«Сыбайлас жемқорлықсыз Қазақстан – студенттердің көзімен»
Осындай тақырыппен Сайрам ауданындағы колледж студенттері арасында сурет салу байқауы өткізілді. Іс-шара Сайрам аймағы бойынша ауданаралық басқармасының ұйымдастырылып, оған Сайрам аудандық Жастар орталығымен қолдау білдірілді.
Байқау Гуманитарлы-педагогикалық колледжінде аудандағы 5 колледж студенттерінің қатысуымен өткізілді. Қатысушылар сыбайлас жемқорлық көріністерін сурет түрінде бейнелеу арқылы көрсетті.
Іс-шараның мақсаты – жастарды қазақстандық патриотизмге баулу және жастар арасында сыбайлас жемқорлық көріністеріне «мүлдем төзбеушілік» көзқарасын қалыптастыру және студенттерді қоғамдық өмірге қатысуға ынталандыру.
Байқау қорытындысымен жеңімпаздар алғыс хаттармен марапатталып, үздік сурет аудандық «Мәртөбе» газетінде жарияланды.
Үздік суретті аудандық мәдениет үйінің суретшісі және аудан мектептерінің бейнелеу пәндерінің мұғалімдерінен құралған қазылар алқасы анықтады.
