Мазмұнға өту

Жаңа

Астанада Бақытжан Бұқарбайдың көрмесі ашылды

Елордада саясаттанушы, əуесқой суретші Бақытжан Бұқарбайдың көмір қарындаштың көмегімен салған графикалық суреттерінің көрмесі ашылды. Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан көрмеге автордың Шұбаркөл кен орнының 30 жылдығына арнаған 12 суреті қойылды.

Биыл Шұбаркөл тас көмір кен орнының ашылғанына 30 толып отыр. Автор графикалық еңбектерін не себепті кеншілер тақырыбымен байланыстырғанын былайша түсіндірді.

0
0
674

М.Жайымбетов: Қазақстанда жылу беру маусымы жоспар бойынша жүргізілуде

Қазақстанда жылу беру маусымы жоспар бойынша жүргізілуде, деді ОКҚ-да Құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және жер ресурстарын басқару жөніндегі комитет төрағасы Мархабат Жайымбетов. «Жылу беру маусымы 15 қазанда басталды, тек Оңтүстік Қазақстанда жоспар бойынша 1 қарашада басталды. Жылу беру маусымы біркелкі жүруде, біз өңірлермен байланыстамыз, күн сайын жағдайды барлап отырамыз. Тек кейбір ұсақ-түйек мәселелер бар, жел кезінде электр желілерінің ажырап кетуі сынды жұмыстарды жасаудамыз, бірақ, жалпы жылу маусымы тұрақты жүруде», - деді М.Жайымбетов. Комитет төрағасы желілердің ескіргендігін де айтып өтті. «Тағы бір мәселелердің бірі желілердің ескіруі. Жылу беру құбырларының 70 пайызын жаңғырту қажет, ал жалпы жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл жаңғырту жұмыстары аяқталған соң жұмысқ…

0
0
228

Қазақстанда жеке меншік мемлекеттік мекемелер кепілдендірілген мемлекеттік көмек көрсетеді — министр

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенова ҚР Парламенті Сенатының депутаттарына 2016-2019 жылдарға арналған денсаулық сақтау саласын дамытудың «Денсаулық» жаңа мемлекеттік бағдарламасын ұсыну барысында Қазақстанда жеке меншік мемлекеттік мекемелер кепілдендірілген мемлекеттік көмек көрсететіндігін айтты. Медициналық көмекті ұйымдастыру жүйесіндегі орталық буын медициналық санитарлық алғашқы көмек (әрі қарай – МСАК) болады. Оның аясында медициналық көмектің көлемі мен тегін амбулаторлық емдеуге арналған дәрілік заттар тізімін кезең-кезеңімен ұлғайту жоспарланып отыр. «МСАК-тың әмбебаптылығы әрі қарай адамның белгілі бір жас ерекшеліктерінің кезеңіне қарай ағзадағы өзгерістерін ескере отырып, аурулардың алдын алу басымдылығымен денсаулығын бақылауға негізделге…

0
0
493

Хизб-ут Тахрир ұйымы идеологиясының қаупі

Өздерін азат ету партиясы деп атайтын «Хизбут тахрир» партиясын көптеген елдердің құзырлы ұйымдары эсктремистік бағыттағы ұйым деп таныған. Бұл ұйымға 2005 жылы біздің елімізде де тыйым салынды. 1952 жылы негізі қаланған бұл топтың мақсаты – өз «Халифатын» құру. Ұйым көшбасшыларыныңтүпкі ойы саясатқа негізделгендіктен, олар өздерінің экстремистік идеясынжүзеге асыруға ұмтылады. Олар Қазақстан территориясына 1998 жылдан бастап ене бастап, қарапайым халықты билікке қарсы үгіттеп, ұйымның идеологиясын насихаттайтын парақшалары мен бейнежазбаларынбелсенді тарату жолында әрекет етуді бастады. Олар жекелеген елдерде әлеуметтік-экономикалық қиындықтарға байланыстытуындаған мәселелерді өз мүдделеріне ұтымды пайдаланып, діни, ұлтаралық және конфессияаралық алауыздыққажол беруге талпынады. Олар ұлт…

0
0
1685

Г.Әбдіқалықова: ҚХА елдегі қайырымдылық қызмет пен медиацияны дамытуды біріктіретін орталыққа айналады

