Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

БҰҰ Елбасының биылғы Жолдауындағы басым бағыттармен келіседі

«Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму!»

Осылай аталған Мемлекет басшысының биылғы Жолдауы БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде қызу талқыланды. Ал ұйым басшысының саяси сұрақтар жөніндегі көмекшісі Мирослав Енча стратегиялық құжатпен толық танысып, басым бағыттарымен келісіп отыр. Айта кетейік, ол ұзақ жылдар бойы Орталық Азиядағы дипломатиялық ахуалды зерттеп келеді.

Мирослав Енча, БҰҰ Бас хатшысының саяси сұрақтар жөніндегі көмекшісі:

- Мен Қазақстан көшбасшысының Жолдауын оқып шықтым. Онда үш маңызды мәселені түртіп алдым. Өсім, реформа және даму. Дәл осы бағыттар біздің ұйымның тұрақты даму жөніндегі бағдарламасымен сәйкес келеді. Менің ойымша, Қазақстан халықаралық қатынастар мен «жасыл» экономикаға көп маңыз беріп отыр. Сондықтан сіздерді БҰҰ-мен біраз жағдай байланыстырып тұр. Олар – прогресс, тұрақтылық және жер шарындағы бірлікті арттыру сынды маңызды мәселелер.

http://gbpp.org/kz/2015/12/12687

 
1
0
188

Осы тақырып бойынша