Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Бәріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз»

1992 жылдың аяғында БҰҰ Бас Ассамблеясы мүгедектер он жылдығының (1983-1992) аяқталуына орай желтоқсан айының 3-і мүмкіндігі шектеулі жандардың халықаралық күні деп жариялады. Осыған орай, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі БҚО бойынша департаментінің қолдауымен, Орал қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі және облыстық мүгедектер ұйымымен бірлесіп, Деркул кентіндегі «Орал» сауықтыру кешенінде мүмкіндігі шектеулі жандар арасында спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды.

Шараның басты мақсаты – Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауын жүзеге асыру, мүгедектерге ыңғайлы спорт түрлерін дамыту және қабілеттіліктерін арттыру, дене шынықтыру және спортты насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады.

Жарыс спорттың волейбол, шахмат, дойбы, пауэрлифтинг және үстел тенисінен өткізіліп оған барлығы 100 ден астам адам қатысты.

Әрине, бұл күнді мереке деп атауға болмайды алайда, мүмкіндіктері шектеулі жандардың толық қамтамасыз етілуі және қоғамдық өмірге тең құқықты араласу керек екендігін айқындатады. «Халықаралық мүмкіндіктері шектеулі жандар күні» - бұл осы санаттағы адамдарға жасалғандарды қорытындылап, олардың қазіргі деңгейі мен қажеттіліктеріне сараптама жасау және олардың өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған жоспарларды анықтау күні болып табылады.

Мүмкіндігі шектеулі жандардың халықаралық күні - осы бір тумысынан өмірдің азабын тартқан жандарға тағы бір көз қырымызды салып, жанына желеу болуға мүмкіндік жасайды.

Шара соңында жеңімпаздар мен қатынасушыларға естелік сыйлықтар табыс етілді.

Одан бөлек, Департамент тұрақты негізде қарттар мен азқамтылғандарға және жетім балаларға қол үшін беріп, қайырылымдық акцияларын ұйымдастыруда. Жыл басынан бері департамент әртүрлі қайылымдылық акцияларға қатысты. Мысалы, «Мектепке жол» акциясы, сонымен қатар, «Мейірім» облыстық мамандарылған балалар үйі, отбасы үлгісіндегі балалар ауылы, жалпы үлгідегі қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесіне қайырымдылық көмектер көрсетілді.

0
0
1767

Осы тақырып бойынша

«Бәріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз» - Yvision.kz