ҚР Қорғаныс министрі Құрлық әскерлері Әскери институтының үздік офицер түлектерін марапаттады
61993 әскери бөлімінде ҚР Құрлық әскерлері Әскери институтын 2013 жылы бітірген жас офицерлерді салтанатты марапаттау өтті, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. Бұл бозбалалар екі жыл бұрын әскери институтты тәмамдап, Қазақстанның Қарулы Күштеріндегі әскери қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізді. «Жақын арада Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын жариялады. Жолдауда «заманауи жаһандық шынайылықтың айтып келмейтін қауіп-қатеріне» назар аударып, әлемдегі және еліміздің төңірегіндегі қалыптасқан ахуалдың барлық қауіптілігін атап өтті. Бұл жерде басты әңгіме қауіпсіздікті қамтамасыз етуде болып отыр. Осынау қауіпсіздіктің кепілі Отан қорғаушыларға тәрбие беріп жүрген кәсіби офицерлер мен жауынгерлік қабілетті армия болып саналады. Олар жауынгерлік әзірлі…




