Ақмола облысында «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында педагогикалық еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетілді
«Жас Отан» ЖҚ Аршалы аудандық бөлімшесінің белсенділері педагогикалық еңбек ардагерлерінің үйлеріне барып қайтты.
Еріктілер Аршалы ауылында тұратын аға буын өкілдері - Галина Величко, Татьяна Воробьева, Екатерина Даутбекова, Александра Макарова, Нина Шевченко, Валентина Потехина, Клавдия Мороз үйлерінде болып, үй шаруаларына көмек көрсетті. Қариялардың аулаларын тазартып, қысқа қажетті ағаштарды жарып берді.
(1).jpg&w=1920&q=75)
Қариялар жастардың көмектеріне риза болып, өз кезектерінен мектеп қабырғаларында атқарқан жұмыс тәжірибелері туралы айтып, ақ баталарын берді.
.jpg&w=1920&q=75)
Сонымен қатар, «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында № 3 Аршалы аудандық мектебінде «Үлкенге қызмет - кішіге ізет» тақырыбында кездесу өтті. Шараға қатысқан зейнеткер ұстаздарға құрмет көрсетіліп, бағалы сыйлықтар табыс етілді.
«Алда қар мен қамға толы қыс күтіп тұр. Жастар ардагерлерге міндетті түрде қыс мезгілінде қол ұштарын беретін болады», - деді «Жас Отан» ЖҚ Аршалы аудандық бөлімшесінің жетекшісі Айнұр Арықбаева.
