Мазмұнға өту

Жаңа

«Нұрлы жол»: Таразда 42 отбасы пәтерге ие болды

Тараз қаласында «Бәйтерек» Холдингі, әкімдік пен «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ»АҚ өкілдері қатысуымен кілт тапсыру бойынша салтанатты іс-шаралар өтті, деп хабарлады «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ.

Бұл күні Тараз қаласының 42 отбасы жаңа пәтерлерге  ие болды. Тараз қаласының тұрғындары «Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша бірінші рет пәтер алғалы отыр. Жыл соңына дейін Тараз қаласында барлығы жалпы алаңы 28,5 мың шаршы метр 450 пәтер бөлінеді.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта Астана, Ақтөбе, Талдықорған және Тараз қалаларында  жалпы ауданы 28 мың ш.м. болатын  525 пәтерді бөлу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аталған пәтерлер бойынша кезекте тұрғандарға кілттерді тапсыруды ағымдағы айдың соңына дейін жүргізу жоспарлануда.

Ағымдағы жылы «Бәйтерек» Холдингі алдында Қазақстан бойынша ауданы 401 мың ш.м. немесе 7 мың пәтерді беру міндеттері тұр.

Қазіргі уақытта Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Көкшетау, Қостанай, Семей, Тараз, Қарағанды, Ақтау, Талдықорған және Павлодар қалаларында ауданы 245 мың ш.м. болатын 4 229 пәтер берілген. Жыл соңына дейін Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Қарағанды, Талдықорған, Тараз, Қызылорда, Ақтау, Өскемен, Семей қалаларында шамамен 3 мың пәтерді беру қосымша жүргізілетін болады.

Жалға берілетін тұрғын үйлер жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрған жас отбасылары, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, мемлекеттік қызметкерлер, көп балалы отбасылары, мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылары, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жетім балалар, толық емес отбасы, әскери қызметкерлер санатына жататындарға беріледі.

1 шаршы метрі үшін жалдау құны орташа есеппен Алматы және Астана қалаларында 1 120 теңгені құрайды, басқа аймақтарда 923 теңгеге дейін. Жалға берілетін тұрғын үйлер сатып алу құқығымен 20 жылға бастапқы жарнасыз беріледі. Осы мерзім өткеннен кейін жылжымайтын мүлік жалға алушының меншігіне өтеді. Тұрғын үйді 5 жылдық жалдау мерзімі өткеннен кейін қалдық сомасы бойынша сатып алуға болады.

Мемлекет басшысының 2014 жылғы қараша айындағы «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауында қолжетімді тұрғын үй құрылысына және қазақстандықтарды қолжетімді, сапалы, арзан үймен қамтамасыз етуде көзқарасты қайта қарастыруды тапсырған еді. Осыған байланысты ҚР Үкіметі Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын әзірледі, ол бағдарламада жалға берілетін тұрғын үйге ерекше назар аударылды.

Ақпарат көзі

 

0
0
401

Оңай. Так дальше продолжаться не может!

Перевозчики Алматы с каждым днем придумывают все новые методы, чтобы препятствовать работе новой системы сбора платежей за проезд «Оңай».

Если раньше они пробовали ломать терминалы, нагло выкидывать владельцев карточек или заставлять их платить повторно, то сейчас автобусники придумали новый метод, куда более хитрый.

Еду сейчас на 86 автобусе, водитель посадил кассира, который говорит, что проезд у них стоит 50 тенге, а с карточкой будете платить 80. И все пассажиры с ними рассчитываются за проезд по 50 тенге.

— Сауле

Но почему они это делают? Почему никто не разбирался в этом? Где заявления от перевозчиков, в которых мотивированно объясняются причины, почему они бойкотируют новую систему? Ничего ведь нет.

Публичная и цивилизованная дискуссия между двумя несогласными сторонами — это не про нас. Бессмысленность и беспощадность. Одни замалчивают недостатки, другие так же молча устраивают протест. Протест, в котором страдают все. И инициаторы, и перевозчики, и пассажиры.

