«Ақтау қағаз» зауыты тәулігіне 2 мың тонна қағазды өңдеуге қауқарлы
Маңғыстау облысында жарамсыз қағаздар да кәдеге асатын болды. Жергілікті кәсіпкер Сұңғат Еділбаев мемлекеттің қолдауының арқасында ісін өрге домалатты. Жаңа зауыт тәулігіне 2 мың тонна қағазды өңдеуге қауқарлы. Оған қажетті шикізатты мұнай компаниялары мен мемлекеттік мекемелер әкеп тапсыруда. Жарамсыз қағазды қайта өңдеу ісі жеті кезеңнен тұрады. Қоймаға жиналған қажетсіз құжаттар сүзгіден өтіп, нығыздалады. Зауытта тәулігіне 2 тонна шикізат өңделіп, 8 мың орам дәретхана қағазы шығарылады. Өндіріс барысын 6 жұмысшы бастан-аяқ қадағалап жүр. Алексей Демьянов, техникалық директор: - Біздің кәсіпорын экологиялық таза, ешқандай қалдықсыз өнім өндіреді. Тіпті қолданған судың өзін арнайы құрылғы арқылы сүзгіден өткізіп, қайтадан қажетімізге жаратамыз. Өндіріс барысында үнемге барынша көңіл бөл…



