Мазмұнға өту

Жаңа

iPhone 7-нің құласа сынбайтын концептісі

Концептуалдық тұрғыда iPhone құрылғысының жаңа модельдерін және iOS операциялық жүйесінің жаңа нұсқаларын жасау әлем дизайнерлерінің кең тараған ермегі және «көрмегенді көрген» көрермен мен тұтынушы қауымды таңғалдыру барған сайын қиындап барады. Алайда Sonitdac дизайнері өз мақсатына жеткен көрінеді: оның жасаған концептісі әлі болмаған шешімді көрсетті.


0
0
525

Қоғамдық ұйымдар Шымкенттегі туризмді дамытуды қолдайды

Шымкентте «Оңтүстік Қазақстан облысы мен Шымкент қаласының туристік әлеуетін дамыту» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара «Шырайлы Шымкент. Жаңаша ойлау – жаңа мүмкіндіктер» ұранымен өтті.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – қызығушылық білдірген барлық тараптарды Шымкент пен ОҚО-да туризмді дамыту жолдарын және қалыптасқан үрдісті талқылауға тарту, сондай-ақ қазақстандықтар үшін де, шетелдіктер үшін де өңірдің тартымдылығын арттыру бойынша жаңа идеяларды іздеп табу. Іс-шараны «Қазақстан 2050» жалпыұлттық қозғалысының қолдауымен «Ұлы Дала» азаматтық бастамашыл тобы ұйымдастырды.

Дөңгелек үстелге танымал қазақстандық өлкетанушы ғалымдар, тарихшылар, өнер және мәдениет қайраткерлері, кәсіпкерлер, сондай-ақ туристік компаниялар, БАҚ, ҮЕҰ мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Ағымдағы жылдың 30 қарашасында жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауын жолдай отыра, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев: «...қуат көзін тасымалдаушылар бағасы арзан болып тұрғандықтан, Қазақстан экономикалық өсу тетіктерін өз ішінен іздеу керек»,-деді. Сонымен қатар, Елбасы экономикалық өсудің жаңа аймақтық қозғаушы күштерін қалыптастыру маңыздылығын ерекше айтып өтті. Қоғам белсенділерінің ойынша, Шымкент қаласы мен барша Оңтүстік-Қазақстан облысы үшін осындай қозғаушы күштердің бірі – туризм болмақ.

Қазіргі таңда, ОҚО-да туризм негізгі екі бағытта дамуда. Бұл, біріншіден, Отырар мен Түркістандағы қасиетті орындар және «Сарыағаш» шипажай аймағы. Шымкент туристік нысан ретінде тиісті бағасына ие болмай отыр. Ағымдағы жылдың  10 айы ішінде Шымкентке Қазақстанның басқа аймақтарынан, алыс, жақын шетелдерден шамамен 18 216, Түркістанға – 900 мың, Сарыағашқа – 70 мың адам демалуға келген.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушылар резолюция қабылады. ОҚО-да туристік кластерді дамыту үшін мүмкіншілік жоғары екені баса көрсетілді. Сонымен қатар, ғалымдар мен қоғамдық ұйымдар осы кластердің орталық нүктесі ретінде Шымкент қаласын ұсынып отыр.

Олардың пікірінше, оңтүстік мегаполис туристтер легін облыстың түкпір-түкпірлеріне қарай бағыттайтын жолайрық, тыныстайтын бекет болуы тиіс. Басты міндет – тек туристтерді тарту ғана емес, бірнеше орындарға апару арқылы олардың тұрақтау ұзақтығын ұлғайту. Туризмді дамытуға тамашалайтын бірқатар оңашаланған орындар тұрғысынан емес, кешенді құрылым тұрғысынан қарау керек.

Дөңгелек үстелге қатысқандар Шымкент қаласын 2020 жылға дейін дамыту тұжырымдамасының жобасындағы ережелердің өзектілігін ерекше атап өтті.  Олар жергілікті биліктің инфрақұрылымды жаңғыртуға, қауіпсіз, ақылды қала құруға, бүкіл ОҚО-ның туристік мүмкіндіктер кешеніне айналатын жаңа Шымкент брендін жасап, оны алға тартуға деген ұмтылыстарын құптады.

