Мазмұнға өту

Жаңа

Балалардың көнілді күлкісі – сыбайлас жемқорлық күресудің бір түрі

Ағымдағы жылдың 4 желтоқсанында №30 орта жалпы білім беретін мектебінің ғимаратында №30 және №10 мектептерінің оқушылары арасында КТК ойыны өткізілді. Мереке мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл БҚО бойынша департаменті бастамасымен 9 желтоқсан – сыбайлас жемқорлықпен халықаралық күрес күніне арналып ұйымдастырылды.

Мектеп қатысушылар мен қонақтарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұрандар айту флешмобын көрсетумен қарсылады.

КТК талантты жастардың беделді халықаралық қоғамдық қозғалысы екені жасырын емес. КТК ойындарына қатысу өскелең ұрпақтың театрлық шығармашылығы мен зияткерлік дамуына, эстетикалық тәрбиелеу мен нәтижелі демалуға ықпал етеді. Оның КТК қатысушыларына ғана емес, көрермендерге де үлкен әсері бар.

Ойын шарттарына сәйкес командалар сәлемдесу және көрермендер мен қазылар алқасы тарапынан қойылған сұрақтарға жауап береді. Бірінші болып сахнаға №30 мектептің командасы шығып, алғашқы минуттан-ақ ұтымды әзілдері және шебер ойнауларымен көрерменнің жанарын жаулап алды. Ескере кететін жағдай, команда құрамы республикалық ойындардың жеңімпаздарынан құралған. Одан әрі №10 орта жалпы білім беретін мектебінің оқушылары жалғастырып, олар да әдемі ойын көрсете білді. Ойын барысында командалар арасында бейне бір үлкендердің ойындарындағыдай бәсекелестік пен бақталастық байқалып тұрды.

Ойын соңында Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің басшысы В.Масимова қорытынды сөз сөйлеп, Департамент атынан ойынға қатысушыларға алғыс білдіріп, дипломдар және естелік сыйлықтар табыс етті.

0
0
593

Дұрыс қарым-қатынас жасаудың жолдары. Екінші дәріс

Күлімсіреудің пайдасы

Адамдар «күлімсіреп» жүру дегенге  әртүрлі көзқараспен қарайды. Мысалы, «Күлімсіреу шынайы болу керек, егер ішімізде ит үріп жатса, қалай шынайы күлімсірейміз?», «голливудтық өтірік жымиюдан асқан жағымсыз нәрсе жоқ», «американдық күлімсіреу – бұл екіжүзділіктің шыңы». Бұл күлімсіреуге қатысты біз жиі еститін қыңыр пікірлердің бір бөлігі ғана.

Иа, шынында да Америкада біздің елімізге қарағанда «күлімсіреп» жүретін адамдар өте жиі кездеседі. Бірақ бұл басқа әңгіме. Ең бастысы, осы сабақтың сізге берер кеңесі әлемнің барлық жерінде өз нәтижесін беретініне сенімдіміз. Толығырақ...

 
0
0
2115

Презентация музыкального детского сборника песен «Елің үшін самға»

В Алматы состоялась презентация музыкального детского сборника песен «Елің үшін самға», созданного в рамках Национального отбора I Международного детского песенного конкурса «Bala Turkvizyon».

Идея создания детского песенного сборника «Елің үшін самға» принадлежит Фонду Алии Назарбаевой «Жандану әлемі». Сборник «Елің үшін самға!» является одним из первых в истории культурной жизни нашей страны, написан молодыми казахстанскими композиторами и авторами-песенниками, а исполнили музыкальные композиции юные исполнители из 16 регионов страны.


Композиции нового сборника – о любви к родному краю, об ее истории и детской дружбе. Авторы уверены, что они пополнят репертуар и станут хорошим подспорьем для учителей музыки.

Все песни уже прозвучали на Гала-концерте в сентябре этого года в Астане, в Алматы эти песни прозвучали на Благотворительном концерте, который прошел 6 декабря во Дворце студентов им. У. Жолдасбекова. Специально для этого организаторы пригласили в Алматы детей – финалистов Национального отбора Международного детского песенного конкурса «Bala Turkvizyon».