Новая система — безусловный прогресс. Но если она объективно ущемляет все стороны — тиын ей цена. Пришло время открыто разобраться в противоборстве: перевозчикам озвучить аргументированные претензии, а транспортному холдингу — прийти к компромиссу.

Халық жағдайы қалыпты

Елімізде тұрғындардың тұрмыстық-әлеуметтік жағдайын көтеруге айрықша мән берілуде. Осы мақсатта әр саланың жұмысын жандандыруға бағытталған бірқатар мемлекеттік бағдарламалар табысты жүзеге асып келеді. Шүкір делік!

 

Әлемнің көптеген елдері дағдарысқа ұшырып, экономикалық-әлеуметтік тұрғыда түрлі қиындықтарға тап болып жатқаны белгілі. Ал біздің еліміз түрлі жаһандық сын-қатерлерге қарамастан, халық жағдайын жақсартуға арналған мемлекеттік бағдарламаларды жүйелі жүзеге асырып, ары қарай жандандыруда. Айталық, келесі жылдан бастап елімізде денсаулық сақтау саласын дамытуға бағытталған мемлекеттік «Денсаулық» бағдарламасы қанат қағатын болды. Бұл жөнінде таяуда ғана ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеме жасап, аталмыш бағдарламаның мақсат-міндеттерін жұртшылыққа кеңінен түсіндірді.

- Алдыңғы мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысында Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінің әлеуеті нығайтылды, нарықтық меxанизмдердің элементтері енгізіліп, заманауи медициналық теxнологиялардың трансферті жасалды. Аталған бағдарлама қол жеткізген нәтижелерді бекітуге және дамытуға, денсалықты қорғау мәселелерін жаңа қауіп-қатерлерге сай шешуге бағытталған, – деді министр өз сөзінде.

Қазақстандықтардың игілігі үшін жарық көргелі отырған жаңа бағдарлама аясында отандық медицина саласындағы мәселелерді шешу көзделген. Осы бағыттағы іс-шараларды ойдағыдай іске асыру үшін ел қазынасынан қыруар қаражат та бөлінді. Бұл – бір ғана мысал. Сол сияқты өзге салаларда да оң өзгерістер мен тың жобалар қолға алынуда. Осының бәрі – ел дамуының кепілі екені сөзсіз.

Тағы бір жаңалық – келесі жылдан бастап елдегі бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын көтеру жоспарланып отыр. Яғни, қазіргі таңда елімізде еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі енгізілуде. Сол бойынша 2016 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап елдегі қызметкерлердің еңбекақысы санаттарына байланысты көтерілмек. Мәселен, білім беру саласындағылардікі 15-29%-ға, денсаулық сақтау саласы өкілдерінің жалақысы 7 – 28%-ға, ал әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт және өзге де салаларда қызмет істейтін жұмыскерлердікі шамамен 15-40%-ға дейін өседі деп күтілуде. Осы мақсатқа бюджеттен 272,6 миллиард теңге көлемінде қаражат қарастырылған екен.

Осылайша, біздің елімізде қызметкерлерге, жалпы халыққа деген мемлекеттік қолдау жылдан-жылға жандануда. Яғни, халық жағдайы қалыпты деген сөз. Ал әлемнің кейбір алпауыт елдерінде керісінше, тұрғындардың күнкөрісі төмендеп, қиын жағдайлардың орын алып жатқанын бұқаралық ақпарат құралдарынан жиі еститін болдық. Өкінішті!

Бұл ретте, қазақстандықтар бүгінгі байқуатты өміріне шүкірлік етіп, мемлекеттік саясаттың өте сауатты, жоғары деңгейде жүзеге асып жатқанын бағалай білгені абзал.

Сайып келгенде, мұның бәрі Мемлекет басшысының салиқалы саясаты мен мемлекеттік бағдарламалардың жемісі!

