Мазмұнға өту

Жаңа

Алматы энергетика және байланыс университетінің студенттері мен оқытушылық құрамының қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл, профилактика және алдын алу» тақырыбында кездесу өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңызды рөлінің бірі жастармен жұмыс істеу болып табылады. Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдырға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының айырмас бір бөлігі ретінде саналатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімді қалыптастырдың басымдығы жастарды насихаттауға бағытталған.

Осының негізінде, 2015 жылдың 12 ақпанында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті мен Алматы қаласы Жастар саясаты  жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен, Алматы энергетика және байланыс университетінің студенттері мен оқытуышылқ құрамының қатысуымен «2014 жылдың 11 қарашасында жарияланған Елбасының «Нұрлы Жол-болашаққа бастар жол» атты Жолдауы және 2014 жылдың 26 желтоқсанында Мемлекет басшысының №986 Үкімімен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл, профилактика және алдын алу» тақырыбында кездесу өткізілді.

Бүгінгі іс-шарада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы қаласы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасасу бөлімінің басшысы М.А. Анапин қатысушылаға Қазақстан Республикасының 2015-2025жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының мәнін ашып, қоғамның сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы маңызды рөлі туралы толықанды ақпарат берді. Осындай іс-шараға қатысқан мұғалімдер мен студенттер алған ақпаратын жақындарымен бөліскенде, қоғамның біраз бөлігін қамтитын тізбектің құрылып, бұл тізбекті қоғамды сыбайлас жемқорлықтан сақтаудың бір тәсілі деп пайымдады.

Сонымен қатар, аталған кездесуде Алматы қаласы Жастар саясаты  жөніндегі басқармасының бөлім басшысы М.Б.Тілеубекова «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы жастардың алатын рөлі» тақырыбында сөз сөйледі. Оның айтуынша, жастайынан бастап сыбайлас жеморлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың алатын орны ерекше. Қоғамның әрбір мүшесі, Қазақстанның әрбір азаматы сыбайлас жемқорлықты түйткілді түбірімен жоюға белсенді түрде араласуға міндетті.

Алматы энергетика және байланыс университеті тәрбие жұмысы жөніндегі проректордың орынбасары З.А.Абдуллинаның пікірінше, Президенттің Жолауы бұл - жаңа экономикалық саясат. Ол Жолдауда көрсетілген басты мақсаттардың іске асырылуының кепілі адал жұмыс пен таза іс деп ұғады.

Оның пайымдауынша, қазіргі таңда оқу жүйесінің барлық сатысында ашықтық қағидасы негіге алынып отырып. Оқу орны әр тоқсанда екі рет студенттер арасында оқытушыларға қатысты сауалнама жүргізіп отырады. Сонымен қатар, университеттің әлеуметтік дисциплиналар кафедрасы әлеуметтік зерттеулер жүргізіп отырады екен. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың бір көрінісі ретінде университет студенттердің қорытынды емтихандары кезінде «таза сессия» қағидасын ұстанатынын айтуға болады.

Қазіргі таңда, Департаменттің алдына қойған мақсаттардың бірі - студенттерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыруға ықпалын тигізетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттін қалыптастыру.

 

0
0
471

Алматылық жоғарғы оқу орындары сыбайлас жемқорлықтың кері әсерлері туралы ескертілуде

С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде семинар-жиын болып өтті. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті ұйымдастырған бұл шара « 2014 жылдың 11 қарашасында жарияланған «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Елбасы Жолдауы мен 2014 жылдың 26 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 Стратегиясы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, профилактика және оның алдын алу » деп аталды, және оған студент жастар, университеттің оқытушылық құрамы, «Нұр Отан» партиясының жастар қанаты Алматылық филиалының жетекшісі мен Алматы қалалық жастар саясаты Басқармасының өкілдері қатысты.

Жиында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті басшысының орынбасары, Тәртіптік Кеңес Төрағасы - Камалов Бахтияр Камалұлы, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің ректоры Ақанов Айқан Ақанұлы және Нұр Отан партиясы жастар қанаты Алматылық филиалының жастар қанатының жетекшісі Халбеков Арман сөз сөйледі. Медицина саласының болашақ мамандарына сыбайлас жемқорлық қылмысының салдарлары, оның тек жекелеген адамға ғана емес, бүкіл қоғамға кері әсері бар екенін айтып түсіндірілді.