0
0
892

«Менің елім»

Қазіргі таңдағы азаматтық қоғамды қалыптастыруда маңызды мақсаттардың бірі  Елбасы Н.Ә.Назарбаев ұсынған «Ұлт жоспары - 100 нақты қадам» бес институционалды реформасын іске асыру болып табылады.

Қазақстандық біртектілікті нығайту этностараралық және конфессияаралық келісім негізінде шешу аса қажетті, яғни қоғамда тұрақтылықты қамтамасыз ету маңызды мәселелердің бірі болып табылады.

Осы орайда, бұл мәселелерді шешуге сөзсіз мемлекетпен азаматтық сектордың күшімен өз елінің тарихын құрметтеу және Қазақстан азаматы ретінде ел алдындағы өзінің жауапкершілігін сезінуді санасына енгізу маңызды.

2015 жылдың 27 қарашасында үкіметтік емес сектор, мемлекеттік органдар мен волонтерлық (еріктілер) ұйымдар өкілдерінің қатысуымен конструктивті пікір алмасу мақсатында, Батыс Қазақстан облысы Азаматтық альянс диолог алаңы негізінде, қазақстандық біртектілікті нығайту мәселелері  бойынша дөңгелек үстел өтті.

Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің басшысы В.Масимова өз баяндамасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда азаматтық қоғам институттарының алатын орны маңызды екендігіне тоқталып,  дөңгелек үстелге қатысушылардың сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік қағидаты мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға кең жағдай жасайтын Ашық келісімге қол қоюға мүмкіндік бар екендігін атап өтті.

 

 
0
0
435

«Менің елім»

В настоящее время одной из значимых целей в процессе формирования гражданского общества в Казахстане является реализация Плана нации – 100 конкретных шагов в рамках пяти институциональных реформ Главы государства Н.Назарбаева.

Укрепление казахстанской идентичности на основе межэтнического и межконфессионального согласия является весьма востребованной к решению  задачей, так как является важным составляющим обеспечения стабильности в обществе.

В этом вопросе несомненно требуется консолидация усилий государства и гражданского сектора в решении задач по укреплению сознания населения нашей страны как гражданина РК, уважающего историю своей страны - Казахстан и признающего свою ответственность за ее благополучие.

В целях конструктивного обмена мнениями по вопросу укрепления казахстанской идентичности на базе диалоговой площадки Гражданского альянса ЗКО 27 ноября 2015 года проведено заседание «круглого стола» с участием представителей неправительственного сектора, волонтерских организаций и государственных органов.

В своем выступлении руководитель отдела антикоррупционного просвещения и взаимодействия с общественностью Департамента Масимова В.Н. отметила важную роль институтов гражданского общества в формировании антикоррупционной культуры и обратила внимание участников на возможность подписания Открытого соглашения, которое даст широкие возможности для сотрудничества  по созданию атмосферы нетерпимости к любым проявлениям коррупции и формирования антикоррупционной культуры в обществе.

0
0
273

Батыс Қазақстан облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы

2015 жылдың 2 желтоқсанында Батыс Қазақстан облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясында «ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясының басты бағыттары» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.

Шара барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаментінің қызметкері Е.Төлепқалиев Стратегияның басты міндеттер мен мақсаттары және оның іске асуы туралы мәлімет беріп, облыс көлемінде анықталған сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша ақпарат берді. Сондай-ақ қатысушылардың сұрақтарына жауаптар беріліп, тақырыптық видеороликтер көрсетілді.

0
0
548

«Бәріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз»

1992 жылдың аяғында БҰҰ Бас Ассамблеясы мүгедектер он жылдығының (1983-1992) аяқталуына орай желтоқсан айының 3-і мүмкіндігі шектеулі жандардың халықаралық күні деп жариялады. Осыған орай, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі БҚО бойынша департаментінің қолдауымен, Орал қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі және облыстық мүгедектер ұйымымен бірлесіп, Деркул кентіндегі «Орал» сауықтыру кешенінде мүмкіндігі шектеулі жандар арасында спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды.

Шараның басты мақсаты – Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауын жүзеге асыру, мүгедектерге ыңғайлы спорт түрлерін дамыту және қабілеттіліктерін арттыру, дене шынықтыру және спортты насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады.

