Мазмұнға өту

Жаңа

Самғау Нәсіпханның Елбасына сыйға тартқан етігінің ерекшелігі неде?

Етікшіні қанаттандырған Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың қолдауы болды.

Шебер Самғау Нәсіпханның қолынан шыққан бұйымдары ұлттық бояуымен ерекшеленеді. Ол болашақта ұлттық аяқ киім брендін қалыптастыруды армандайды.  Әр өнімін былғарыдан және қолтырауын терісінен тігеді. Бұл саланы таңдауының себебі де - отандық өнімдердің дамуына тамшыдай болса да үлес қосу.

Етікшіні қанаттандырған  Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың қолдауы болды. Өйткені, шебер өз өнімін Елбасына сыйға тартып, алғысын алған.

«Болашақта бұл кәсіпті инновациялық жоба ретінде дамытқым келеді. Сол жолда еңбек етіп жатырмыз», дейді.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

0
0
264

«Бәрекелді!» әзіл-сықақ кешін көріңіз!

Бүгін сағат 18:40-та тамашалай аласыздар.

Кезінде көпшілік тамсана қызықтаған, бүгінде сағынышқа айналған «Тамаша», «Бауыржан шоу» театрларының актерлары бас қосып, «Бәрекелді!» атты жоба ашқан болатын.

Алғашқы кеште тұрмыстық тақырыптағы әзілдер айтылып, адам мінезіндегі мін-кемшілік көрсетілді, тілдік ахуалдың түйткілі де нысанаға алынды.

«Қуандық пен Бақыт» театры, Мұқаметжан Мырзакеев (Гитеке), Асқар Наймантаев, Алмат Сақатов, Жанатбек Бәйтеков,  Нұржан Тұтов, «Күлкістан» театры, Бауыржан Орда мен Кенжебек Шайқақ қатысқан әзіл кешін бүгін Ұлттық арнадан сағат 18:40-та тамашалай аласыздар.

0
0
505

«Намыс доданың» қайталауын көріңіз

«Намыс дода» халықаралық сайысында Қазақстанмен қатар  Венгрия, Қытай, Алжир, Франция құрамалары да бақ сынауда. Жарыстың әр кезеңдегі күтпеген тосынсыйларынан сүрінбей өту оңай емес.

Өткен аптадағы жарыста Ұлттық құрама қарсыластарына есе жіберген болатын.  Бұл жолы сәттілік кімге жақтасады? Жарыс барысында қандай қызықты сәттер болды? Қатысушылардың пікірі қандай?

Бүгін 14:00-де «Намыс доданың» жұма күнгі қайталауын көріңіз.

0
0
272

Қайрат Нұртастың «Мазала» әніне түсірілген бейнебаянның тұсаукесері өтпек

8 желтоқсанда «Хан шатыр» ОСО-да. 8 желтоқсанда «Хан шатыр» ОСО-да Қайрат Нұртастың «Мен ғашықпын...» атты жаңа әндер жинағына енген «Мазала» әніне түсірілген бейнебаянның тұсаукесері өтпек. Жас әртістің әрбір жаңа әні тыңдармандарды таңқалдырмай қоймайды. «Мен ғашықпын...» атты үздік 86 әннен құралған 12-жинағына әртістің көпшілік сүйіп тыңдайтын әндерімен қатар жаңа әндері де кірді. Сондай-ақ, жақында ғана тыңдармандарға жол тартқан, сөзін Ш. Сариев, әнін Д. Шарипов жазған «Мазала» атты әніне түсірілген бейнебаянның да тұсауы кесіледі. Мәскеу қаласында түсірілген бұл бейнебаянның режиссері – А. Голубев. Елорда тұрғындары мен қонақтары өздерінің сүйікті әншісімен кездесіп қана қоймай, қолтаңбасы қойылған дискті Қайраттың өз қолынан алу мүмкіндігіне ие болады. Қайрат Нұртастың жанкүйерлер…

0
0
463

«Сағынып өмір сүрейін» концертін көріңіз

Сазгер Серiк Жанболаттың шығармашылық кешін бүгін сағат 15:35-те тамашалай аласыздар. Елге есімі белгілі Серік Жанболаттың танымалдылығы 1990-шы жылдардан бастау алды. Ол - «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында «Ар» жастар студиясы, «Жігіттің сұлтаны», «Қыз сыны», «Тайбурыл», «Үкілі үміт», «Көкпар» секілді жобалардың өмірге келуіне ықпал еткен журналист. Серік Жанболат - 1964 жылы 14 қыркүйекте Семей облысының Абай ауданында дүниеге келген. Қарауыл ауылындағы Абай атындағы орта мектептi 1981 жылы бiтiрiп, сол жылы аудандық «Совхоз туы» газетiнде тілші болып қызмет iстедi. 1982 жылы Киров атындағы Қазақ мемлекеттiк университетiнiң журналистика факультетiне оқуға түстi. 1984-1986 жылдар аралығында Мәскеу қаласында әскери борышын өтеп келiп, оқуын жалғастырды. Университет қабырғасында жүргенде Қа…

0
0
411

Бүгін «Дара жол» хабары эфирге шығады

Алғашқы қонақ – әнші Қайрат Нұртас.