Бахтияр Камалов медициналық оқу орнының студенттері алдында сөз сөйлей отырып, халық арасында, әсіресе жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру 2014 жылдың 26 жетоқсанында Елбасы Жарлығымен бекітілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 Стратегиясына сәйкес біздің орган қызметінің басым бағыттарының бірі екенін айтып өтті.

Аталмыш жоғарғы оқу орнының ректоры Айқан Ақанов университеттің сыбайласлас жемқорлыққа қарсы түсіндірме жұмыстары тек студентер арасында ғана емес, университеттің оқытушылық құрамы арасында да жүргізіліп отыратынын мәлімдеді. Мәселен, қазіргі таңда университетте әдеп комиссиясы жұмыс жасайды. Оның басты мақсаттарының бірі оқытушық құрам арасында жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу болып табылады. Сондай-ақ, Айқан Ақанұлы өз университетінің жатақханасындағы орындарды үлестіру, студенттерді ақылы бөлімнен грантқа ауыстыру, олардың шетелде тағылымдамадан өтуі секілді рәсімдердің ашық өтетінін, және де декандардың, ректор мен проректорлардың ықпалдастыққа әрдайым дайын екендіктерін айты.

«Нұр Отан»  партиясының жастар қанаты Алматы қалалық филиалының жетекшісі Халбеков Арман сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асыруда жастардың қандай маңызды рөл ойнайтынын түсіндірді. Өз кезегінде, С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық  университетінің  студенттері арнайы сыбайлас жемқорлық тақырыбына плакаттар мен түрлі парақшаладан құралған шағын көрме ұйымдастырды.

Алматы қаласының белгілі ұлттық және мемлекеттік университеттерінде жыл сайын он мыңдаған студенттер білім алады. Осы орайда, ҚР Мемлекеттікқызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті қаланың студент жастарымен белсенді түрде кездесулер өткізіп отырады. Осындай кездесулер барысында студенттер мен оқытушыларға жемқорлықтың кері салдарлары ескертіліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 Стратегиясының басты бағыттары түсіндіріледі.

0
0
438

Алматы қаласында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 Стратегиясын жүзеге асыру механизмдері дөңгелек үстел үстінде талқыланды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалымен біріге отырып дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел тақырыбы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 Стратегиясын жүзеге асыру механизмдері» болып табылады. Кездесу мемлекеттік органдардың  түрлі үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, саяси партиялар мен отандық бизнес өкілдерінің қатысуымен өтті.

Дөңгелек үстелді өзінің сәлемдеме сөзімен бастаған «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы Төрағасының Бірінші орынбасары Матыжанов Кенжехан Ісләмжанұлы мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты талқаланатын осындай кездесулердің жиі өтуі қажет екенін айтты.

Дөңгелек үстелдің модераторы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынща Департамент басшысы Өтеев Шаттық Тынымбайұлы мемлекеттік қызмет сапасын көтеру, сыбайлас жеқорлықтың алдын алу, халық арасында жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру Стратегияның қазіргі таңда басымдылыққа ие міндеттері екендігін айтып өтті.

Жиынға қатысушылар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 Стратегиясын жүзеге асырудың тиімді тетіктері жайлы өз көзқарастарын ашық түрде білдіріп, Стратегияға сәйкес қоғаммен ықпалдастықтың мәселелері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа бағыттары мен міндеттері жайлы пікір алмасты.

Дөңгелек үстел барысында Транспаренси Казахстан халықаралық ұйымының қамқорлық кеңес Төрағасы, Президент жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі Комиссия мүшесі мен Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасы өкілі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте үкіметтік емес ұйымдармен жұмыстың маңыздылығы жайлы сөз сөйледі.

Сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалы жанында жемқорлыққа қарсы Қоғамдық  Кеңесінің Төрағасы мен аталмыш партия жанынан құрылған Республикалық Кеңестің мүшесі Стратегияға сәйкес мемлекеттік органдардың қызметіне қатысты қоғамдық бақылауды жүзеге асыру мәселелеріне тоқталды.

Жиын соңында қатысушылар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 Стратегиясын жүзеге асыру туралы пікір таластырып, бірнеше ұсыныстар білдірді. Агенттіктің Алматы қаласы бойынша Департамент басшысы Өтеев Шаттық Тынымбайұлы дөңгелек үстел барысында айтылған ұсыныстардың алдағы уақытта жоғары деңгейде қаралатыны жайлы айтып жиынды аяқтады.

