Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Медицина қызметкерлеріне арналған семинар – кеңесі

Ағымдағы жылдың 24 қарашасында сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көріністеріне мүлдем төзбеушілік кағидатын қалыптастыру және ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі қызметінің  негізгі бағыттарын кеңінен жариялау мақсатында ШЖҚ «№5 қалалық емхана» МКК-ң қызметкерлеріне арналған семинар-кеңес өтті.

Семинар-кеңес барысында қатысушылар 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі бағыттарымен, Қылмыстық және Әкімшілік Кодекстердегі өзгерістерімен таныстырылды, сонымен бірге 1494 Кеңесші орталығы туралы мәлімет берілді.

Сонымен қатар, іс-шара қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнеролик көрсетіліп, «Мемлекеттік қызметтер алу кезіндегі менің құқығым», «Сыбайлас жемқорлықтан қалай қорғануға болады?» жаднамалары таратылды және толтыруға сауалнамалар ұсынылыды.

0
0
298

Осы тақырып бойынша

Медицина қызметкерлеріне арналған семинар – кеңесі - Yvision.kz