Мазмұнға өту

Жаңа

Бесікті қалай таңдайсыз?

Бүгін 13:00-де Ұлттық арнаны қосыңыз.

Қазақ үшін бесіктің орны бөлек. Ал, сіздің балаңыз бесікке жата ма? Біздің халықта көбіне сәбиін ырымдап атадан балаға мирас болып келе жатқан бесікке бөлеп жататындар бар. Жалпы, жаңа  бесікті қалай таңдайсыз?

Отбасылық бәліш: ет қосылған бурегті 15 минутта пісіру мүмкін бе? «Бірге таңдаймыз!» ұсынған ас мәзірін түртіп алыңыз.

Әдетте, дүкеннен сатып алған әдемі көйлектеріңіздің сәні кетіп немесе бірнеше рет киген соң ұнамай қалатыны болады.  Сол сәтте ешімде жоқ ерекше көйлек тапқыңыз келеді.

Ұлттық нақыштағы дизайнерлік көйлекті қолдан тігуді үйренгіңіз келе ме? Ол үшін не қажет? Бүгін 13:00-де Ұлттық арнаны қосыңыз.

0
0
262

«Кедергісіз келешек»

Бүгінгі «Әйел бақыты» хабары мүмкіндігі шектеулі жандарға арналмақ.

Адам баласы қашанда қоғамның толыққанды мүшесі болуға тырысады. Он екі мүшесі сау адамзат, қоршаған ортаға пайдасын тигізіп, мемлекеттің өрекендеуіне өз үлесін қосады.

Ал, бүгінгі біз сөз еткелі отырған жандар ше? Мүмкіндігі шектеулі жандар қиындықты қалай еңсеріп жүр?

Оларға мемлекет тарапынан қандай көмек бар? Мұндай жандардың өмірге деген құштарлығының сыры неде?

Бүгін 15:00-де «Әйел бақытын» көріңіз.

0
0
361

Ақорданың ішін көргіңіз келе ме?

Бүгін 17:55-те «Бағаналы орда - басты орда» арнайы жобасын көріңіз!

Ағайынды сәулетші Байғұтты мен Арапбай Тортаевтардың Ақорда ғимаратының жобасын сызған сәулетшілер екенін біреу білсе, біреу білмейді.

Архитекторлар «Ақорда», «Министрліктер үйі», «Жоғарғы сот» ғимараттарының жобасын сызған. Ал, Байғұтты Тортаевтың қызы Индира Тортай 15 қаладағы «Назарбаев зияткерлік  мектептері» ғимараттарының авторы.

Бүтін бір сәулетшілер әулеті Астананың архитектуралық келбетіне қолтаңбасын қалдырған. Қызығы сол, өз қаламынан туған Ақордаға архитекторлар әлі бас сұғып көрмепті.

Ақордаға саяхат жасағыңыз келсе, бүгін 17:55-те Ұлттық арнаны қосыңыз.

0
0
1372

Жүкті әйелдер қалай тамақтану керек?

«Таңшолпанның» пайдалы кеңесін тыңдаңыз! Жүкті әйел өзінің ғана емес, бала денсаулығы үшін де жауапты. Бұл ретте келіншектерге тамақтанудың маңызы зор. Ол үшін қандай ас ішіп, қалай тамақтану керек? «Таңшолпан» ұсынған бірер маңызды кеңеске құлақ түріңіз: Жемістердің пайдасы айтпаса да белгілі. Жеміс-жидектердің дені тоқ ішекті қатерлі ісіктен қорғап, дене салмағын реттейді. Әсіресе, алма тіс, өкпе дертінің алдын алады. Кез келген жемістің құрамы жасушаға бай болғандықтан, жүкті әйелдерге оң септігін тигізеді. Дәрігерлердің айтуынша, болашақ аналарға тары, жүгері және сұлы жармасының пайдасы зор. Олардың құрамында темір, көмірсу, дәрумендер мен минералдар бар. Жүктіліктің жиырмасыншы аптасында нәрестенің сүйектері дами бастайды. Сондықтан, сүт өнімдерін мәзірден түсірмеген дұрыс. Ас тұзын…

0
0
579

Төлеутай Дәрібайұлы: Қазақтың әндері Италияның әндеріне өте жақын

Дәстүрлі әнші Төлеутай Дәрібайұлы бүгін «Таңшолпанда» қонақта болды. Жуырда әнші Миланда өткен EXPO-2015 көрмесіне барып, өнер көрсеткен. Сол турасында әңгіме өрбіткен әнші: «Біз Миланда Қазақтың дәстүрлі әндерін, халық әндерін, халық композиторларының әндерін алты ай бойы насихаттадық. Күніне 10-12 концерт қойылып жатты. Бізді 2-3 ауысымға бөлді. Бір әнші бір концертте төрт әннен айтқан кезде, бес концертте шығармашылық концерт беріп тастағандай әсер алдық»,-дейді. «Қазақтың әндері Италияның әндеріне өте жақын. Әннің кеңдігі жағынан, әуезділігі жағынан өте ұқсас. Мысалы, біздің әндер жоғары нотада басталса, оларда жоғары нотада аяқталады. Концерт барысында бір орындаған әнімізді екінші қайтара сұраған кездер де болды». Әншінің орындауындағы Байғабылдың «Домбыра» әнін «Таңшолпаннан» тыңда…

0
0
403

Том Леффлер: 2016 жылы Г.Головкин мен Р.Гонсалес шаршы алаңға бірге шығады

Бұл туралы «К2 Promotions» басқарушы директоры Том Леффлер мәлім етті.

