Жаңа
«Қазақтың ақсақалы қайда кеткен?»
Көшпелі халық өркениетінде батагөй ақсақал, дана қариялардың орны бөлек болған. Жеке адам, әулет, ұлыс пен ұлт алдында қандай күрделі мәселе тұрса да көпті көрген, турашыл, не нәрсенің де байыбына барып әділ шешім шығаратын тайпа көсемдерінің тоқ етер сөздеріне жүгініп отырған. Жаугершілік заманда рубасыларға айтпай, олармен кеңеспей ештеме де істелмеуші еді. Ескіде сол дана қарттар күнделікті тіршіліктің, төрт түлік малмен байланысты шаруашылықтың барлық қыр-сырларын жетік білетін. Алқалы жиында дат айтып, хандар мен бектердің құтын қаштырып толғауы тоқсан даулы мәселеге ұрымтал шешім шығаратын. Далалық сот жүйесін түзген алқалы билер де кілең абыройлы ақсақалдардан, шариғат білімпаздарынан тұратын. Қарасақал, қабасақал жастардың төрге озуы, шаршы топта төрелік айтуы мүлдем сирек кездесетін жағдай еді. Түріктің көпбөлімді шытырман оқиғалы көркем фильмдерінде ықтиярлар, немесе ақ шаштылар деген аса ықпалды топ туралы әңгіме көп айтылады. Алғашқыда Осман империясы дәуірін ғана қамтыған тарихи құпия елбилеуші топ бейнесі кейінде бір мың жыл, ал сонан соң екі мың жылдық ескі тарихқа ғұмыр ұзартты. Бас киімін еш тастамаған, шашын әркез сүннет бойынша тақырлап алдыртып жүрген бабалардың шашы ақ-қарасын көп ешкім біле бермеген, алайда төгілген күміс ақ сақалы бар ойлы қарияны кез-келген жан бірден аңғарып, құрметке бөлеген, төрден ысырылып тиесілі орнын берген. Сақ, ғұн, көне түркі заманынан бері тартып ондаған мың жылдық қадым тарих көшінде ел тағдыры тізгінін қолдарына берік ұстаған Анақарыстар, Тоныкөктер мен Қорқыттар, Асан Қайғылар мен Бұқар жыраулар жалғыз болмаған, қағандар мен бектердің төңірегіне тығыз топтасқан аса құпия билеуші топ ақсақалдары ондап, тіпті кейде жүздеп саналған. Әрқайсысының тек өзіне лайық орыны бар дана қариялар ешқашан жеке бастың қамын күйттемеген, Мәңгілік Ел болудың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған. Дербес Ел болған бүгінгі таңдағы ең үлкен мәселенің бірі де сол, Елбасыға әділ кеңес беретін, жазатайым жаңылыс қадам басса дереу оны тоқтатып, датын айтып түзеттіретін, тура жолға сілтейтін данышпан ақсақалдардың құпия кеңесі институты жоқтығы. Елі жоқ Елбасы жетім. Кеңесін құп алып, шариғи сөзіне мақұл дейтін Ардақты Ақсақалы жоқ Ел жетім. Мәңгілік Ел боламын десең Ақсақалыңды түзе, қаймана қазақ!
https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=1659934844263342&id=100007405276528
Ұлттық арнада — «Көк айдаһар атты тостақ» драмасы
Режиссері -Джей-гон Сон.

«Көгілдір айдаһар» деп аталатын кішкентай кесе ежелгі Минь әулеті дәуірінен бері келе жатқан ыдыс-аяқтың бірі еді.
Құштарлық пен қызыққа толы тартысты оқиға осы кішкентай кесеге байланысты өрбиді. Ол ыдыстың не қасиеті бар? Бүгін 01:05-те Ұлттық арнадан «Көк айдаһар атты тостақ» драмасын көріңіз.
Фильмде басты рөлдерді Хан Сок Кю, Ким Хэ Су, Шин Дон Хо, Пак Вон Сан сомдайды.
«Жайдарман». «Туған күн – 2015»
Бүгін 22;40-та Ұлттық арнадан көре аласыздар.

Жазда «Қазақстан КВН Одағының» 10 жылдық мерейтойына орай «Туған күн – 2015» республикалық арнайы жобасы өткен болатын. Мұндай жобаны ұйымдастыру жыл сайын дәстүрге айналған.