0
0
399

9 желтоқсан Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні

9 желтоқсан Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай, облыстық «Қазақстан-Петропавл» телеарнасының «Таңғы шай» бағдарламасына Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің басшысы Нұрлан Жахин қатысты.
Жүргізуші сауалдарына жауап берген бөлім басшысы, Департамент қызметінің басым бағыттарына тоқталып, көрермендерді қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жолында атқарылып жатқан жұмыстары жайында хабардар етті. https://www.youtube.com/watch?v=oYwe5qqeCN0

0
0
739

Қызылорда облысында өсімдік майы өндірілетін болады

Қызылорда облысында тамшылатып суару әдісімен 12 мың гектар жерге майлы дақылдар егу, одан өсімдік майын өндіру жоспарланып отыр.

Бүгінде оған Иран мемлекетінен инвестиция тартылуда, деп хабарлайды облыстың әкмідіктің баспасөз қызметі.

Ауыл шаруашылығы саласында одан да бөлек ауқымды жұмыстар атқарылмақ.

Индустрияландыру бағдарламасына енгізілген автоматтандырылған жылыжай кешендерін жүзеге асыру мақсатында «Жоғары Аграрлық Одақ» және ҚазАгроМир» ЖШС жұмыстар атқаруда.

Фермерлер ірі типтік бордақылау алаңдарын салуға үлкен қызығушылық танытуда. Жыл соңына дейін Қазалы ауданындағы «Сыр маржаны» ЖШС 500 бас, Сырдария ауданындағы «Шаған-жер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 3 мың бас сиырға арналған кешенді бордақылау алаңын салуды жоспарлап отыр.

Жалағаш ауданында осындай нысан келесі жылы салынады.

   
0
0
1148

Ричард Майяға сезімін білдіре ала ма?

Бүгін 18:35-те «Жүрегім сізге аманат» телехикаясының 86-бөлімін көріңіз.

Майяның қуанышында шек жоқ. Себебі, оны қиялындағы ханзадасы – Ричард мырза кездесуге шақырды. Алайда, Майя Ричардтың өзіне деген қарым-қатынасының өзгергеніне таң қалып жүр. Ал, Ричардтың  оған деген ниеті таза.

Десе де, бүгінгі кездесуде не қызық болатынын білгіңіз келе ме? Майя арманындағы жанның қасында  өзін қалай ұстайды?

Бүгін 18:35-те «Жүрегім сізге аманат» телехикаясының 86-бөлімін көріңіз.


0
0
446

«Қыздар сұлу көрінер...»

Бояу, бояну тақырыбына арналған «Айтуға оңай...» хабарын бүгін 20:20-да көріңіз.

Бүгінде бет-әлпетіне бояу жақпайтын бойжеткендер аз. Бірі опа-далапты жұқалап жақса, бірі шектес тыс қолданады.

Жасанды қас-кірпікті де көшеде екінің бірінен кездестіруге болады. Қазір қыз-келіншекті қойып, кейбір ерлер де бояуға жақын.

Ішкі сұлулықтан бұрын сыртқы сұлулықты ойлайтындар денсаулықтың жағдайы қалай? Дәрігерлер мен косметологтар не дейді?

Мамандардан денсаулықты қалай күту туралы кеңес алғыңыз келсе, бүгін 20:20-да «Айтуға оңай...» хабарын көріңіз.


0
0
897

Қарағандыда «Ұлы даладан – Мәңгілік Елге» атты ғылыми-теориялық конференция өтеді

Шара Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті және Тәуелсіздік күніне арналған.

10 желтоқсанда Қарағандыда студенттер арасында «Ұлы даладан – Мәңгілік Елге» тақырыбында ғылыми-теориялық конференция өтеді. Шара Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті және Тәуелсіздік күніне арналған.

Жиын «Білім, ғылым және өндірістің бірігуі негізінде техникалық және кәсіптік білім беру сапасын қамтамасыз ету құрылымы» атты ІҮ облыстық ғылыми-практикалық конференциясының шеңберінде өткізілмек.

Мақсат - Ұлы даладан бастау алатын - Мәңгілік Елдің өткені мен келешегі туралы болашақ жастардың зерделі ойларын ортаға салу және өзекті мәселелерді анықтау және талқылау.

Конференцияның міндеттері: ғылыми ақпараттарды талдау және зерттеу қабілеттерін жетілдіру; өскелең ұрпақты зерттеу жұмыстарына тарта отырып, оларды жаңашылдыққа үндеу, кәсіби құзіреттілігін қалыптастыра отырып, өзіндік жұмысқа машықтарын жетілдіру.

