БҚО Халыққа қызмет көрсету орталығында жемқорлыққа орын жоқ
ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясында қолданылатын нысаналы индикаторлардың бірі ол мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасы, қоғамның мемлекеттік билік институттарына сенімі, халықтың құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыру болып табылады.
Осыған орай, ағымдағы жылдың 26 қараша күні БҚО халыққа қызмет көрсету орталығы ұжымымен сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша кездесу ұйымдастырылды. Кездесудесыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің консультанты Е.Төлепқалиев,ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясының іске асыру бойынша мағұлмат берді. Айтылған ақпарат қатысушылар тарапынан қызу талқыланып, олардың көптеген сұрақтарына жауаптар берілді және басты назар ҚР қылмыстық Кодексінің баптарндағы бара беру, пара алу, оған делдал болу және сыбайлас жемқорлық көріністерін хабарлаушыға қарастырылған материалдық көтермелеулерге тоқталды.
Іс-шара соңында қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтын алдан-алу мақсатында видео роликтер көрсетілді.

