Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-де «ҚР мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы жаңа заңнамаларын» түсіндіру тақырыбында дәріс өткізілді

БҚО бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаменті мен Жәңгір хан атындағы БҚАТУ арасындағы әлеуметтік іскерлік шеңберіндегі 2015 жылдың 26 қарашада Департамент өкілдерінің «Жергілікті мемлекеттік басқару» мамандығының 1-4 курс студенттерімен кездесу өткізілді. Кездесу кезінде Департамент басшысы орынбасарының – БҚО бойынша Тәртіптік кеңес Төрағасының м.а. М.Нұртазин «ҚР мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы жаңа заңнаманы» түсіндіру тақырыбында дәріс өткізді.

Сенімділік әңгімесі түрінде өткізілген дәріс кезінде жоғарғы оқу орнын бітірген жастардың мемлекеттік қызметке түсуі, мемлекеттік қызметшілердің шектеулерін реттейтін жаңа этикалық Кодекстің моделі жөнінде сұрақтар қойылды.

Сонымен, жаңа сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың ережелері, жастар арасында сыбайлас жемқорлық көріністеріне нөлдік төзбеушіліктің маңыздылығы және мемлекеттік қызмет өткерудегі мінез-құлық ережелерін сақтау мен қоғамдық жерлердегі моральды-этикалық нормалар жөнінде түсіндірілді. Студент жастарды конкурспен іріктеп алу, қызметті өткерудің ерекшеліктері, мемлекеттік қызметтегі қажетті мамандықтар бойынша білім алу, квазимемлекеттік сектордан және коммерциялық мекемеден мемлекеттік қызметке түсу, мемлекеттік қызметті тоқтату тәртібі туралы сұрақтар көп толғандырды.

Әңгімелесу тыңдаушылардың қызығушылығын арттырып жанды өткізілді. Дәріс қазақ және ағылшын тілдерінде слайд арқылы өткізілді. Іс-шараға Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-ның 31 студенті мен 5 оқытушысы қатысты.

 

 
0
0
1300

Осы тақырып бойынша

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-де «ҚР мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы жаңа заңнамаларын» түсіндіру тақырыбында дәріс өткізілді - Yvision.kz