Ақпарат көзі

 

0
0
561

Қазақстандық әлеуметтанушы 200-ге жуық ғылыми жұмыс жариялады

2015 жылы З. Шәукенова «Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтары мен идеалдары» атты ұжымдық монографияның авторласы атанды, жалпы ол этностар арасында әлеуметтік қарым-қатынасын дамыту бағытында 200-ге жуық ғылыми жұмыстар жарияланды. Бұл туралы ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Зарема Шәукенова «Strategy2050.kz» АА берген сұхбатында хабарлады.

Профессор атап өткендей, ол 200-ге жуық ғылыми жариялымдардың авторы, оның ішінде  ұжымдық моногорафиялардың қосымша авторласы болып табылды.

Сонымен, 2005 жылы Зарема Кәукеновқызы жоғарғы оқу орындарына арналған «Әлеуметтану оқулығы» әлеуметтану бойынша кітаптың жауапты редакторы атанды, сонымен қатар «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында «Әлемдік әлеуметтану антологиясы» әлеуметтік ойлар антологиясы көптомдығының авторласы атанды.

2011 жылы бірқатар ұжымдық монографиялардың авторласы атанды, сонымен қатар 2015 жылы «Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтары мен идеалдары» атты ұжымдық монографиясы оның авторластығымен жарыққа шықты және т.б.

Зарема Кәукенқызы Шәукенова 1965 жылы 29 қыркүйекте Шымкент қаласында дүниеге келіп, Теміртаудағы №20 орта мектепті аяқтады. Жоғары білімді Ленинградтық мемлекеттік университетте алды. Ал, 1990 жылы Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің аспирантурасының сырттай бөліміне оқуға түсті.

1995 жылы алғашқы ғылыми дәрежесі – психология ғылымдарының кандидаты атағын алды, ал 2003 жылы доктор дәрежесіне ие болды. 2006 жылы профессор, ал 2012 жылы  ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондеті-мүшесі атанды.

Өзінің еңбек жолын ғалым Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия зауытында бастады. 1987-1997 жылдар аралығында психолог болып жұмыс істеді. 1997 мен 2007 жылдар аралығында Астанаға көшіп келіп, “ЦЕССИ-Қазақстан” салыстырмалы әлеуметтік зерттеу институтының директоры қызметін атқарды.

2008-2010 жылдары Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да әлеуметтану, психология және педагогика бойынша диссертациялық кеңестің төрайымы болды. Әлеуметтану ғылымының 1 докторын (Тынышбаева А.А.) және 3 кандидатын дайындады. 2011 жылдан бастап ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры.

Жалпы, З. Шәукенованың әлемметтану саласындағы еңбегі мемлекет тарапынанда жоғары бағаланды. Сонымен, 2011 жылы З. Шәукенова «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері»  наградасы және «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», 2008 жылы «Астанаға 10 жыл» және «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» төсбелгілерімен марапатталды.

Ақпарат көзі

 

0
0
705

ІІ республиканский турнир на тему «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы!»

 

 

 

Ораторское искусство – в любые времена, в любом государстве и среди любых народов, и как инструмент имело огромное влияние через сознание, игру чувств и до сегодняшнего дня не истратило свою ценность и значение.  Глава государства в своих выступлениях отмечает, что «Будущее страны в руках молодого поколения». Поэтому сегодняшнее поколение должно быть эталоном воспитанности, образованности, успешности. Реализуя политику Президента Республики Казахстан молодежь всегда и во всем на передовых позициях.

Управление по молодежной политике Западно-Казахстанской области, Западно-Казахстанский государственный университет имени М.Утемисова, «Дебатный центр «Акикат» ЗКГУ» 27-28 ноября  2015  года  ко Дню Первого Президента  провели ІІ республиканский турнир на тему «Елін сүйген, елі сүйген  Елбасы!» среди студентов  высших и средних специальных учебных заведений Республики Казахстан.

