Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттауға және «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасауға бағытталған форум
Аталған тақырыппен жуырда Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің Сайрам аймағы бойынша ауданаралық басқармасымен (бұдан әрі – Басқарма) Түлкібас ауданында Жастар форумы өткізілді.
Форумда ішкі істер басқармасы мен Жастар орталығының жастардың тәрбиесі мен құқық бұзушылық профилактикасы мәселесі бойынша атқарылып отырған жұмыстар туралы хабарламалары және Басқарманың консультанты Б.Ералиевпен жастар арасында сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік көзқарасын қалыптастыру және жастар арасында құқықтық мәдениетті арттыру тақырыбында баяндама жасалды.
Шара барысында Департаментпен және Басқармамен дайындалған сыбайлас жемқорлықтың қоғамға зияндылығын насихаттайтын, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру бағытында дайындалған бейнероликтер көрсетілді.
Сонымен қатар, қатысушыларға «Сыбайлас жемқорлықтан қалай қорғануға болады?» тақырыбындағы және Басқармамен дайындалған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі» жадынамалар таратылып, сыбайлас жемқорлықты түсіну деңгейіне әсерін бағалау жөніндегі блиц-сауалнамалар жүргізілді.
Өткізілген жиынға аудан әкімдігінің жауапты мамандыры, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, колледж студенттері мен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, колледждердегі жастар ұйымдарының төрағалары мен мүшелері қатысты.
Форум соңында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Анашев Ә.Байназар жастарды құқықтық сауатты және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейінің жоғары болуына қоғам, мектеп және отбасы болып атсалысу қажеттігін айтып, мемлекеттік саясатты қодауға жастарды шақырды.
Іс-шараның мақсаты – қоғам мен жастар арасында сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне «нөлдік төзбеушілікті» қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін жоғарылату болып табылады.
