Елбасының 5 институционалды реформасын орындау – мемлекет келешегінің кепілі
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті (ары қарай департамент) Әуезов ауданы әкімі аппаратымен бірлесе отырып, «Елбасының 5 институционалды реформасын орындау – мемлекет келешегінің кепілі» атты көшпелі семинар-кеңес өткізді. Аталған іс - шараға Әуезов ауданы әкімінің аппараты, мемлекеттік органдардың басшылары, «Нұр Отан» партиясының Әуезов аудандық филиалы, «Тұрғын үй» заңды тұлғалар Ассоциациясы, жергілікті өзін-өзі басқару комитеті төрағалары және «Алматы қаласындағы полицияға көмек көрсету жөніндегі бірлестік» өкілдері, мемлекеттік емес ұйымдар мен Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері қатысты.
Департамент басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңес Төрағасы Бахтияр Камалов Елбасының «Нұр Отан» партиясының ХVI съезінде сөйлеген сөзіндегі мемлекеттігімізді бекіте түсетін 5 институционалды реформасы мен «100 нақты қадам» ұлттық жоспары тақырыптарына тоқталып өтті. Сыбайлас жемқорлық дегеніміз – тек қана құқық бұзушылық емес, ол – тиімділікке деген сенімге селкеу түсіре отырып, ұлттық қауіпсіздікке төнетін бірыңғай қатер», сондықтан, мемлекетіміз бұдан былай қарай да мемлекеттік қызметшілер өз лауазымын тек қана жеке басы пайдасының қажетіне жарату үшін жағдай туғызатын барлық әрекеттерді болдырмайтындай етіп іс-шаралар атқара беретінін ескертті.
Мысалы, 2015 жылдың 29 қаңтарында департамент қызметкерлері жол-патруль полициясы сақшыларын пара алу кезінде қолға түсіргенін ал, үстіміздегі жылдың 4 наурызында Әуезов ауданы бойынша мемлекеттік кіріс басқармасы қызметкерлері 1 000 000 теңге көлемінде пара алу кезінде ұстағанын мәлімдеді.
Әуезов ауданының әкімі Алтай Рақымбетов өзі басқарып отырған аудан бойынша Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын жеткізу барысында атқарылып жатқан жұмыстар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа бағыттары мен міндеттеріне тоқталып өтті.
Қазақстан халқы Асамблеясының өкілі, республикалық қоғамдық-саяси «Ұйғыр авази» газетінің бас редакторы Ершат Асматов сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізудегі бұқаралық ақпарат құралдарының ролі жайында айтып өтті. БАҚ-тың міндеті тек қана сыбайлас жемқорлыққа қарсы өткізіліп жатқан іс-шараларды жазып, көрсетіп қана қою емес, осыған байланысты жетістіктер жайында қоғам мүшелеріне жеткізіп, жұрт арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларының мақсаттарын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жеткізу барысында күш-жігерлерін аямайтындықтарын айтты.
Іс-шараға қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын насихаттайтын жаднамалар таратылып, тақырыпты бейнероликтер көрсетілді.
Жиынға бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.