Анара Ислямова

 

0
0
973

Соңғы жылдары Қызылорда облысында балық өнімін өңдеу көлемі екі есеге көбейді (ФОТО)

«Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» (САРАТС) жобасының бірінші кезеңінің сәтті аяқталуы облыстың балық шаруашылығының дамуына үлкен мүмкіндіктер жасады, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Соңғы 3 жылда балық аулау көлемі 35 пайызға, Кіші Арал теңізі бойынша 47 пайызға өсті. 2014-2015 жылдары балық өңдеу көлемі 2 есеге көбейді. Биылға балық аулау лимиті өткен жылмен салыстырғанда 25 пайызға (6725-тен 8 391 тоннаға)  ұлғайды. Соның ішінде, Кіші Арал теңізі бойынша 30 пайызға көбейіп, Балхаш көлінен ауланатын балықтың көлеміне жетті.

Аталған мүмкіндіктерді облыста балық шаруашылығы саласын дамытуда ұтымды пайдалану үшін «Балық консорциумы» құрылған болатын. Консорциумның басты мақсаты ауланған балықтың барлығын облыстан тек қана өңделген түрінде шығаруды ұйымдастыру.

Өңірдің балық шаруашылығын дамытуға қатысты өткен мәжілісте облыс әкімі Қ.Көшербаев сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Атап айтқанда, Аралдан өңделмеген балық шығарылмауы тиіс. Заңсыз балық аулаумен күресті күшейту керек деп қатаң тапсырды. Сондай-ақ, балық шаруашылғына ең алдымен жергілікті тұрғындарды тарту арқылы, оларды жұмыспен қамту мәселесін шешу қажеттігі де айтылды.

«Облыста жылдық қуаттылығы 11 мың тонна болатын 8 балық өңдеу зауыттарымызда әлі күнге дейін шикізатпен толық қамтамасыз ету мәселесі шешімін таппай отыр. Балық өңдеу кәсіпорындарының тек 2-уі ғана өнімдерін Еуропаға экспорттай алады. Осы жылдың 9 айында Кіші Арал теңізіне белгіленген лимиттің тек, 19 пайызы ғана Еуропа және ТМД елдеріне экспортталған. Балық өнімдерінің экспортын 50 пайызға жеткізуіміз керек», - деді Қ.Көшербаев.

Жыл басынан бері облыс бойынша 422 табиғат заңдылығын бұзушы анықталып, келтірілген залал 3 млн. 157 мың теңгені құрайды. Бұл өткен жылмен салыстырнғанда 6 есеге артқан деген мәліметті облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Ғалымжан Орақбаев келтірді.

Осы орайда облыс әкімі ішкі істер органдарының басшыларына жауапты инспекциямен бірлесіп жұмыс істеуді тапсырды.

«Балық шаруашылығы Арал өңірінің экономикасымен қатар, әлеуметтік жағдайына тікелей әсерін тигізіп отырған сала. Арал ауданында еңбекке жарамды 31 200 адамның 2 261 жұмыссыздар қатарында. Осыған қарамастан, Кіші Арал теңізінен балық аулауға жұмысшылар басқа өңірлерден келіп жұмыс істеуде. Бұл ешкімге жасырын емес. Ең алдымен жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етіп алуымыз керек», - деді облыс әкімі.

Алдағы 5 жылда САРАТС-2 жобасы жүзеге асады. Жобаның жалпы құны – 23,2 млрд. теңге. Осы арқылы Арал теңізінің солтүстік бөлігіндегі және өзен сағасындағы жалпы ауданы 34 мың гектар болатын көлдер суға толады.

Ақпарат көзі

 

0
0
1675

Швейцарияда мәңгі жасыл желектермен көмкерілген 117 метрлік тұрғын үй салынбақ

АСТАНА. ҚазАқпарат – Инновациялық экологиялық құрылымдармен айналысатын итальяндық сәулетші Стефано Боэри Швейцарияның Лозанна қаласында биіктігі 117 метр болатын тұрғын үй салмақ, деп хабарлайды шетелдік БАҚ.

