Балалардың көнілді күлкісі – сыбайлас жемқорлық күресудің бір түрі
Ағымдағы жылдың 4 желтоқсанында №30 орта жалпы білім беретін мектебінің ғимаратында №30 және №10 мектептерінің оқушылары арасында КТК ойыны өткізілді. Мереке мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл БҚО бойынша департаменті бастамасымен 9 желтоқсан – сыбайлас жемқорлықпен халықаралық күрес күніне арналып ұйымдастырылды.
Мектеп қатысушылар мен қонақтарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұрандар айту флешмобын көрсетумен қарсылады.
КТК талантты жастардың беделді халықаралық қоғамдық қозғалысы екені жасырын емес. КТК ойындарына қатысу өскелең ұрпақтың театрлық шығармашылығы мен зияткерлік дамуына, эстетикалық тәрбиелеу мен нәтижелі демалуға ықпал етеді. Оның КТК қатысушыларына ғана емес, көрермендерге де үлкен әсері бар.
Ойын шарттарына сәйкес командалар сәлемдесу және көрермендер мен қазылар алқасы тарапынан қойылған сұрақтарға жауап береді. Бірінші болып сахнаға №30 мектептің командасы шығып, алғашқы минуттан-ақ ұтымды әзілдері және шебер ойнауларымен көрерменнің жанарын жаулап алды. Ескере кететін жағдай, команда құрамы республикалық ойындардың жеңімпаздарынан құралған. Одан әрі №10 орта жалпы білім беретін мектебінің оқушылары жалғастырып, олар да әдемі ойын көрсете білді. Ойын барысында командалар арасында бейне бір үлкендердің ойындарындағыдай бәсекелестік пен бақталастық байқалып тұрды.
Ойын соңында Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің басшысы В.Масимова қорытынды сөз сөйлеп, Департамент атынан ойынға қатысушыларға алғыс білдіріп, дипломдар және естелік сыйлықтар табыс етті.