Бүгін сағат 21:00-де Ұлттық арнадан «Дара жол» хабары эфирге жол тартпақ. Хабар өмірдің әр саласында түрлі жетістіктерге жетіп жүрген елімізге және шетелдерге танымал тұлғалардың өміріне арналады.

Кейіпкермен бірге оның айналасында жүрген туыстары, достары, әріптестері мен ұстаздары шақырылып, көрермендерге әр қырынан танытатын болады.

Қайрат Нұртастың шығармашылығында нендей өзгеріс бар? Әнші отбасы туралы ақпаратты неге жасырады? Ол қандай дос және әріптес?  Бүгін 21:00-де көріңіз.

0
0
892

Отбасылық дәрігеріңіз бар ма?

Бүгін 10:05-те «Дауа» хабарынан мамандар кеңесін тыңдаңыз.

Отбасылық дәрігердің міндеті — учаскеде тіркелген тұрғындарға тек емханада ғана емес, қажет кезде үйде де медициналық көмек көрсетіп, отбасының медициналық-әлеуметтік мәселелерін шешуге көмектесу.

Отбасылық дәрігер бүгінде әлеуметтік бағытталған және медициналық мәселелерді ғана шешіп қоймайды, сонымен бірге, пациенттің өмір сапасын қамтамасыз етуге қамқорлық танытады. Себебі, адамдардың денсаулық жағдайы олардың әлеуметтік әл-ауқаттарына да байланысты.

Жалпы, осы отбасылық дәрігер керек пе? Бұл мәселе біздің елде қалай дамуда?  Отбасы дәрігерінің басқа дәрігерден айырмашылығы қандай?  «Әлемдік отбасы дәрігері» атағының иегері Дәмила Сәкенқызы не дейді? Бүгін 10:05-те Ұлттық арнадан көріңіз.

0
0
273

«Ас болсында» — татар халқының асханасы

Бүгін 12:35-те көріңіз.

Татар халқы әуелден отырықшылық пен мал шаруашылығын қатар ұстағандықтан, мұндай өмір сүру жағдайы тамаққа ұн және ет-сүт өнімдерін басым түрде қосуға мүмкіндік берген.

Басымдығы жағынан, қазақтар мен өзбектерге жете қоймағанымен, татарларда қашан да сүйікті ет тағамы қой еті. Онымен бірге сиырдың, жылқының, үй құстарының (тауық, қаз, үйрек) еттерінен тағамдар дайындаған.

Татар халқының ертеден келе жатқан асы – пәрәмәч, учпучмак. Бұлар көбіне сыйлы қонақтарға ұсынылатын болған.

Ал, Сіз татарлардың тағы қандай тағам түрлерін білесіз? Дәмін татып көрдіңіз бе? Бүгін 12:35-те «Ас болсын!» хабарында аспаздар татар халқының ұлттық тағамдарын жасаудан сайысқа түспек.

0
0
1811

«Сенбілік таң». Марк Ахметтің отбасымен сұхбат

Бүгін 09:00-де Ұлттық арнадан көріңіз.

Лондон қаласынан 40 шақырым қашықтықта орналасқан Хемель-Хемпстед қаласы.  Архитектурасы ерекше көз тартатын қаланың  бүгінде 100 мыңға жуық тұрғыны бар.

Ұлыбританияның шығыс бөлігіндегі  Хардфордшир графтығында II Дүниежүзілік соғыстан кейін жаңа қала ретінде бой көтерген. Оған дейін XVIII ғасырда елді мекен ретінде танылған шағын аумаққа қала дәрежесі 1539 жылы берілген.

«Сенбілік таң» хабарының бүгінгі қонағы – осы қаланың тұрғыны баспагер, татар ұлтының өкілі Марк Ахмет.  Ол Қазақ елінің дамуына қандай үлес қосуда? Кейіпкердің есімін Марк деп өзгертуіне не себеп?

Бүгін 09:00-де Ұлттық арнадан «Сенбілік таң» бағдарламасын көріңіз.

0
0
339

Геннадий Головкин – Сауль Альварес жекпе-жегі 2016 жылдың ең тартысты айқасы болмақ

Геннадий Головкин - Сауль Альварес арасында болуы мүмкін жекпе-жек 2016 жылдың ең тартысты айқасы болады, деп жазады америкалық Badlefthook.com сайты. «Сауль Альварес Мигель Коттоны жеңген кезде өзінің мықтылығын дәлелдей алды, бірақ, оның Геннадий Головкинмен айқасуға әзірмін деген сөзіне қарамастан, «Golden Boy» тарапынан бұл айқасты ұйымдастыруға келгенде аздап батылсыздығы байқалды. С.Альварес 7 мамырда айқас алаңына шығуы тиіс, бұл күні Геннадий Головкинмен жекпе-жек ұйымдастырса, керемет болар еді. Сауль Альварестің промоутері Оскар Де Ла Хоя өзінің басты жұлдызын қорғағысы келетіні де жасырын емес. Альваресті толыққанды 160 фунтта жұдырықтасқанын көру керемет болар еді. Өзім аралық санат мәселесі бойынша аса алаңдамаймын, алайда идеалда орташа салмақтағы чемпиондық осы санат бойынш…

0
0
207