Шара барысында қамтылатын негізгі  бағыттар:

1. «Елбасы жолы – дамудың жарқын кепілі» (Елбасының өнегелі өмір жолы, экономикалық – әлеуметтік дамуындағы тың бастамалары);

2. «Қазақстан халқы Ассамблеясы - татулық пен бірліктің кепілі» (ішкі саяси тұрақтылық, азаматтық татулық және этносаралық келісім қағидалары негізінде);

3. EXPO – 2017 көрмесі - Қазақстан үшін елдің экономикасы мен білім саласының дамуындағы елеулі табысы (білім, ғылым, ізденістер мен оқытудың жаңаша технологиялары жөнінде).

Айта кету керек, конференция жұмысына айтылған тың ұсыныстар мен ой-пікірлер арнайы жинақ болып шығарылады.

Фото: panoramio.com


0
0
509

Қайрат Нұртас 8 желтоқсанда «Мазала» әніне түсірілген бейнебаянның тұсаукесерін өткізеді

8 желтоқсанда «Хан шатыр» ойын-сауық орталығында Қайрат Нұртастың «Мен ғашықпын...» атты жаңа әндер жинағына енген «Мазала» әніне түсірілген бейнебаянның тұсаукесері өтпек.

Жас әртістің әрбір жаңа әні тыңдармандарды таң қалдырмай қоймайды. «Мен ғашықпын...» атты үздік 86 әннен құралған 12-жинағына әртістің көпшілік сүйіп тыңдайтын әндерімен қатар жаңа әндері де кірді. Сондай-ақ, жақында ғана тыңдармандарға жол тартқан, сөзін Ш. Сариев, әнін Д. Шарипов жазған «Мазала» атты әніне түсірілген бейнебаянның да тұсауы кесіледі. Мәскеу қаласында түсірілген бұл бейнебаянның режиссері – А. Голубев.

Елорда тұрғындары мен қонақтары өздерінің сүйікті әншісімен кездесіп қана қоймай, қолтаңбасы қойылған дискті Қайраттың өз қолынан алу мүмкіндігіне ие болады. Қайрат Нұртастың жанкүйерлері бірінші болып әртістің өз аузынан алдағы шығармашылық кеші мен жоспарлары туралы еститін болады. Іс-шара «Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев» бағдарламасының форматында өтеді. Сонымен қатар, іс-шара барысында 200 жаңа әндер жинағы мен 1000 дана Қайрат Нұртастың журналы таратылады.

Қайрат Нұртас – өте дарынды, сондай-ақ актерлік шеберлігімен ерекшелене білген өнер иесі. Бұның барлығы әншінің қайталанбас тұлғасын қалыптастырып, оны өзге әншілерден ерекшелендіріп тұрады. Қайраттың концертіне келіп, онымен бетпе-бет кездесіп қана қоймай, жаңа әндерін тыңдап, демалуға шақырамыз.

Еске сала кетейік, осы жылдың ауқымды шарасының басты ұйымдастырушылары «Қазақстан» телерадиокорпорациясы және «Sapа Media group».

8 желтоқсан күні сағат 17:00-де  «Хан шатыр» сауда орталығында әншіні шығармашылығының 10 жылдық мерейтойымен жеке құттықтау және әртістің қолтаңбасын алу мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар!


0
0
1119

Қымыздың емдік қасиеттері туралы не білесіз?

Қымыз - шипалы сусын. Дертке шипа, бойға күш-қуат береді.

1 литр қымызда кальций - 48 пайыз, магний - 3,4 пайыз, фосфор - 21,3 пайыз, хлор 7,5 пайыз болса, мыс 1,60 миллиграмм мөлшерінде кездеседі.

Қымызды алғашқыда тәулігіне 6 рет 100 грамнан, кейін 250 грамға дейін ішіп, ағза үйренген соң оның мөлшерін 2-3 литрге дейін көбейткен дұрыс.

Осы тәртіппен қымыз ішкен адам әлсіреу, жүдеу, қаназдық, туберкулез сияқты дерттерге шипа табады. Сондай-ақ, бұл сусынды тамақтың алдында 1-1,5 сағат бұрын ішкеніңіз абзал.

Қымыздың қасиетін таныстыру мақсатында жуырда елордада дәстүрлі «Қымыз-2015» Халықаралық фестивалі өтті.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.


0
0
1087