Мазмұнға өту

Жаңа

Илья Ильин Александр Зайчиковты жеңісімен құттықтады

Екі дүркін Олимпиада чемпионы Илья Ильин өзінің твиттер әлеуметтік парақшасында Александр Зайчиковты Әлем чемпионатында алтын медальға ие болуымен құттықтады.

«Александр Зайчиков 105 кг дейінгі салмақ дәрежесінде Әлем чемпионы атанды. Шын жүректен құттықтаймын!» - деп жазды спортшы.

Еске сала кетейік,  қазақстандық Александр Зайчиков Хьюстондағы Әлем чемпионатында 105 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медальға қол жеткізді.

 
0
0
374

«Сенбілік кездесуде» — Әбдімомын Желдібаев

Күйші, композитор, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Әбдімомын Желдібаевпен болған сұхбатты бүгін 21:00-де көріңіз.

Әйгілі күйші Әбдімомын Желдібаев сұхбаттарының бірінде: «Күйге адалдық пен тазалық керек. Осы екеуi болмаса тыңдаушылардың жүрегiне жетпейдi. Халтураның өмiрi қысқа. Күйлерiмдi жүз рет толғанып, қырық рет толғатып барып шығарамын. Мен өзiм бiттi деген жерден бiтедi. Iзденiсiм сонымен тоқтайды. Сыншылардың тiсiн батыра алмай жүргенi де содан болар»,-дейді.

Жетісу күйшілік мектебінің өкілі Әбдімомын Желдібаевтың  ел арасында кең танылған туындыларының бірі - «Ерке сылқым» күйі.

Күйдің шығу тарихы жөнінде күйші: «Бiз де бүгiнгi жастардай жiгiт болғанбыз. Бойдақтық өмiрдi бастан кештiк. Ауылдағы топ қыздардың арасынан жар таңдадық. Бұл күйдiң кейiпкерi өмiрде бар. Қайтейiн, тағдыр бiздi қоспады», - деп еске алады.

«Парасат» орденінің иегері, күйші-композитор Әбдімомын Желдібаевтың шығармасы өткен ғасырдың 70-ші жылдары дүниеге келсе де, бүгінде маңызын жоғалтқан жоқ.

Күйші туындыларының ерекшелігі турасында жақындары мен достарының лебізін бүгін Ұлттық арнадан сағат 21:00-де көре аласыздар.


0
0
1199

«Жемқорлық індет, оны жою міндет»

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда өскелең ұрпақпен жұмыс қағидатты маңызды рөл атқарады. Осыған орай, 2015 жылдың 25 қараша күні Орал қалалық №47 мектебінің 9 сыныптар арасында «Жемқорлық індет, оны жою міндет» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.

Сабақ жастардың бойында адамгершілік, сауаттылық, шыншылдық қасиеттерін арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Оқушылар түрлі мысалдар келтіріп, жағдайаттар шешу, әр түрлі сұрақтарға жауап беру арқылы сабаққа белсене қатысып, өздеріне керекті көптеген мағұлмат алды.

Тәрбие сағатында оқушыларға Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің консультанты Е.Т.Төлепқалиев дәріс оқыды.

Сонымен қатар, оқушыларға тақырыптық бейне таспалар көрсетілді.

 
0
0
1024

Мемлекеттік тіл – ұлт мәртебесі

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі Елбасымыз атап айтқандай, «барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы» екендігін  әрқашан есте сақтауымыз керек.

Ұлт болған жерде тіл, тіл болған жерде оның мәселесі де болады. Қазақ тілінің мәселесі өткен ғасырдың басынан бері қозғалып келеді. Бір ғасырдан астам уақытқа созылған тіл мәселесін жаңа ғасырдың алғашқы жиырма жылдығында түбегейлі шешуге мемлекет те мүдделі.

2020 жылға дейінгі мерзімге арналған мемлекеттік бағдарлама жасау – Елбасымыздың Үкіметке берген тікелей тапсырмасы. Бұл тапсырманы орындау әрбір мемлекеттік қызметшінің ғана емес, барша қазақстандықтардың да парызы. Мемлекеттік бағдарламаның басты стратегиялық мақсаты- Қазақстанда тұратын барлық ұлттардың тілін сақтай отырып, ұлт бірлігін нығайтудың маңызды факторы ретінде саналатын мемлекеттік тілді балабақша, мектеп, жоғары оқу орындары, мемлекеттік қызмет және қоғамдық-саяси, әлеуметтік кәсіпкерлік саласының барлығында да батыл қолданысқа енгізіп, қазақстандықтардың өмірлік қажетіне айналдыру.