Бұл үй мәңгі жасыл ағаштармен көмкерілген әлемдегі алғашқы ғимарат болады.

La Tour des Cedres (“Кедрлер мұнарасы”) деп аталатын 36 қабатты ғимаратта жүзден астам ағаш, 6 мың бұта мен 18 мың түрлі өсімдіктер өсетін болады. Жалпы көлемі үш мың шаршы метр жасыл аумақ қамтылмақ.

Өсімдіктер үйді желден, шаң мен шудан қорғайды деп күтілуде.

http://gbpp.org/kz/2015/11/12270

 
1
0
385

СҚО мектептері биоотынға көшті

Қызылжар ауданындағы Якорь және Асанов ауылдарының оқу ордалары осы жылдан бастап сабан жаға бастады.

Жылу қазандықтарын мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында өз қаржысына кәсіпкер орнатып беріпті. Бекітілген тариф бағасы екі есе арзан.

Якорь орта мектебінің мұғалімдері мен оқушылары қытымыр қысты қуана қарсы алды. Білім ордасы отын – көмірден бас тартып, сабан жаға бастады. Бұл оқу ғимаратын, шағын орталық пен интернатты толық жылытып отыр.

Елена Машинец, Якорь орта мектебі директорының орынбасары:

- Биоотын 3 есе арзанға түсіп отыр. Былтыр 450 тонна көмір жағатынбыз. Бұл – шамамен 4 млн теңге. Сондықтан қазандықтың тиімділі айтпаса да, түсінікті. Жылу қазандығы 800 градусқа дейін қызады. Әрі мектептегі температураны өзі реттейді. Биопешке тәулігіне 5 рет сабан салынады. Екі орам сабан жарты тонна көмірді алмастырады. Ең бастысы шөп қалдықсыз жанады. Әрі күлі аз қалады. Осындай бір қазандық 13 млн теңге тұрады. Биопеш әзірге екі мектепке орнатылды. Мамандар әрқайсысына 20 жыл кепіл беріп отыр.

Берік Аюпов, Қызылжар аудандық білім бөлімінің басшысы:

- Осы қазандықтың тиімі өте жақсы. Біріншіден көмір жағынан, екіншіден жұмысшылардың саны азайды. Үшіншіден экологиялық тиімі бар.

Жоба экономикалық жағынан да, экологиялық жағынан да тиімді. Шенеуніктер мен кәсіпкерлер келесі жылы жылу қазандықтарын тағы 3 мектепке орнатуды жоспарлап отыр.

http://gbpp.org/kz/2015/11/12267

 
1
0
391

ҚР ДСӘДМ қызметтік міндеттерін орындау барысында зардап шеккен медициналық қызметкерлердің өмірін сақтау үшін барлық қажетті шараларды қолдануда

Қазіргі таңда қызметтік міндеттерін орындау барысында зардап шеккен Алматы қаласы жедел медициналық көмек стансасының дәрігерлеріне барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде.

Оқиға ағымдағы жылдың 26 қарашасында 03 сағат 25 минутта Алматы қаласы «Таугүл» ықшамауданында шақыру бойынша келген жедел көмек бригадасының дәрігері мен фельдшеріне медициналық көмек көрсету кезінде қастандық жасалған. Зардап шеккендер №7 қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілді. Мұнда  оларға дәрімен емдеу шаралары жүргізіліп, ота жасалды.

Қазір дәрігердің жағдайы өте ауыр, фельдшердің халі қанағаттанарлық деп бағалануда.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенова медициналық көмек көрсету барысында азаматтар тарапынан дәрігерлерге қатысты көрсетілетін мұндай іс-әрекеттерге жол берілмеуі тиіс деп есептейді.

