Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, азаматтардың конституциялық құқықтары мен мүдделерін қорғау»

2015 жылдың 25 қараша күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Жоспарын іске асыру және «Қоғамдағы құқық бұзушылық және тәртіпсіздікке «нөлдік төзімділік» қағидатын қалыптастыру» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде «Заман» жастар қоғамдық бірлестігі Департаментпен бірлесіп, «Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, азаматтардың конституциялық құқықтары мен мүдделерін қорғау» тақырыбында конференция ұйымдастырды.

Шараның мақсаты – қоғамда құқық бұзушылықтарға, сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру.

Іс-шараға ректордың орынбасары А.Сұлтанов, облыстық прокоратурасының аға прокуроры А.Таспихов, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің консультанты Е.Төлепқалиев, БҚО ішкі саясат басқармасының бас маманы Е.Рахматуллин, «Заман» өндірушілер қауымдастығының төрайымы А.Туркина және жастар ұйымдарының мүшелері, студенттер қатынасты.

Қатысушыларға Әкімшілік және Қылмыстық Кодекстері нормаларының сақталуы, «нөлдік төзімділік» қағидатын қалыптастырудағы шетелдік тәжірибе, өскелең ұрпақты құқықтық және өнегелік тәрбиелеу мәселелері сонымен қатар, облыста үкіметтік емес ұйымдармен атқарылып жатырған жұмыстар туралы айтылды.

Азаматтардың заң талаптарын білмеу салдары құқықбұзушылыққа алып келетіні белгілі. Сонымен бірге, қазіргі замаңғы технологиялардың дамуы, мемлекеттік қызметті үйден шықпай алуға мүмкіндік береді. Ол үшін әр адам қазіргі замаңғы технологиялардың тілін білуі тиіс. Азаматтардың жан-жақты білімді болуы бұл уақыт талабы.

Конференцияны қорытындылай келе, әр адам қоғамда құқық бұзушылықтарға, сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға атсалысу керек екендігіне баса назар аударды.

Сондай-ақ қатысушыларға тақырыптық жаднамалар таратылып,  видеороликтер көрсетілді.

 

   
0
0
471

Осы тақырып бойынша