Хизб ут-Тахрир ұйымының зайырлылыққа көзқарасы
Хизб ут-Тахрир діни партиясы 1953 жылы Шығыс Иерусалимде египеттік «Мұсылман бауырлар» немесе «Братья мусульмане» қозғалысының филиалы ретінде Тақуиддин ан-Набханидің бастамасымен жергілікті басқару жүйесіне қарсылық көрсету арқылы пайда болды. Ұйымның стратегиялық жоспарлау орталығы Лондон қаласында орналасқан.
Партияның идеялары көптеген мұсылман елдерінде оның ішінде Египетте, Иракта, Алжирде, Суданда, Иеменде, Иранда, Суданда, Пәкістанда және Ауғанстанда кең ауқымда таралған. Ұйым саяси доктринасының негізін Мұхаммед пайғамбар және оның төрт халифасы кезіндегі халфатты қайта құру идеясына негіздейді. Хизб ут-Тахрир ұйымы өздерінің саяси мүдделерін қасиетті Құранның әл-Имран сүресінің «Сендерден жақсылыққа шақыратын сондай-ақ дұрыстыққа қосып, бұрыстықтан тосатын бір топ болсын. Міне солар құтылушылар» деген аятынан дәлел келтіре отырып негізге алады.
Хизб ут-Тахрир партиясы діни ағым ретінде көптеген ерекшеліктері бар. Мәселен, дәстүрлі мазхаб ұстануды жоққа шығарады. Мазхаб ұстануға байланысты хизбутшылар ұйымның негізін салушы Тақи уд-дин ан-Набханидің пәтуаларын ұстанады. Сондай-ақ, діни сенімнің кейбір мәселелері. Мәселен «қабір азабы» түсінігін жоққа шығарады және тағдырдың алдын-ала жазылатындығын мойындамайды.
Хизб ут-Тахрир идеялық бағыты ұйымның негізін қалаушы Тақи уд-дин Набханидың «Ислам жүйесі», «Хизб ут-Тахрир концепциясы», «Исламның ережелері», «Исламдағы қоғам», «Исламдағы саясат» атты еңбектеріне негізделген.
Қазіргі таңдағы бүкіл адамзатқа төнген қауіптердің ішінде ДАИШ ұйымының идеологиясымен Хизб ут-Тахрир ұйымы арасындағы ұқсастықты байқауға болады. Оның бірі «бүкіл әлемдік халифат» құру идеясы. Мәселен қазіргі таңда ДАИШ ұйымының ұсталған содырларының көбісі Хизбут-Тахрир ұйымының құрамында болған содырлар. Себебі олардың негізі идеологиялық түпкі тамыры ұқсас. Ал бастауларын өзге топтардан алады. Мәселен ДАИШ өз бастауын ирактық «Аль Каида» ұйымынан алса, Хизб ут-Тахрир палестиналық «Мұсылман бауырлар» қозғалысынан алады. Ал Хизб ут Тахрирдың ДАИШ ұйымынан айырмашылығы өзін партия деп атауында. Хизб ут Тахрир ұйымының жарғысында олардың жұмысы оқыту, насихат жұмысы емес саясат деп нақты көрсетілген.Себебі, ұйымның негізін қалаушы Набхани партияның оқу жоспарына Құранды оқыту курсын қосу ұсынысына: «...жастарды адастырмаңдар, партияға ондай қажет емес», - деп жауап берген.
Хизбутшылар ресми түрде Құранға негізделген адамгершілік құндылықтарды дәріптеуді алға тарта отырып, діннің атын жамылып экстремистік идеяларын жүзеге асырады. Мәселен 90-жылдары хизбутшылар Орталық Азияда, Әзербайжанда халифат орнатуды мақсат етті. 99-жылдары Ферғана облысында халифат орнату мақсатында Өзбекстан президенті Ислам Каримовке шабуыл жасаған болатын.
Партия – саяси өмірде діни нормаларды таратумен, мемлекеттің, құқық-қорғау органдарының ұстанатын ұстанымдарын және зайырлылық қағидарларын күпірлікке айыптайды. Себебі олар зайырлы принципті ұстанатын елдердің негізгі басқару жүйесін даруль харф, яғни тағут жүйесіне теңейді. Мұндай әдіс ұйымның жолын ұстанушыларының «кәпірлерге» қарсы «жихад» жариялауға түрткі болады. Бұл әдісті ДАИШ-та қолданады. Хизб ут-Тахрир ұйымының алғаш құрылғандағы мақсаты Палестинада халифат құру болды, ал 1979 жылы партия Орталық Азияға бағыт алды. 2006 жылы Ресейге «жихад» жариялап, 2003 жылы ресми түрде «қарулы жихад» жариялады.
Қорытындылай айтқанда, хизбутшылардың керітартпалық, мемлекетті және қоғамды тұрақсыздандыруға бағытталған, ислам дінінің атын жамылып, оның негізгі құндылықтарын бұрмалап түсіндіруді мақсат еткен қозғалыс екенін түсінген жөн. Зайырлылықты күпірлік деп айыптау, қарулы джихад ұғымы арқылы кез-келген мемлекеттің тыныштығын бұзатындығын қазіргі Сирия, Ливия, Ирак секілді мемлекеттердің жағдайынан көруге болады.
Сондықтан, «Хизб ут-Тахрир» ұйымының Қазақстан Республикасының аумағында таралуына тыйым салынуы еліміздің баяндылықта, бейбітшілік пен татулықта өмір сүруіне деген маңызды қадам болып табылады.
ҚР МСМ ДІК Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы
БАҚ-қа мониторинг бөлімінің ғылыми қызметкері
А.Т.Утемисов