ҚХА елдегі қайырымдылық қызмет пен медиацияны дамытуды біріктіретін орталық болады, ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Астанадағы «ҚР этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік басқару және жария саясаты: қоғамдық келісімді нығайту үшін басқару мен азаматтық қатынас технологияларын тұжырымдау» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда. «ҚХА елдің қайырымдылық қызметін біріктіруші орталыққа айналады. Бұл әлеуметтік түсінушілік пен достық, сенімділік тің өзара жүйесінің байланысы. Дауларды шешетін медиация орталығы құрылды. Астана және Алматы әкімдері, облыс әкімдеріне өңірлік достық үйлерінде медиация орталығын құру тапсырылды. Сондай-ақ, қоғамдық бақылау саласында жаңа әдістер қаралды, қазіргі таңда осы жұмысты 1722 қоғамдық келісімнің кеңесі атқаруда. Олар өңірлерде…

0
0
407

Қазақстандық зілтемірші Ниджат Рахимов Хьюстондағы ӘЧ «алтын» алды

Бұл медаль 2015 әлем біріншілігіндегі Қазақстанның алғашқы «алтыны».

77 кг дейінгі салмақта өнер көрсететін қазақ спортшысы Ниджат Рахимов америкалық Хьюстон қаласында өтіп жатқан ауыр атлетика бойынша әлем чемпионатында сенсациялық түрде «алтын» медаль жеңіп алды.

0
0
554

Санавиация қызметкерлері Киевтен Алматыға комаға түскен Қазақстан азаматын әкелді

Бүгін түнде Санитарлық авиацияның республикалық орталығының мобильдік бригадасы «Красный хутор» ауруханасында өкпенің жасанды желдетілуі аппаратында ауыр халде жатқан 1948 жылы туылған С. Қорласбаев атты Қазақстан азаматын «Терең кома. Мидың ісінуі» диагнозымен Киевтен Алматыға әкелді. Белгілі болғандай, С. Қорласбаев Киев қаласына қант диабеті мен оның асқынуы (аяқ диабеттік ангиопатиясы, диабеттік табан синдромы) сырқатынан өз қаражатына емделу үшін барған болатын. Украиндік медициналық қызметкерлер оның оң аяғын санның үштен бір ортасы деңгейінде кесіп алып тастаған. Аталған отадан соң С. Қорласбаев комаға түскен. Пациент стационар жағдайында әрі қарай қажетті медициналық көмек алу үшін Алматы қалалық №7 клиникалық емханасының жан сақтау бөліміне аман-есен жеткізілді. Естеріңізге сала…

0
0
295

«Әйел бақыты». «Селфи» ауру ма әлде әдет пе?

«Селфи» сөзі алғаш рет  Австралияда өткен интернет форумда  2002 жылы  қолданылған. 2012 жылы бұл сөз Оксфордтың сөздігіне енгізілген. Ал, Қазақстанға бұл «селфи» сөзі 2013 жылдан бастап қолданысқа енді.

Әлемдік деңгейдегі социологтар мен психологтардың айтуынша,  селфиге күніне 1-2 түсіп, өзінің қажетілігіне жаратса ол әдет,  ал,  егер 10 суреттен жоғары түссе ол аурудың бір түрі.

Күніне  20 фотодан артық түсіп, 6 селфиді желіге жүктесеңіз, тез арада дәрігерге қаралған жөн.

Мектеп оқушыларына селфи не үшін керек? Селфидің синдромы туралы толығырақ «Әйел бақытынан»тамашалаңыз.

0
0
903

«Таңшолпан» бағдарламасы байқау жариялайды!

Оған 14-24 жас аралығындағы әуесқой суретшілер қатыса алады.

Тәуелсіздік мерекесіне орай, «Таңшолпан» бағдарламасы сурет байқауын жариялайды. Оған 14-24 жас аралығындағы әуесқой суретшілер қатыса алады.

Ел мен жер тақырыбына арналған туындыларыңызды бағдарлама редакциясына жолдай аласыздар. Байқау 2-16 желтоқсан аралығында өтеді.

Толық ақпаратты 8 (717) 2 55 38 18 телефон нөмірі арқылы білуге болады.

0
0
1154

Мемлекеттік қызметтегі жемқорлықтың алдын алу – басты мақсат

Ағымдағы жылғы 24 қарашада СҚО Аймақтық оқыту орталығы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті демеуімен, «Мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлықты алдын алудың әлеуметтік-өнегелік қырлары» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді. Шара жұмысына АОО жетекшісі Т.В. Лебедева, облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бөлімінің басшысы Н.С. Жахин, СҚО прокуратурасы аппаратының басшысы А.А. Құсанов, «Нұр Отан» ХДП СҚОФ заңгері А.Қ. Қуандықова, облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі судьясы А.В. Зеньковский, аймақтық оқыту орталығының оқытушылары, сонымен қатар мемлекеттік қызметке және басшылық лауазымына алғаш қабылданған мамандар қатысты. Аталмыш кездесудің негізгі мақсаты – сыбайл…

0
0
493