Кәсіпқой бокс бойынша орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF тұжырымының чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (34-0, 31 КО) мен жеңіл салмақтағы WBC тұжырымы бойынша Әлем чемпионы никарагуалық Роман Гонсалес (44-0, 38 КО) келер жылы кем дегенде бір рет бір шоу аясында шаршы алаңға шығуы мүмкін.

«Геннадий Головкин мен Роман Гонсалесті біріктірсек, сәтті  комбинация болады, деп ойлаймын. 2016 жылғы алғашқы жекпе-жегімізде осыны жасауға тырысамыз», - дейді Том Леффлер.

Еске сала кетейік, бұрын Роман Гонсалес Геннадий Головкин – кіші Вилли Монро және Геннадий Головкин - Давид Лемье бокс шоуларында шаршы алаңға шыққан.

0
0
330

Жаңа маусымда Ұлттық арна көрермендерін ерекше жобалар күтеді

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы әлемдік медиаиндустрияның тренді болатын барлық талаптарға сай жұмыс атқаруда. «Hilton garden Inn Astana» қонақүйінде ҚР Президенті Әкімшілігінің өкілдері, ҚР Парламентінің депутаттары, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдардың өкілдері мен БАҚ басшылары үшін «Қазақстан» телерадиокорпорациясы телевизиялық өнімдерінің таныстырылымы өтті. Шара «Қазақстанда жасалған!» тақырыбында ұйымдастырылды. «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы Нұржан Мұхамеджанова сөзінде корпорация үшін мемлекеттік ақпаратттық саясатты орындаудың маңыздылығы мен Мемлекет басшысының 2015 жылдың атаулы күндерін өткізуге байланысты берілген тапсырмаларының маңыздылығына тоқталды. Олар - Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы, ҚР Конституциясының 20 жылдығы,…

0
0
353

«Таңшолпанның» күн сауалына жауап берген жеңімпаздары анықталды

Жеңімпаздарды марапаттау салтанатына ҚР Паламенті Мәжілісінің депутаты Алдан Смайыл арнайы келді. «Таңшолпан» ақпаратты-сазды бағдарламасы бір ай бұрын байқау жариялаған болатын. Яғни, жылдың айтулы оқиғалары арқау болған сұрақтарға белсенді жауап берген жеңімпаздар анықталды. Марапаттау салтанатына ҚР Паламенті Мәжілісінің депутаты Алдан Смайыл арнайы келді. «Таңшолпанға» тұрақты түрде хабарласып, күн сауалына жауап беріп жүрген Дархан Қожахметов марапатталды. «Бүгінгі күн мен үшін аса қуанышты күн. Ұлттық арна қызметкерлеріне шығармашылық табыстар тілеймін. Сондай-ақ, барша қазақстандықтарды бүгінгі Тұңғыш Президент күнімен құттықтаймын»,-дейді жеңімпаз. Ал, екінші жеңімпаз астаналық Гүлмира Сейілова тек «Таңшолпан» бағдарламасы ғана емес, сондай-ақ, Қазақ, «Шалқар» мен «Астана» радиола…

0
0
586

«Таңшолпанда» — Мәдина Сәдуақасова

Сұхбат барысында әнші «Қазақстан дауысы» жобасы туралы айтып өтті. Әр уақытта түрлі шараға қатысып, белсенділік танытып жүретін әнші: «Бастысы, адам өзіне мақсат қоя білуі керек. Сол мақсатқа жету үшін еңбектену қажет. Әрі әркім өз-өзіне талапшыл болғаны жақсы»,-дейді. «Сұлулықтың ең басты құпиясы – махаббат екен. Махаббатқа ие болған адам ажарлы, көркем болып шыға келеді. Оны өзімнен де байқауға болатын шығар. Себебі, осыдан жиырма жыл бұрынғы Мәдинадан гөрі қазіргі Мәдина сұлу деп білемін»,-дейді әнші. Ұлттық арнадан көрсетіліп жатқан «Қазақстан дауысы» жобасына тоқталған әнші: «Жобада тәлімгер болу оңай емес. Өйткені, мыңдаған өнерлі жанның арасынан небәрі 10-ақ үміткер таңдайсың. Талай уақыт бірге дайындалып, бауыр басып қаласың, ал ол үміткер жобадан шығып кетсе, көңілің босайды. Кей…

0
0
216

Астанада мұз қалашығы бой көтерді

Қалашық бүгін Тұңғыш Президент күніне орай ашылмақ.

Мұздан жасалған  түрлі мүсін қала көркіне көрік қосып, бала біткенді қол бұлғап шақырып тұрғандай. Мұз қалашығы 20 күннің ішінде салынып бітті. Астанада соңғы бір аптадағы  күннің жылынуы құрылыс жұмыстарына кері әсерін тигізді, дейді шеберлер. Дегенмен, олар жаңа кешеннің жұмысын уақытында аяқтады.

Мұз мүсіндер орналасқан аумақтың көлемі 2 мың шаршы метрге жетеді. Айта кету керек, бас қалада мұндай алаңның тағы үшеуі салынады. Олар – Есіл өзенінің жағалауында, Тәуелсіздік монументі мен қалалық әкімдік ғимаратының жанында орналасады.

Мұз мүсіндерді жасауға 200 шебер тартылған. Қытайдан арнайы 70 маман шақыртылған. Қалашық бүгін Тұңғыш Президент күніне орай ашылмақ.

Толығырақ «Таңшолпаннан» біле аласыздар.

0
0
1000