Елбасымыз: «Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі» - деп атап көрсеткен.

Бағдарламаны іске асырудың он жылдық кезеңі алдымызға жаңа міндеттер жүктейді. Олардың бәрін рет-ретімен жүзеге асыруға қазіргі кезеңде толық мүмкіндігі бар.

Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілді дамыту бойынша біршама жұмыстар жүйелі түрде атқарылып жатыр.

Мысалы, прокуратура саласындағы қызметкерлерге мемлекеттік тілді үйрету сабақтары тұрақты түрде ұйымдастырылып жүргізілуде. Осы сабақтардың нәтижесінде қазақ тілін үйренген басқа ұлт өкілдері де бар. Қазіргі уақытта барлық құжаттар, іс-қағаздар  мемлекеттік  тілде орындалады.

Мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында іс-қағаздары мемлекеттік тілге көшіріле бастады. Қазақ тілінде  шығатын бұқаралық ақпарат құралдардың саны арта түсті.

Мемлекеттік тілге деген талап күшейтілді.


Кез келген тілдің болашағы - балалардың, жастардың қолында екені рас.  Балалардың тілді білмеуі, ұмытуы - ұлтқа төнген қауіп. Сондықтан ең әуелі әрбір отбасы өз шаңырағындағы тіл саясатын түзеуі шарт. Әр отбасында отбасылық тілді дамыту бағдарламасы жасалмаса, мемлекет тарапынан жасалатын барлық іс-шара өзін-өзі ақтамайды.


Сондықтан, қазақ тілінің тағдыры қазақтың өзінің қолында.

"ХҚКО" РМК-ның Жамбыл облысы бойынша филиалының Тараз қалалық №1 бөлімінің жетекші инспекторы Б.Ж. Ниязкулова

 
0
0
340

Азаматтардың конституциялық құқығын қорғау – әр полиция қызметкерінің міндеті»

2015 жылдың 19 қарашасында «Азаматтардың конституциялық құқығын қорғау – әр полиция қызметкерінің міндеті» тақырыбында Орал қалалық ІІБ-да семинар кеңес өткізілді.

Кездесу Орал қалалық ішкі істер басқармасының бастығы М.С.Габдуллиннің басшылығымен өткізіліп, өз сөзінде конституциялық құқықтарымен бостандықтарын қорғауға бағытталған осындай кездесулердің қажеттілігін атап өтті, олардың жедел-қызметтік ісі сақталуы мәселесі.

Полиция қызметкерлерімен азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтау және сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңес төрағасының м.а. М.С.Нұртазин полиция қызмекерлердің алдында сөз  сөйледі.

Осы мақсатта заңнамаларға мазмұнды өзгерістер енгізілуде, жаңа заңдар қабылдануда және мемлекеттік қызметшілердің этикалық кодексі жаңартылып, үлкейтілуде. Баяндамада азаматтардың конституциялық құқықтарының қамтамасыз етілуі, заңдылық және тәртіптіліктің жағдайы кеңестерде үнемі қаралып отыратындығы аталып өтті.

Шара аясында қатысушыларды құқық қорғау органдарында атестация өткізу, конкурс өткізу ерекшеліктері, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтары мәселесі қызу қызықтырып, қойған сұрақтарына жауаптар алды.

 

 
0
0
636

Мәдениет сыбайлас жемқорлыққа қарсы!

2015 жылғы 17 қараша күні департамент басшысының орынбасары - Тəртіптік кеңес төрағасының міндетін атқарушы Нұртазин Мирболат Сүйеуұлы  Қадыр Мырза Əлі атындағы мәдениет және өнер орталығының ұжымына дәріс жүргізді.

Мәдениет саласы ұрпақты адамгершілікке, рухани тұрғыда тәрбиелеуде ерекше орын алады.  Мәдениет қызметкерлері қоғамда рухани құндылықтарды қалыптастыруда маңызды рөлге ие. Осы мақсатта облысымызда мәдениет саласының қызметкерлерінің кәсіби шеберліктері ұдайы жетілдіру шаралары тұрақты түрде өткізіледі.

Өз баяндамасында дәріс оқуші сыбайлас жемқорлыққа жол берілмеу мақсатында келеңсіз жағдайдың алдын - алу үшін қандай іс - шаралар атқару керектігі жөнінде жан-жақты түсіндіріп,  толық ақпарат берді.

