Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Олимпиадашылар Альма-матері жемқорлыққа қарсы

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті және Жастар саятсаты басқармасымен бірлесіп Қазақ спорт және туризм Академиясының студенттері және мұғалімдер қауымы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыбына семинар-мәжіліс өткізді.

Департамент басшысының орынбасары – Тәртіптік Кеңес Төрағасы Камалов Бахтияр Камалұлы Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясының және 2014 жылы 11 қарашада Елбасының Қазақстан халықына «Нұрлы Жол – Болашаққа бастар жол» Жолдауының негізгі қағидаларын түсіндіріп, және «Нұр Отан» партиясының XVI съездінде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мемлекеттілікті нығайту үшін бес институциалдық реформалар бойынша койылған талаптарды түсіндіріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, оның алдын алудың тетіктерін атап өтті.

Академия Проректоры Есқалиев М.С. сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылында ең бастысы Қазақстандық патриотизм және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзімділік екенін атап өтті.

Іс шарада Қазақстан тарихының аға оқытушысы Винокурова Е. И. және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Жағганатовна К. Н. қатысты. Оқытушылар Академияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы зерттеу және сауалнама сияқты іс шаралар әрдайым өткізіледі, аталмыш іс шаралар қортындысы бойынша сыбайлас жемқорлықты тудыратын факторларды жою бойынша шаралар қолданылады.

Іс шара ТРК «ТАҢ», «Вечерняя Алматы» және «Алматы Ақшамы» БАҚ да жарияланды.

Кездесу барысында семинарға қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы мазмұндағы кітапшалар таратылып, тақырыпқа орай бейнеролик көрсетілді.

 

0
0
215

Осы тақырып бойынша

Олимпиадашылар Альма-матері жемқорлыққа қарсы - Yvision.kz