Қазақстанда қан құю қауіпті емес
Бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында донорлық қан құю нәтижесінде қазақстандықтар АИТВ-ні жұқтыруы мүмкін деген жорамалмен жарияланған ақпарат шындыққа жанаспайды. 2007 жылдан бері республикада қан құю салдарынан АИТВ инфекциясын жұқтырудың бірде-бір жағдайы тіркелмеген. Қан қызметіндегі инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесі бірқатар кешенді қорғау шараларын ұсынады. Бірінші кезеңде азаматтар донорлар мен донорлыққа жіберілмейтін тұлғалар ақпараттық дерекқоры арқылы тексеріледі. Сонымен, 2014 жылы тексерістен соң 7,9 мың адамға, немесе донацияға жіберілмеген адамдардың жалпы санының (56,5 мың адам) 14%-ына донорлық рұқсат етілмеді. Екінші кезеңде потенциалды донорлар «қауіпті мінез-құлық» - нашақорлық тәуелділік, қорғалмаған, ретсіз жыныстық қатынастар, дәстүрлі емес жыныстық…