Ойынның басты ерекшелігі — соңғы төртжылдықтың чемпиондары мен Жоғары лигада өнер көрсетіп жүрген командалар бірігіп сайысқа түседі.
Сайыскер командалар:
- «ҚазҰУ құрамасы » және «Жаснар»
- «Назар аудар» және «Сағыз»
- «Экспресс» және «Күлтегін»
- «Аралас» және «Қармақшы құрамасы» болып бірікті.
Әзіл кешіндегі түрлі қызыққа тағы бір батамын десеңіз, бүгін 22:40-та Ұлттық арнаны қосыңыз!
Маңғыстауда жұмысшы жастар бас қосты
Бүгін яғни 04 желтоқсан күні Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Жас Отан» Жастар Қанаты Маңғыстау облыстық филиалы, облыстық кәсіподақтар орталығы және «Келешек» кәсіподақ жастар қанаты бірлесе ұйымдастыруымен Маңғыстау облысының 1-нші жұмысшы жастар форумы өтті.
«Санаулы күндерден кейін біз азаттық туын желбіретіп, Тәуелсіз Мемлекет атанғанымыздың 25 жылдығына аяқ басамыз. Бұл – тәуелсіздікті нығайту жолындағы өлшеусіз еңбегіміздің ширек ғасырлық белесін қорытындылайтын мерейлі сәт. Тәуелсіздікті баянды ету – оған қол жеткізуден де қиын. Мемлекеттігіміздің тұғырын мызғымастай нығайта түсу үшін бізге әлі талай өткелі күрделі, өкпегі көп бұралаң жолдардан өтуге тура келеді. Алдымызда аса күрделі қиын кезең күтіп тұр. Біріміз – бәріміз үшін, бәріміз – біріміз үшін деген қағиданы ұстанып, еңбек етуге тиіспіз». – Бұл кешегі Елбасының сөзі. 30 – ншы қараша күні Нұрсұлтан Әбішұлы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты дәстүрлі жолдауында барлық жасалып жатқан дүниелер сіздер үшін, жастар үшін деп баса айтты. Форум жолдау жолдаған бағыт бағдарды жеткізуден басталады.
Шара мақсатының тағы бір тұсы: Мемлекеттік жастар саясатының жұмысшы жастары арасында жүргізілуін арттыру, білікті жас мамандардың қоғамдағы рөлін насихаттап, олар арқылы кәсіпорындарда идеологиялық жұмыстарды жүргізіп, еңбек дауларының алдын алуға жағдай жасау.
Форум 2 бөлімге бөлінді.
- Бірінші бөлімнің күн тәртібіндегі мәселелер:
ü Елбасының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты жолдауын және «100 нақты қадам» ұлт жоспарын жастар арасында насихаттау;
ü Маңғыстау облысында жұмысшы жастармен атқарылып жатқан жұмыстар;
ü Кәсіпорын ұйымдарының еңбек қатынастарында алатын орны мен маңызы, кәсіподақтардың жастармен атқаратын жұмыс бағыттары;
ü «Келешек» кәсіподақ жастар қанатының қоғамдағы рөлі;
ü Жаңа «Жас мамандар кеңесінің» ашылуын жариялау;
ü Биылғы үздік жұмысшы жастарды марапаттау;
- Форумның екінші бөлімі тек қана жастарға арналған «Жаңа еңбек кодексі – жаңа мүмкіндіктер» атты семинары.
Шараға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Рақымбек Маршалұлы Әміржанов, «Нұр Отан» партиясы МОФ – ның сайлау алды тұғырнаманы жүзеге асыру және бақылау бөлімінің басшысы Гүлнәр Сейтқазықызы Нұрахметханова арнайы қонақ ретінде қатысты. Басқа да аудандық, қалалық «Жас Отан» ЖҚ бөлімше басшылары, «Келешек» кәсіподақ жастар қанатының мүшелері, Жастар ұйымдарының басшылары қатысты.
Өз кезегінде Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Бауыржан Орынбайұлы, Маңғыстау облысы кәсіподақтар орталығының төрағасы Жанабеков Қайрат Құттыбайұлы, «Болашақ» бағдарламасының түлегі Себасов Марат Бақбергенұлы сөз сөйлеп, маңызды әңгімелермен ақпараттандырды.