Цель и задачи турнира:

  • Подчеркнуть роль Первого Президента Республики Казахстана Нурсултана Абишевича Назарбаева в становлении  и развитии Республики Казахстан;
  • воспитать патриотов,  готовых к служению Родине;
  • представить возможность студентам развивать свои способности по дебатному виду исскуства;
  • предоставить диалоговую площадку  для обсуждения вопросов, касающихся реализации государственной  молодежной политики;
  • продолжить работу по развитию дебатное движение среди студентов республики.

Дебатный турнир проводился в парламентском формате  АПФ на казахском и русском языках. В республиканском турнире принимали участие:  студенты университета «Туран» г. Алматы,  Кызылординского государственного медицинского колледжа,  представители колледжа «Болашақ», Актюбинский университет им. С.Баишева, Западно-Казахстанского государственного медицинского университета им. М.Оспанова, Актюбинского политехнического колледжа,  Западно-Казахстанского медицинского колледжа, Уральского колледжа газа, нефти и отраслвовых технологии, педгогический колледж  имени Ж.Досмухамедова, Западно-Казахстанского государственного университета им. М.Утемисова.

Консультант Департамента по делам государственной службы и противодействию коррупции по ЗКО  участвовал в судействе данного мероприятия.

По решению судеи были определены победители и номинанты  «Лучший спикер», «Лучший судья», которым были вручены Кубки и дипломы,

Также, был вручен отдельный приз ректора Западно-Казахстанского государственного университета имена М.Утемисова дебатерам, которые показывали свое мастерство и талант.

 

 

0
0
463

«Елін сүйген, елі сүйген Елбасы!» атты дәстүрлі ІІ республикалық пікір-сайыс турнирі

 

 

Шешендік өнер – қай заманда, қандай қоғамда болса да қауымға, көпшілікке үлкен әсер ететін, оның санасын, сезімін баурап, күш-жігерін тасытатын қуатты құрал, күні бүгінге дейін құдіретін, қасиетін жоймаған өнер. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, болашақты білімді ұрпақ айқындайды» деп баса атап көрсеткен болатын. Сондықтан да еліміздің ертеңгі тұтқасын ұстар болашақ жастарымыз саналы да сапалы білім игеріп, тәлім-тәрбие  алып, қандай жерде болмасын өз ойын еркін түрде жеткізе алатындай тұлға болып қалыптасуы қажет.

«БҚМУ «Ақиқат» пікір-талас орталығы» жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастыруымен БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасы, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті қолдауларымен 2015 жылдың 27-28 қараша күндері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері арасында «Елін сүйген, елі сүйген  Елбасы!» атты дәстүрлі ІІ республикалық пікір-сайыс турнирі өтті.

Турнирдің мақсаты мен міндеттері:

  • Студент жастарға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті   Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жөнінде толық мағлұмат беру;
  • Президенттің ел үшін жасаған игі істерін үлгі-өнеге ету арқылы жастардың елжандылық, патриоттық сезімін арттыру;
  • Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру;
  • Шешендік өнер, сөйлеу мәдениеті қалыптасқан, өз ойын жетік және дәлелдей білетін студент жастарды дайындау;
  • Мемлекеттік маңызы бар мәселелерді талқылау және оларды шешу бағытында тың идеяларды тудыруға мүмкіндік  жасау;
  • Жастардың сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту;
  • Қоғамдық мәселелердің шешімін табуға ел жастарын біріктіріп, олардың интеллектуалдық әлеуетін арттыру;
  • Елімізде пікір-сайыс қозғалысының дамуына үлес қосу.

Пікір-сайыс турнирі парламенттік формат бойынша қазақ және орыс тілдерінде өткізілді. Пікір-сайыс турниріне Алматы қаласы Тұран университетінен, Қызылорда мемлекеттік  медициналық колледжінен және  Қызылорда «Болашақ» медициналық колледжінен, С. Баишев атындағы Ақтөбе университетінен, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінен, Ақтөбе политехникалық колледжінен, Батыс Қазақстан медициналық колледжінен, Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжінен, Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінен, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінен командалар қатысты.