Жарыс спорттың волейбол, шахмат, дойбы, пауэрлифтинг және үстел тенисінен өткізіліп оған барлығы 100 ден астам адам қатысты.

Әрине, бұл күнді мереке деп атауға болмайды алайда, мүмкіндіктері шектеулі жандардың толық қамтамасыз етілуі және қоғамдық өмірге тең құқықты араласу керек екендігін айқындатады. «Халықаралық мүмкіндіктері шектеулі жандар күні» - бұл осы санаттағы адамдарға жасалғандарды қорытындылап, олардың қазіргі деңгейі мен қажеттіліктеріне сараптама жасау және олардың өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған жоспарларды анықтау күні болып табылады.

Мүмкіндігі шектеулі жандардың халықаралық күні - осы бір тумысынан өмірдің азабын тартқан жандарға тағы бір көз қырымызды салып, жанына желеу болуға мүмкіндік жасайды.

Шара соңында жеңімпаздар мен қатынасушыларға естелік сыйлықтар табыс етілді.

Одан бөлек, Департамент тұрақты негізде қарттар мен азқамтылғандарға және жетім балаларға қол үшін беріп, қайырылымдық акцияларын ұйымдастыруда. Жыл басынан бері департамент әртүрлі қайылымдылық акцияларға қатысты. Мысалы, «Мектепке жол» акциясы, сонымен қатар, «Мейірім» облыстық мамандарылған балалар үйі, отбасы үлгісіндегі балалар ауылы, жалпы үлгідегі қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесіне қайырымдылық көмектер көрсетілді.

0
0
1807

«Шал» драмасын көріңіз

Режиссері – Ермек Тұрсынов.

Бұл фильм Эрнест Хемингуэйдің «Шал мен теңіз» шығармасының желісі бойынша түсірілген. Бірақ, мұнда оқиға теңізде емес, сайын далада өтеді.

Туындыда  шал мен келіні және немересінің өмірі бейнеленеді. Фильмнің идеясы «Адамды өлтіруге болады, бірақ, оның рухын жеңе алмайсың», дегенге саяды.

Ерболат Тоғұзақов, Орынбек Молдахан, Исабек Әбілмәжінов басты кейіпкерлерін сомдаған фильмді бүгін Ұлттық арнадан сағат 23:10-да тамашалай аласыздар.


0
0
701

«Бәрекелді!» әзіл-сықақ кешін көріңіз!

Бүгін сағат 18:40-та тамашалай аласыздар.

Кезінде көпшілік тамсана қызықтаған, бүгінде сағынышқа айналған «Тамаша», «Бауыржан шоу» театрларының актерлары бас қосып, «Бәрекелді!» атты жоба ашқан болатын.

Алғашқы кеште тұрмыстық тақырыптағы әзілдер айтылып, адам мінезіндегі мін-кемшілік көрсетілді, тілдік ахуалдың түйткілі де нысанаға алынды.

«Қуандық пен Бақыт» театры, Мұқаметжан Мырзакеев (Гитеке), Асқар Наймантаев, Алмат Сақатов, Жанатбек Бәйтеков,  Нұржан Тұтов, «Күлкістан» театры, Бауыржан Орда мен Кенжебек Шайқақ қатысқан әзіл кешін бүгін Ұлттық арнадан сағат 18:40-та тамашалай аласыздар.


0
0
464

Ұлттық арнада — «Әндер мен жылдар» кеші

Бүгін 15:10-да көре аласыздар.

Бүгінгі хит ән, жылдар өткен соң да маңыздылығын жоғалтпай, жүректерде сақталары анық. Біреудің бала кезі, біреудің жастық шағы, енді біреулердің орта жасқа келгендегі өмір белестерімен сәйкес келген әндер әлі де көңілден кеткен емес.

Дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан «Әндер мен жылдар» кешінің мақсаты – айтар ойы бар, көрерменнің көңілін дөп басқан қазақ әндерін халыққа кеңінен насихаттау.

Концерттің құпиясы сол, мұнда аға буын да, жастар да өнер көрсетеді. Бүгін 15:10-да Ұлттық арнадан көріңіз.

     
0
0
698