Форум барысында Ақтау қаласында орналасқан ең ірі екі мекеме жанынан жас мамандар кеңесінің тұсауы кесіліп, төрағалары тағайындалды. Олар: «Каспий Битум» ЖШС жанынан құрылған жас мамандар кеңесінің төрағасы Абзал Садуақасұлы Нұржанов, «Ақтау магистралды газ құбырлары басқармасы Интергаз Орталық Азия» акционерлік қоғамы жанынан жас мамандар кеңесінің төрайымы Сұлтанова Айжан Абайқызы тағайындалды.
2 сағатқа созылған форумда үздік жұмысшы жастар марапатталып, ҚР Президенті жанындағы адам құқығы жөніндегі комиссия мүшесі, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры – Е.Н.Нұрғалиеваның жастарға арнаған семинар тренингімен жалғасты.
Бірінғідай «Жас Улан» балалар мен жас өспірімдер ұйымы
«Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі (бұдан әрі – «Жас Ұлан») Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған Қазақстан Республикасы балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық ұйымы болып табылады.
«Жас Ұлан»
Бірінші мақсаты
өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру.
30.11.15 Солтүстік Қазақстан обыласында 1500 балалар "Жас Қыран" ұйымына қабылдаған.
Балалар муғалімдерге,ата-анасына патриоттық ант берді.
Балаларды тұнғыш президент күнімен Солтүстік Қазақстан обласынын "Жас Ұлан"балалар мен жасөспірімдер ұйымын төрағасы Дархан Теміртас құттықтауға келді.
Нидерланд Премьер-Министрі Марк Рюттенің Қазақстанға сапары екіжақты ынтымақтастықтың жоғары деңгейін растады – СІМ
Гаага қаласында (Нидерланд Корольдігі) қазақстандық-нидерланд СІМ-аралық консультациялары болып өтті, деп хабарлады Қазақстанның сыртқы саясат ведомствосы.
Іс-шараға Қазақстандық тараптан ҚР СІМ жауапты хатшысы Анарбек Қарашев, нидерландық тараптан Нидерланд СІМ Ұйымдық-әкімшілік жұмыс жөніндегі бас директоры Маргарет Хансинк қатысты.
Мемлекет басшысының тапсырмаларын, Қазақстан экономикасына тікелей инвестициялар салу көлемі бойынша 4-ші орынды иемденетін Нидерланд мәртебесін ескере отырып, кездесу барысында тараптар сыртқы саяси ведомстволарының инвестициялар тартудағы және сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдетудегі рөлін, дипломаттарды халықаралық экономикалық ұйымдарға, жетекші «ақылмандар» орталықтарына және басқа құрылымдарына сабақтас ауыстыру мүмкіндігін талқылады.
Нидерланд тарапы Қазақстанның әлемнің 30 дамыған елінің қатарына кіру ұмтылысына жәрдем көрсетуге дайын екенін білдірді.
«Консультациялар барысында жақында өткен Нидерланд Премьер-Министрі Марк Рюттенің Қазақстанға ресми сапарының қорытындысы талқыланды, бұл сапар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың жоғары деңгейін растады. Тараптар сыртқы саяси ведомстволардың әкімшілік қызметін ұйымдастыру, кадр әлеуетін дамыту, халықаралық мамандарды даярлау, шет елдердегі мекемелердің жұмыс тиімділігін бағалау және т.б. мәселелер бойынша пікір алмасты», - делінген хабарламада.
А. Қарашев нидерландық әріптестерге Мемлекет басшысының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауының негізгі ережелерімен, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жария еткен бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының шеңберінде Қазақстанның қол жеткізілген қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық даму деңгейімен, сондай-ақ «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық барысымен таныстырды.
М. Хансинк дипломатиялық қызмет жүйесін жаңғырту және кәсіптік дипломатиялық кадрларды қалыптастыру бойынша Нидерланд тәжірибесі туралы айтып берді.
Тараптар өзара мүддені білдіретін әртүрлі мәселелер бойынша СІМ-аралық консультациялар практикасын жалғастыруға уағдаласты.
