкістанда және Ауғанстанда кең ауқымда таралған. Ұйым саяси доктринасының негізін Мұхаммед пайғамбар және оның төрт халифасы кезіндегі халфатты қайта құру идеясына негіздейді. Хизб ут-Тахрир ұйымы өздерінің саяси мүдделерін қасиетті Құранның әл-Имран сүресінің «Сендерден жақсылыққа шақыратын сондай-ақ дұрыстыққа қосып, бұрыстықтан тосатын бір топ болсын. Міне солар құтылушылар» деген аятынан дәлел келтіре отырып негізге алады.
Хизб ут-Тахрир партиясы діни ағым ретінде көптеген ерекшеліктері бар. Мәселен, дәстүрлі мазхаб ұстануды жоққа шығарады. Мазхаб ұстануға байланысты хизбутшылар ұйымның негізін салушы Тақи уд-дин ан-Набханидің пәтуаларын ұстанады. Сондай-ақ, діни сенімнің кейбір мәселелері. Мәселен «қабір азабы» түсінігін жоққа шығарады және тағдырдың алдын-ала жазылатындығын мойындамайды.
Хизб ут-Тахрир идеялық бағыты ұйымның негізін қалаушы Тақи уд-дин Набханидың «Ислам жүйесі», «Хизб ут-Тахрир концепциясы», «Исламның ережелері», «Исламдағы қоғам», «Исламдағы саясат» атты еңбектеріне негізделген.
Қазіргі таңдағы бүкіл адамзатқа төнген қауіптердің ішінде ДАИШ ұйымының идеологиясымен Хизб ут-Тахрир ұйымы арасындағы ұқсастықты байқауға болады. Оның бірі «бүкіл әлемдік халифат» құру идеясы. Мәселен қазіргі таңда ДАИШ ұйымының ұсталған содырларының көбісі Хизбут-Тахрир ұйымының құрамында болған содырлар. Себебі олардың негізі идеологиялық түпкі тамыры ұқсас. Ал бастауларын өзге топтардан алады. Мәселен ДАИШ өз бастауын ирактық «Аль Каида» ұйымынан алса, Хизб ут-Тахрир палестиналық «Мұсылман бауырлар» қозғалысынан алады. Ал Хизб ут Тахрирдың ДАИШ ұйымынан айырмашылығы өзін партия деп атауында. Хизб ут Тахрир ұйымының жарғысында олардың жұмысы оқыту, насихат жұмысы емес саясат деп нақты көрсетілген.Себебі, ұйымның негізін қалаушы Набхани партияның оқу жоспарына Құранды оқыту курсын қосу ұсынысына: «...жастарды адастырмаңдар, партияға ондай қажет емес», - деп жауап берген.
Хизбутшылар ресми түрде Құранға негізделген адамгершілік құндылықтарды дәріптеуді алға тарта отырып, діннің атын жамылып экстремистік идеяларын жүзеге асырады. Мәселен 90-жылдары хизбутшылар Орталық Азияда, Әзербайжанда халифат орнатуды мақсат етті. 99-жылдары Ферғана облысында халифат орнату мақсатында Өзбекстан президенті Ислам Каримовке шабуыл жасаған болатын.
Партия – саяси өмірде діни нормаларды таратумен, мемлекеттің, құқық-қорғау органдарының ұстанатын ұстанымдарын және зайырлылық қағидарларын күпірлікке айыптайды. Себебі олар зайырлы принципті ұстанатын елдердің негізгі басқару жүйесін даруль харф, яғни тағут жүйесіне теңейді. Мұндай әдіс ұйымның жолын ұстанушыларының «кәпірлерге» қарсы «жихад» жариялауға түрткі болады. Бұл әдісті ДАИШ-та қолданады. Хизб ут-Тахрир ұйымының алғаш құрылғандағы мақсаты Палестинада халифат құру болды, ал 1979 жылы партия Орталық Азияға бағыт алды. 2006 жылы Ресейге «жихад» жариялап, 2003 жылы ресми түрде «қарулы жихад» жариялады.
Қорытындылай айтқанда, хизбутшылардың керітартпалық, мемлекетті және қоғамды тұрақсыздандыруға бағытталған, ислам дінінің атын жамылып, оның негізгі құндылықтарын бұрмалап түсіндіруді мақсат еткен қозғалыс екенін түсінген жөн. Зайырлылықты күпірлік деп айыптау, қарулы джихад ұғымы арқылы кез-келген мемлекеттің тыныштығын бұзатындығын қазіргі Сирия, Ливия, Ирак секілді мемлекеттердің жағдайынан көруге болады.
Сондықтан, «Хизб ут-Тахрир» ұйымының Қазақстан Республикасының аумағында таралуына тыйым салынуы еліміздің баяндылықта, бейбітшілік пен татулықта өмір сүруіне деген маңызды қадам болып табылады.
ҚР МСМ ДІК Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы
БАҚ-қа мониторинг бөлімінің ғылыми қызметкері
А.Т.Утемисов
Прокуратура органдары ішкі еңбек нарығын қорғауға бағытталған заңдарды қолдану (2013-2014 жылдар және 2015 жылдың 1-жартыжылдығы кезеңінде)мәселесі бойынша жоспарлы тексеру жүргізді.
Тексерумен жергілікті атқарушы органдардың «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) орындауы, сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар берудің заңдылығы қамтылды.
Бір портретті толық салып шығу үшін 2-3 сағат, кейде 2-3 күндей уақыт кетеді екен.

Суретші Мәулен Көпбаев қазақтың нар тұлғаларының портретін салып жүр. Қылқалам шебері үшін алғашында бұл жай ғана әуестік болса, қазір сол өнерін кәсіби деңгейге жеткізіп, классикалық бағытқа түбегейлі ден қойған.
Бір портретті толық салып шығу үшін 2-3 сағат, кейде 2-3 күндей уақыт кетеді екен.
«Түпкі нәтиже кейіпкердің келбетін айнытпай салудан емес, ішкі табиғатын тап басып, танудан білінеді».
Жас дарынның еңбектері ғаламторда көптің көңілінен шығып үлгерген.
Суретші 7 жылдың ішінде 2700 портрет салыпты. Бауыржан Момышұлы, Мұхтар Мағауин, Дінмұхаммед Қонаев, Қанапия Телжанов сынды майталмандардың суреті маңдай тердің арқасында дүниеге келген.
Бүгінгі өнер жұлдыздарынан Мәуленнің коллекциясында Бекболат Тілеухан, Мөлдір Әуелбекова мен Асылхан Төлеповтер бар.
Суретші туындыларын «Таңшолпаннан» тамашалаңыз.