Іс-шараға департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің консультанты қатысып, төрелік етті.

Төрешілер шешіміне сәйкес турнирдің қазақ және орыс лигасы бойынша жеңімпазы атанған топтарға арнайы Кубок, жеңімпаз бен жүлделі І, ІІ, ІІІ орын иегерлеріне, «Үздік спикер», «Үздік төреші» номинациясының жеңімпаздарына арнайы дипломдар, бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Сонымен қатар, талантымен ерекшеленіп, жоғары нәтиже көрсеткен пікір-сайысшыларға М.Өтемісов атындағы БатысҚазақстан мемлекеттік университеті ректорының арнайы жүлдесі табысталды.

 

 
0
1
812

Жасыл экономика. Болашаққа бастар «жасыл» көпір

2011 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 66-сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасын баршаның назарына ұсынды.

Президенттің бастамасы көпшіліктің қолдауына ие болды. БҰҰ «Рио+20» Бүкіләлемдік саммитінде де әлем елдері басшыларының мақұлдауымен қабылданып, орнықты дамудың аймақаралық жоспары деп танылды. Бүгін де Президенттің бағдарламасы қарқын алып, бүкіл елді жарқын «жасыл» болашаққа бастады.

http://gbpp.org/kz/2015/12/12603

 
0
0
449

«Ақтау қағаз» зауыты тәулігіне 2 мың тонна қағазды өңдеуге қауқарлы

Маңғыстау облысында жарамсыз қағаздар да кәдеге асатын болды.

Жергілікті кәсіпкер Сұңғат Еділбаев мемлекеттің қолдауының арқасында ісін өрге домалатты. Жаңа зауыт тәулігіне 2 мың тонна қағазды өңдеуге қауқарлы. Оған қажетті шикізатты мұнай компаниялары мен мемлекеттік мекемелер әкеп тапсыруда.

Жарамсыз қағазды қайта өңдеу ісі жеті кезеңнен тұрады. Қоймаға жиналған қажетсіз құжаттар сүзгіден өтіп, нығыздалады. Зауытта тәулігіне 2 тонна шикізат өңделіп, 8 мың орам дәретхана қағазы шығарылады. Өндіріс барысын 6 жұмысшы бастан-аяқ қадағалап жүр.

Алексей Демьянов, техникалық директор:

- Біздің кәсіпорын экологиялық таза, ешқандай қалдықсыз өнім өндіреді. Тіпті қолданған судың өзін арнайы құрылғы арқылы сүзгіден өткізіп, қайтадан қажетімізге жаратамыз. Өндіріс барысында үнемге барынша көңіл бөлеміз.

Бұған дейін өңірдегі мұнай компаниялары мен мемлекеттік мекемелер жарамсыз құжаттарды өртеп жіберетін. Енді қажетсіз қағаздар жаңа зауытқа тапсырылып жатыр. Осылайша, аймақтың экологиялық мәселесі оң шешімін тауып, нарықтағы бағадан арзан өнім шығаруға да мүмкіндік туды. Еліміздің батысындағы алғашқы қағаз өңдеу зауытының өзіндік ерекшелігі де бар.

Сұңғат Еділбаев, «Ақтау қағаз» зауытының басшысы:

- Техникалық сүлгі деп айтуға болады. Картоннан жасалған. Біздің өзіміз шығарған ноу-хау. Мұнай компанияларына өте жақсы деп есептеймін. Шүберек орнына қолдануға болады.

Кәсіпкер Сұңғат Еділбаев қалдықсыз өндірісті мемлекеттің қолдауымен іске асырған. «Даму өндіріс» бағдарламасы бойынша берілген 40 млн теңге несиеге ғимаратты газдандырып, қондырғылар сатып алады. Жақын күндері қажетсіз қағаз бен дайын өнімді сақтайтын қойма ашып, зауыт тәулік бойы жұмыс істеуге көшпек. «Сол арқылы өндіріс көлемін екі есеге арттырып, тағы 15 адамды жұмысқа аламыз», – дейді кәсіпкер.

http://gbpp.org/kz/2015/12/12607

 
0
0
1569