Қазақстан делегациясы ЮНИДО Бас конференциясының 16-шы сессиясына қатысты
2015 жылғы 30 қараша — 4 желтоқсан аралығында Венада БҰҮ Өнеркәсіптік даму ұйымы (ЮНИДО) Бас конференциясының 16-шы сессиясы өтті. ҚР СІМ хабарлағандай, сессия жұмысына өнеркәсіп, сауда және сыртқы істер министрлері, халықаралық ұйымдар басшылары, Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілдер және экономикалық сарапшылар қатысты.
Мүше-мемлекеттер 2013 жылы өткен соңғы Бас конференция барысында қабылданған және 2030 жылға дейін даму күн тәртібінің №9 Орнықты даму мақсатының негізін құраған Инклюзивті және орнықты даму бойынша Лима декларациясының іске асыруына жоғары баға берді. Инклюзивті және орнықты индустриалды даму бойынша форум барысында сарапшылар қауымы инклюзивті және орнықты индустриалды даму қағидаттары 2030 жылға дейінгі күн тәртібінің мақсаттарына қол жеткізудің маңызды элементтері болады деген пікір айтты.
Өзінің Бас конференция қатысушыларына араналған үндеуінде Қазақстан делегациясы Лима декларациясын іске асыру жөніндегі ЮНИДО басшысының есебін жағымды бағалап, Қазақстанның инклюзивті және орнықты индустриалды дамуға қосатын үлесі туралы ақпараттандырды, соның ішінде «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты, «ЭКСПО-2017», KazAid дамуға ресми көмек агенттігін және Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымын құру жоспарлары, «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы және т.б. аталды.
Бас конференция шегінде ағымдағы ынтымақтастық жағдайын талқылау мақсатында ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов және ЮНИДО Бас директоры Ли Юнның кездесуі орын алды. Бас конференцияның Қазақстан үшін нақты нәтижесі Қазақстан Республикасының үкіметі мен ЮНИДО арасындағы өнеркәсіптік даму қорына нысаналы жарналар туралы әкімшілік келісімге қол қою болды. Әкімшілік келісімге Қазақстан Үкіметі және ЮНИДО арасындағы ынтымақтастық туралы бірлескен декларация негізінде Қазақстан Республикасын индустриялық дамыту жөніндегі 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көзделген Қазақстан Үкіметінің экономиканы индустрияландыру жөніндегі күш-жігеріне жәрдемдесу үшін ЮНИДО сараптамалық білімдерін тарту мақсатында қол қойылды.
Сонымен бірге, Бас конференция шеңберінде Тұрақты Өкілдік және «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы «ЭКСПО-2017» көрмесін барынша насихаттау акциясын өткізді. БҰҰ Венадаға бөлімшесінің орталық холлы Ротундада «ЭКСПО-2017»-ге арналған көрме ұйымдастырылды. Оны бес мыңға жуық адам тамашалауға мүмкіндігі болды. Оның үстіне сарапшылар қауымы «Орнықты индустриализация және бірлесіп өркендеу үшін инновациялық хабтардың рөлі» атты сайд-ивент барысында халықаралық көрменің орнықты энергетика дамуындағы рөлін талқылады.
Сыбайлас жемқорлық балалардың көзқарасымен.
Ағымдағы жылғы 02 желтоқсанда облыстық Шаймардан Сариев атындағы өнер музейінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен 9 желтоқсан Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай мектеп оқушыларының арасында «Сыбайлас жемқорлық балалардың көзқарасымен» атты көрме өткізілді.
Көрме сыбайлас жемқорлық мәселесіне назар аудару, сыбайлас жемқорлықтың әрбір салдарына мүлдем төзбеушілік ахуалын туғызу мақсатында өткізілді.
Көрмеге 100-ге жуық оқушының 111 жұмысы қойылды. Олардың ішінен «үздік жұмыс» номинациясы бойынша Кіші өнер академиясының оқушысы - Елемесов Диас, «мағыналы жұмыс» номинациясы бойынша Аққыстау орта мектебінің оқушысы – Жұмабекова Зере Асхатқызы және «көрермендер көзаймы» номинациясы бойынша – Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектебінің оқушысы – Елеусін Жанна таңдалды.

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізі 2016 жылдың аяғына қарай толықтай жұмыс жасайтын болады
«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізі 2016 жылдың аяғына қарай толықтай жұмыс жасайтын болады, деп хабарлады ҚР Инвестииялар мен даму министрігі.
