ОҚО «Қарулы күштер қатарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында әскери қызметшілермен семинар өткізілді
2015 жылғы 11 қарашада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) және ҚР Ұлттық гвардиясы 6698 Әскери бөлімшесімен бірлесе ұйымдастыруымен, офицерлер және әскери қызметшілер арасында «Қарулы күштер қатарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында ақпараттық сағат өткізілді.
Сонымен қатар, Департамент қызметшілері тарапынан баяндамалар оқылып, тыңдаушылар мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытта Департаменттің құрылымымен жұмысы туралы, сондай-ақ 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясымен, ұлт жоспары 100 нақты қадаммен таныстырылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытта видеороликтер көрсетілді.
Аталмыш іс-шараның негізі мақсаты – қоғам арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды насихаттау және қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, бұл әлеуметтік құбылысқа азаматтардың мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыру, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, азаматтық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды, жан – жақты дамыған тұлғаны жетілдіру болып табылады.
Іс-шара соңында, әскери қызметшілер тарапынан сұрақтар қойылып, Департамент қызметшілері тарапынан нақты жауаптар берілді. Сауалнама жүргізіліп, алдағы уақытта тығыз жұмыс жасайтындықтарын жеткізді.
