Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Жастар қалауы – сыбайлас жемқорлықсыз мемлекет»

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыру және бұл індетке қарсы қоғамда белсенділікті арттыру бағытында «Жастар қалауы – сыбайлас жемқорлықсыз мемлекет» тақырыбында семинар өткізілді.

2015 жылғы  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) және Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжімен бірлесе  ұйымдастырылған «Жастар қалауы – сыбайлас жемқорлықсыз мемлекет» атты кең көлемді Патриоттар акциясы өтті.

Аталмыш іс-шараның негізі мақсаты – жасөспірімдер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды насихаттау мен «Жастар қалауы – сыбайлас жемқорлықсыз мемлекет» атты кең көлемді Патриоттар акциясы  арқылы ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, азаматтық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды, жан – жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу болып табылады.

Іс-шара барысында 1 курс студенттерімен әңгімелесу жүргізіліп, Департаменттің құрылымымен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытта, мемлекеттік қызмет өткеру бағытында атқарып жатқан жұмыстарымен сондай-ақ, ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясымен таныстырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытта видеороликтер көрсетілді.

Іс-шара соңында студенттер сыбайлас жемқорлықпен күресу бағытында өз ойларымен бөлісті. Нәтижесінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық азаматтардың құқықтық сауаттылығының төмендігінен болатындығын жеткізіп қорытындыланды.

0
0
732

Осы тақырып бойынша

«Жастар қалауы – сыбайлас жемқорлықсыз мемлекет» - Yvision.kz