Бұл шешім ҚР Үкіметінің 12.02.2014 жылғы №81 қаулысымен бекітілген болатын. Бұл масштабты нысанның тапсырылуындағы кешігу қаржыландыру көзіне байланысты. осыған байланысты алдымен Есеп комитетінің отырысында, кейінде бірқатар БАҚ-нда жобаның жүзеге асырылуы қыл үстінде және құрылыс белгіленген мерзімдерде аяқталмайды деген мәлімдемелер жасалды.
«Бастапқыда жобаны жүзеге асыру қаржыландырудың алуан көздерін, атап айтқанда концессия, инвестицияларды және т.б. қарастыру негізінде жоспарланған болатын. Реализация реконструкции участков транспортного коридора Көзік дәлізінің «Алматы-Қорғас», «Шымкент-Ташкент», «Шымкент-Жамбыл облысының шекарасы» учаскелерін жүзеге асыру концессиялық негізде жасалмақ болып жоспарланған еді, алайда, ықтимал концессионердің болмауынан 2013 жылы ҚР Үкіметі қаржыландыру көздерін өзгертіп, халықаралық қаржы институттарын тарту жөнінде шешім қабылданды. Осы себептермен жобаны аяқтау мерзімі 2016 жылға ауыстырылды», - делінген хабарламада.
«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізін жүзеге асырудың әзірленген техникалық-экономикалық негіздемесіне (ТЭН) сәйкес Үлкен Алматы Айналма Автомобиль Жолының (ҮАААЖ) құрылысын аяқтаған соң оны аталмыш дәлізбен қосу көзделген (учаскенің ұзақтығы 32 км).
«Бүгінде ҮАААЖ бойынша консцессионерді анықтау жөніндегі конкурстық ресімдер жүргізілуде, ал құрылыс жұмыстары келесі жылға жоспарланған», - теп түсіндірілген.
ҮАААЖ-ға шығатын учаске негізгі дәлізге қарамайды. Құрылыс аяқталғаннан кейін ол «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізі мен Үлкен Алматы Айналма Автомобиль Жолының қосылуы ретінде пайдаланылатын болады
ҮАААЖ-ға шығу құрылысы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» дәлізінің толыққанды пайдалана берілуіне ешқандай кедергісі болмайды.
Жобаны жүзеге асыру барысында, күтілетін жүк тамалын ескере отырып, жаңа «Нұр Жолы» өтпе пунктін салу жөнінде шешім қабылданды. ҚР Заңнамасына сәйкес оны салу мен оған инвестиция тарту кеден органдарының құзіретіне қарайды. «Аталған құзіреттер ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде болған жоқ. Инвестициялардың болмауы себебінен және құрылыс үдерісінің басталуының кешігуіне байланысты 2015 жылы ҚР ИДМ-нің бастамасымен ҚР қолданыстағы Заңнамасына Министрліктің өтпе пунктын салу және инвестициялар тарту жөніндегі құзіретін қамтамасыз ету жөніндегі өзгерістер енгізілді. Мұнымен қоса Министрлік өтпе пунктін салуға инвестор тарту жөнінде келіссөздер жүргізілді. Нәтижесінде инвестор болып «EurotransitTerminal» ЖШС белгіленді. Бүгінгі күнге құрылыс жүргізу үшін жер учаскелері инвесторға берілді, олар қазір жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу үстінде», - деп ведомстводан хабарлады.
Естеріңізге сала кетейік, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізін жүзеге асыру 2009 жылы Мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша басталған болатын. Жоба бойынша жалпы жолдың 2 452 км-рі қайта салынады, оның 1390 км-рі I техникалық санатты 4 жолақты қозғалысқа арналған (Қытайдың шекарасындағы Қорғастан Қызылорда қаласына дейін) және 1062 км-рі II тех. санатта болады (Қызылорда қаласынан Ақтөбе облысының Мәртөк кентіне дейін). Дәліздің жалпы ұзақтық бойындағы 1079 км-рі (Қорғастан Түркістанға дейін) цемент-бетон жамылғымен салынады. 2009 жылдан 2014 жылға дейінгі кезеңде Ресей Федерациясының шекарасынан Шымкент қаласына дейін, оның ішінде бұл жол Жамбыл, Ақтөбе, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары арқылы өтетін жалпы ұзақтығы 1884 км жол бойында қозғалыс ашылған болатын.