Батыс Қазақстан облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы
2015 жылдың 2 желтоқсанында Батыс Қазақстан облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясында «ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясының басты бағыттары» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.
Шара барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаментінің қызметкері Е.Төлепқалиев Стратегияның басты міндеттер мен мақсаттары және оның іске асуы туралы мәлімет беріп, облыс көлемінде анықталған сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша ақпарат берді. Сондай-ақ қатысушылардың сұрақтарына жауаптар беріліп, тақырыптық видеороликтер көрсетілді.

