Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Азаматтардың конституциялық құқығын қорғау – әр полиция қызметкерінің міндеті»

2015 жылдың 19 қарашасында «Азаматтардың конституциялық құқығын қорғау – әр полиция қызметкерінің міндеті» тақырыбында Орал қалалық ІІБ-да семинар кеңес өткізілді.

Кездесу Орал қалалық ішкі істер басқармасының бастығы М.С.Габдуллиннің басшылығымен өткізіліп, өз сөзінде конституциялық құқықтарымен бостандықтарын қорғауға бағытталған осындай кездесулердің қажеттілігін атап өтті, олардың жедел-қызметтік ісі сақталуы мәселесі.

Полиция қызметкерлерімен азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтау және сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңес төрағасының м.а. М.С.Нұртазин полиция қызмекерлердің алдында сөз  сөйледі.

Осы мақсатта заңнамаларға мазмұнды өзгерістер енгізілуде, жаңа заңдар қабылдануда және мемлекеттік қызметшілердің этикалық кодексі жаңартылып, үлкейтілуде. Баяндамада азаматтардың конституциялық құқықтарының қамтамасыз етілуі, заңдылық және тәртіптіліктің жағдайы кеңестерде үнемі қаралып отыратындығы аталып өтті.

Шара аясында қатысушыларды құқық қорғау органдарында атестация өткізу, конкурс өткізу ерекшеліктері, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтары мәселесі қызу қызықтырып, қойған сұрақтарына жауаптар алды.

 

 
0
0
593

Осы тақырып бойынша

Азаматтардың конституциялық құқығын қорғау – әр полиция қызметкерінің міндеті» - Yvision.kz