Алматы қаласында мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға 700 орын бар
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті мелекеттік органдардың персоналды басқару бөлімдерінің (кадр бөлімі) басшыларына осы жылдың 1-қаңтарынан бастап күшіне енген әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексін түсіндірді.
Кодексте алғаш рет «Мемлекеттік қызмет туралы заңды бұзғаны үшін» әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Аталмыш құжаттың 99 бабына сәйкес, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурстық іріктеу рәсімін бұзу - лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. Ал адамдарды мемлекеттік әкімшілік лауазымнан құқыққа сыйымсыз босату – лауазымды адамдарға алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Осындай әкімшілік құқық бұзушылық орын алған жағдайда Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің қызметкерлері әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 99 бабына сәйкес іс қозғауға уәкілетті болып табылады.
Жиын барысында сөз алған Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Шаяхметова Айым Ғалымбекқызы және Бас прокуратура мамандары мемлекелекттік қызмет туралы заңның қатаң түрде сақталуын Агенттікпен бірге жүзеге асыратындықтарын айтты.
Сонымен қатар, осындай түсіндірме жұмысы ең әуелі мемлекеттік органдардың кадрлар бөлімдеріне қатысты айтылып отырылғандығы баса айтылды. Агенттіктің Алматы қаласы бойынша Департаментінің басышысы орынбасары, Тәртіптік Кеңес Төрағасы – Камалұлы Бахтияр Камалов кадрлар бөлімі мамандарының жоғарыда айтылған құқық бұзушылықтарға бармауларын, мемлекеттік қызметке үміткерлерді іріктеу барысында олардың шешуіші рөл ойнайтындарын айтып ескертті. «Конкурстық комиссияның үміткермен бірге өтетін әңгімелесу отырысында Агенттіктің кем дегенде бір өкілі бақылаушы ретінде қатысатын болады», - деді Бахтияр Камалов. Бұл конкурстық іріктеудің ашық, әділ, әрі толығымен заң аясында өуін қамтамасыз ететін болады.
Қазіргі таңда Алматы қаласы бойынша мемлекеттік огандарда 700 бос орын бар. Агенттіктің Алматы қаласы бойынша Департаменті басышысының орынбасары Бахтияр Камалов мемлекеттік қызметке тек ең үздіктері кіруі керектігін ескертті. Осы орайда бүгінгі кездесу жоғарыда аталған бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға жарияланған конкурсты жүзеге асыратын мамандар үшін аса маңызды болып табылды.
Жиын соңында Алматы қаласында шоғырланған орталық және жергілікті мемлекеттік орган өкілдері осы заңның қолданысына қатысты өз сұрақтарын отырысқа қатысушы мамандарға қойып нақты жауаптарын алды.