0
0
540

БҚО Халыққа қызмет көрсету орталығында жемқорлыққа орын жоқ

ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясында қолданылатын нысаналы индикаторлардың бірі ол мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасы, қоғамның мемлекеттік билік институттарына сенімі, халықтың құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыру болып табылады.

Осыған орай, ағымдағы жылдың 26 қараша күні БҚО халыққа қызмет көрсету орталығы ұжымымен сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша кездесу ұйымдастырылды. Кездесудесыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің консультанты Е.Төлепқалиев,ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясының іске асыру бойынша мағұлмат берді. Айтылған ақпарат қатысушылар тарапынан қызу талқыланып, олардың көптеген сұрақтарына жауаптар берілді және басты назар ҚР қылмыстық Кодексінің баптарндағы бара беру, пара алу, оған делдал болу және сыбайлас жемқорлық көріністерін хабарлаушыға қарастырылған материалдық көтермелеулерге тоқталды.

Іс-шара соңында қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтын алдан-алу мақсатында видео роликтер көрсетілді.

 

0
0
567

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, азаматтардың конституциялық құқықтары мен мүдделерін қорғау»

2015 жылдың 25 қараша күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Жоспарын іске асыру және «Қоғамдағы құқық бұзушылық және тәртіпсіздікке «нөлдік төзімділік» қағидатын қалыптастыру» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде «Заман» жастар қоғамдық бірлестігі Департаментпен бірлесіп, «Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, азаматтардың конституциялық құқықтары мен мүдделерін қорғау» тақырыбында конференция ұйымдастырды.

Шараның мақсаты – қоғамда құқық бұзушылықтарға, сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру.

Іс-шараға ректордың орынбасары А.Сұлтанов, облыстық прокоратурасының аға прокуроры А.Таспихов, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің консультанты Е.Төлепқалиев, БҚО ішкі саясат басқармасының бас маманы Е.Рахматуллин, «Заман» өндірушілер қауымдастығының төрайымы А.Туркина және жастар ұйымдарының мүшелері, студенттер қатынасты.

Қатысушыларға Әкімшілік және Қылмыстық Кодекстері нормаларының сақталуы, «нөлдік төзімділік» қағидатын қалыптастырудағы шетелдік тәжірибе, өскелең ұрпақты құқықтық және өнегелік тәрбиелеу мәселелері сонымен қатар, облыста үкіметтік емес ұйымдармен атқарылып жатырған жұмыстар туралы айтылды.

Азаматтардың заң талаптарын білмеу салдары құқықбұзушылыққа алып келетіні белгілі. Сонымен бірге, қазіргі замаңғы технологиялардың дамуы, мемлекеттік қызметті үйден шықпай алуға мүмкіндік береді. Ол үшін әр адам қазіргі замаңғы технологиялардың тілін білуі тиіс. Азаматтардың жан-жақты білімді болуы бұл уақыт талабы.

Конференцияны қорытындылай келе, әр адам қоғамда құқық бұзушылықтарға, сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға атсалысу керек екендігіне баса назар аударды.

Сондай-ақ қатысушыларға тақырыптық жаднамалар таратылып,  видеороликтер көрсетілді.

 

   
0
0
532

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-де «ҚР мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы жаңа заңнамаларын» түсіндіру тақырыбында дәріс өткізілді

БҚО бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаменті мен Жәңгір хан атындағы БҚАТУ арасындағы әлеуметтік іскерлік шеңберіндегі 2015 жылдың 26 қарашада Департамент өкілдерінің «Жергілікті мемлекеттік басқару» мамандығының 1-4 курс студенттерімен кездесу өткізілді. Кездесу кезінде Департамент басшысы орынбасарының – БҚО бойынша Тәртіптік кеңес Төрағасының м.а. М.Нұртазин «ҚР мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы жаңа заңнаманы» түсіндіру тақырыбында дәріс өткізді.

Сенімділік әңгімесі түрінде өткізілген дәріс кезінде жоғарғы оқу орнын бітірген жастардың мемлекеттік қызметке түсуі, мемлекеттік қызметшілердің шектеулерін реттейтін жаңа этикалық Кодекстің моделі жөнінде сұрақтар қойылды.

