«Менің елім»
Қазіргі таңдағы азаматтық қоғамды қалыптастыруда маңызды мақсаттардың бірі Елбасы Н.Ә.Назарбаев ұсынған «Ұлт жоспары - 100 нақты қадам» бес институционалды реформасын іске асыру болып табылады.
Қазақстандық біртектілікті нығайту этностараралық және конфессияаралық келісім негізінде шешу аса қажетті, яғни қоғамда тұрақтылықты қамтамасыз ету маңызды мәселелердің бірі болып табылады.
Осы орайда, бұл мәселелерді шешуге сөзсіз мемлекетпен азаматтық сектордың күшімен өз елінің тарихын құрметтеу және Қазақстан азаматы ретінде ел алдындағы өзінің жауапкершілігін сезінуді санасына енгізу маңызды.
2015 жылдың 27 қарашасында үкіметтік емес сектор, мемлекеттік органдар мен волонтерлық (еріктілер) ұйымдар өкілдерінің қатысуымен конструктивті пікір алмасу мақсатында, Батыс Қазақстан облысы Азаматтық альянс диолог алаңы негізінде, қазақстандық біртектілікті нығайту мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті.
Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің басшысы В.Масимова өз баяндамасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда азаматтық қоғам институттарының алатын орны маңызды екендігіне тоқталып, дөңгелек үстелге қатысушылардың сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік қағидаты мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға кең жағдай жасайтын Ашық келісімге қол қоюға мүмкіндік бар екендігін атап өтті.