«Бұл өрескел заң бұзушылық! Медициналық жедел-жәрдем көмегінің қызметкерлері әрдайым адамның өмірін сақтау үшін барлық жағдайды жасайды. Жекелеген азаматтардың заңға қайшы іс-әрекеттерінің нәтижесінде медициналық қызметкерлердің өміріне қауіп төндіретін фактілер ешбір жағдайда жазасыз қалмауы тиіс. Құқық қорғау органдары тек аталған жағдайда ғана емес, қызметтік міндеттерін орындау барысында дәрігерлердің зардап шеккен барлық фактілері бойынша айыпты адамдарға қатысты қатаң шаралар қолдануы қажет деп есептеймін», - деп атап айтты Тамара Дүйсенова.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласында жыл басынан бастап қызметтік міндеттерін орындау барысында зардап шеккен дәрігерлердің 18 жағдайы тіркелген.

 
0
0
291

EXPO-2017 көрмесіне 54 ел қатысуға ниетті

Бүгінгі таңда EXPO-2017 көрмесіне 54 мемлекет пен 11 халықаралық ұйым қатысуға ниет білдірген.

29 секция комиссары бекітіліп, көрмеге қатысатын 12 елмен келісімшартқа қол қойылыпты. Қазір еліміздің Сыртқы істер министрлігі әлемнің 149 мемлекеті мен 38 халықаралық ұйымға арнайы шақырту жіберген.

http://gbpp.org/kz/2015/11/12264

 
1
0
235

Ауыр атлетика. Әлем чемпионатында Алмас Өтешев — күміс, Жасұлан Қыдырбаев қола медаль иеленді

Айта кетейік, 2014 жылдың қараша айында Алматыда өткен Әлем чемпионатында Жасұлан Қыдырбаев 408 (179+229) келіні бағындырып, чемпион атанған еді.

АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтіп жатқан Ауыр атлетикадан Әлем чемпионатында 94 келіге дейінгі салмақ санатындағы жарыс аяқталды.

Тартысты өткен сайыста Алмас Өтешев екі жаттығудың нәтижесінде 402 келіні (172, 230) бағындырып - күміс, ал Жасұлан Қыдырбаев 399 (178, 221) келі көтеріп, қола медальді иеленді. Алмас бірінші мүмкіншілігінде 220, одан кейін 230 келіні еркін еңсерген еді. Алайда, үшінші мүмкіншілігінде 234 келіге тапсырыс беріп, оны көтере алмады.

Жасұлан болса, бірінші жолы 221 келіні еркін бағындырғанымен, екінші және үшінші мүмкіншілігінде 231 келіні еңсермеді. Әлем чемпионы атағы қос сайыста 405 келіні көтерген беларусь Вадим Стрельцовқа бұйырды.

Айта кетейік, 2014 жылдың қараша айында Алматыда өткен Әлем чемпионатында Жасұлан Қыдырбаев 408 (179+229) келіні бағындырып, чемпион атанған еді.


0
0
296

Ауыр атлетика. ӘЧ-2015. Жазира Жаппарқұл — күміс медаль иегері

АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтіп жатқан Ауыр атлетикадан Әлем чемпионатында 69 келіге дейінгі салмақ санатындағы әйелдер арасындағы жарыс өз мәресіне жетті.

Бұл жарысқа еліміздің атынан екі спортшы қатысқан болатын. Жазира Жаппарқұл жұлқа көтеру сайысында 116 келіні бағындырып, төртінші орынға табан тіресе, Майя Манеза небәрі 100 келіні ғана бағындыра алды. Ал, екінші серпе көтеру сайысында Жазира - 140 келі, Майя - 135 келі көтерді.

Қос сайыстың нәтижесінде 256 ұпай жинаған Жазира Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанса, 235 келіні бағындырған Майя үздік ондыққа ілікті.

Әлем чемпионы атағы екі сайыста 263 келі көтерген қытайлық Сян Янмейге бұйырса, ресейлік Анастасия Романова қола медальді қанағат тұтты.

 
0
0
655