Сонымен, жаңа сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың ережелері, жастар арасында сыбайлас жемқорлық көріністеріне нөлдік төзбеушіліктің маңыздылығы және мемлекеттік қызмет өткерудегі мінез-құлық ережелерін сақтау мен қоғамдық жерлердегі моральды-этикалық нормалар жөнінде түсіндірілді. Студент жастарды конкурспен іріктеп алу, қызметті өткерудің ерекшеліктері, мемлекеттік қызметтегі қажетті мамандықтар бойынша білім алу, квазимемлекеттік сектордан және коммерциялық мекемеден мемлекеттік қызметке түсу, мемлекеттік қызметті тоқтату тәртібі туралы сұрақтар көп толғандырды.

Әңгімелесу тыңдаушылардың қызығушылығын арттырып жанды өткізілді. Дәріс қазақ және ағылшын тілдерінде слайд арқылы өткізілді. Іс-шараға Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-ның 31 студенті мен 5 оқытушысы қатысты.

 

 
0
0
1337

Е.Досаев: «Нұрлы жол» аясында көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту бойынша 15 жоба жүзеге асырылуда

«Нұрлы жол» аясында көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту бойынша 15 жоба жүзеге асырылуда, деді ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтың төрағалығымен селекторлық режимде өтіп жатқан кезекті отырыста.

««Көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту» бағыты бойынша 15 жоба жүзеге асырылуда, автомобиль жолдары саласында – 11 жоба, темір жол саласында – 2, су және әуе көлігі-2 жоба асырылуда. Негізгі «Нұрлы жол-Оңтүстік», «Нұрлы жол-Шығыс», «Нұрлы жол – Батыс»  бағыт пен өзге республикалық автожолдардың жөнделуіне бөлінген 178 млрд теңгенің 138 млрд теңгесі немесе 78 пайызы  2015 жылдың 1 қарашасында игерілді. 390 шақырым жол жөнделді», - деді министр.

«ҚР Инвестициялар және даму министрлігі жыл соңына дейін 40 млрд теңгені игеруі тиіс. Астана қаласы әуежайының құрылысы жобасы  үшін «Самұрық-Қазынадан» бөлінген  29 млрд теңгенің  12,5 млрд теңгесі игерілді. Алматы-Шу теміржол желісі жобасы бойынша бөлінген 8,3 млрд теңгенің 4,1 млрд теңгесі игерілді (49 %). Боржақты – Ерсай теміржол женлісі құрылысы жобасы бойынша бөлінген  6,7 млрд теңгенің 5,7 млрд теңгесі (85 %) игерілді», - деді министр.

ҚР ҰЭМ айтуынша, жоғарыда аталған жобалар бойынша «Самұрық-Қазына»ҰӘҚ» АҚ-ның еншілес компаниялары жыл соңына дейін 14,8 млрд теңгені игеруі тиіс және 2016 жылдың бірінші тоқсанында әуежайдың құрылысы бойынша 9 млрд теңгені игеруге міндетті.

«Астана қаласы әуежайының құрылысы жобасы  үшін «Самұрық-Қазынадан» бөлінген  29 млрд теңгенің  12,5 млрд теңгесі игерілді. Алматы-Шу теміржол желісі жобасы бойынша бөлінген 8,3 млрд теңгенің 4,1 млрд теңгесі игерілді (49 %). Боржақты – Ерсай теміржол женлісі құрылысы жобасы бойынша бөлінген  6,7 млрд теңгенің 5,7 млрд теңгесі (85 %) игерілді», - деді министр.

ҚР ҰЭМ айтуынша, жоғарыда аталған жобалар бойынша «Самұрық-Қазына»ҰӘҚ»АҚ-ның еншілес компаниялары жыл соңына дейін 14,8 млрд теңгені игеруі тиіс және 2016 жылдың бірінші тоқсанында әуежайдың құрылысы бойынша 9 млрд теңгені игеруге міндетті.

««Көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту» бағыты бойынша 15 жоба жүзеге асырылуда, автомобиль жолдары саласында – 11 жоба, темір жол саласында – 2, су және әуе көлігі-2 жоба асырылуда. Негізгі «Нұрлы жол-Оңтүстік», «Нұрлы жол-Шығыс», «Нұрлы жол – Батыс»  бағыт пен өзге республикалық автожолдардың жөнделуіне бөлінген 178 млрд теңгенің 138 млрд теңгесі немесе 78 пайызы  2015 жылдың 1 қарашасында игерілді. 390 шақырым жол жөнделді», - деді министр.

Сондай-ақ, ҚР Инвестициялар және даму министрлігіне жыл соңына дейін 40 млрд теңгені игеру мақсаты тұр.

Ақпарат көзі

 

0
0
402