«Жемқорлық індет, оны жою міндет»

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда өскелең ұрпақпен жұмыс қағидатты маңызды рөл атқарады. Осыған орай, 2015 жылдың 25 қараша күні Орал қалалық №47 мектебінің 9 сыныптар арасында «Жемқорлық індет, оны жою міндет» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Сабақ жастардың бойында адамгершілік, сауаттылық, шыншылдық қасиеттерін арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Оқушылар түрлі мысалдар келтіріп, жағдайаттар шешу, әр түрлі сұрақтарға жауап беру арқылы сабаққа белсене қатысып, өздеріне керекті көптеген мағұлмат алды.
Тәрбие сағатында оқушыларға Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің консультанты Е.Т.Төлепқалиев дәріс оқыды.
Сонымен қатар, оқушыларға тақырыптық бейне таспалар көрсетілді.
