Мазмұнға өту

Жаңа

Кескіндеме өнерінің жаңа бағыты — боди-артты меңгерудің жолдары

Боди-арттың белгілі ережесі жоқ.

ХХ ғасырдың басында кескіндеме өнерінде пайда болған, қылқалам шеберінің ерекше қарым-қабілетін танытатын жаңа бағыттардың бірі - боди-арт. Өнердің бұл түрі 1960 жылдан бастап, Еуропа елдерінде кеңінен тарала бастады. Ол грим саласына да өте жақын.

Боди-арттың белгілі ережесі жоқ. Суретшінің идеясына байланысты түрлі технологияны қолдануға болады.

Кез келген боди-арт туындысына кем дегенде үш сағат уақыт кетеді. Ал, адам денесіне салынған сурет бес сағат уақыт қана әдемі қалпын сақтай алады.

Боди-арт өнерінің тағы қандай ерекшеліктері бар, оны меңгерудің жолдары қандай? Толығырақ«Таңшолпаннан» көріңіз.

   
0
0
748

В Астане состоялось заседание Совета по региональной политике и работе с маслихатами — Нұр Отан

В Астане состоялось совместное заседание Совета по региональной политике и работе с маслихатами при фракции партии «Нұр Отан» в Мажилисе Парламента РК и Центрального аппарата партии «Нұр Отан» по вопросу реализации предвыборной платформы партии при формировании областных бюджетов, сообщили в партии.

Заседание прошло в формате видеоконференцсвязи. В его работе приняли участие депутаты Мажилиса Парламента Республики Казахстан, руководство министерства национальной экономики, финансов Республики Казахстан, руководители и члены фракций партии «Нұр Отан» в маслихатах, представители местных исполнительных органов.

В ходе заседания было отмечено, что предвыборная платформа партии реализуется успешно. На сегодня исполняется более 70 % предвыборных обещаний.

Взаимодействие депутатов Мажилиса Парламента и маслихатов в реализации предвыборной платформы показало свою эффективность. Только в текущем году из регионов поступило свыше 200 предложений для рассмотрения на центральном уровне. Проведено более 60 заседаний экспертных групп, выработано более 800 рекомендаций, из которых треть уже реализованы.

По итогам совместного заседания приняты рекомендации.

В частности, государственным органам рекомендовано в рамках реализации Программы развития регионов до 2020 года предусмотреть выделение дополнительных финансовых средств для обеспечения доступа к централизованному водоснабжению в городах и сельских населенных пунктах, имеющих низкие показатели по республике, а также принять меры по ликвидации трехсменного обучения в школах и сокращению количества аварийных школ в республике.

Региональным филиалам и фракциям партии «Нұр Отан» в областных, городов Астаны и Алматы маслихатах рекомендовано: усилить меры ответственности членов партии в местных исполнительных органах по реализации предвыборных обязательств партии «Нұр Отан»; обеспечить общественный мониторинг и контроль реализации бюджетных программ и программ развития территорий в рамках Общественных советов местного уровня.

Источник

0
0
217

Пол Тэйлор: Смитсон институты Қазақстанмен бірлескен жобаларға қызығушылық танытады

Смитсон институты (Вашингтон қаласы, АҚШ) Антропология департаментінің (Азия мәдениетін зерттеу) директоры Пол М. Тэйлор және Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының бас директоры Андрей Хазбулатов Тамғалы жартасына барды, деп хабарлады Мәдениет және спорт министрлігі.

Тамғалы ландшафтын Жаһандық экологиялық қорға енгізу (GEF) бірлескен жұмыс сапардың басты нәтижесіне айналады.

Пол М. Тэйлор Қазақстанға Тамғалы ландшафтының биологиялық көптүрлілігін зерттеуге  әдейілеп келді. Танымал антрополог ГЭФ жобасының басты халықаралық әріптесі ретінде қатысуға қызығушылығын білдіруде. Сапар барысында Азия мәдениетін зерттеумен айналысатын көрнекті ғалым Смитсон институты тарихи-мәдени мұраларды зерделеу мен сақтау саласындағы бірлескен қазақ-амеркандық жобаларға ерекше мүдде білдіретіндігін жеткізді.

Бұған дейін Пол Тэйлор Әзербайжандағы Гобустан археологиялық ландшафтын зерттеумен айналысқан болатын. Тэйлор жетекшілік ететін Антропология департаменті бағдарламасының арқасында зерттеушілер 3D-модель жасау, цифрлық өңдеу, бейнелерді архивтеу және т.б. түрлі техникалармен жұмыс істеуге мүмкіндік алды.

«Қазіргі уақытта Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты Жаһандық экологиялық қорға (GEF) байқауға өтініш жобасы бойынша жұмыстар жүргізуде. «Биологиялық көптүрлілік» номинациясы бойынша біз Алматы облысындағы Тамғалы жартасының бірегей ландшафтын қосудамыз, - деді Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының бас директоры А. Хазбулатов. – Бұл жұмысты инстиут Қазақстан Республикасы мәдени саясатының Тұжырымдамасы және Туризм саласын 2020 жылға дейін дамыту Тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында жүргіп жатыр».

Андрей Хазбулатов үстіміздегі жылдың маусым айында Вашингтонда (АҚШ) ГЭФ өкілдері Питер Лаллас және Патрисия Коккамен кездесу өткендігі туралы айтты. Бұл кездесу кезінде ықтимал жоба мәселелері талқыланды. Тамғалының бірегей петроглифтері ЮНЕСКО-нің Бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілгендігі барлығымызға мәлім, дегенмен, отандық сарапшылардың пікірінше, Тамғалы ландшафты Қызыл кітапқа енгізілген қалдық өсімдіктер мен жануарларды біріктіретін ғажайып флорасы мен фаунасы таң қалдырады.

Еске салып кетсек, Тамғалы жартасы – бес мыңнан аса түрлі петроглифтері бар жартас өнерінің ең көне және жойқын ескерткіштердің бірі. Оларды зерттеу ішкі және сыртқы мәдени туризмнің дамуына септігін тигізеді.

Ақпарат көзі

 

0
0
273

Елбасымыздың Жолдауы мемлекеттің, қоғамның, экономиканың беріктігін, тұрақтылығын арттырады

Ұлын ұлықтап, ұлысы мен данасын хан көтерген халқымыз Елбасымызды әрдайым құрмет тұтып, ерлікті еңбегін сүйсініп келеді. Туған халқы алдындағы перзенттік және президенттік парызын өтей отырып, тәуелсіздіктің жиырма бес жылға жетер – жетпес кезеңінде Қазақстанды дүниеге танытты, деп Strategy2050.kz АА берген сұхбатында Щучье қазандық-механикалық зауыты серіктестігінің басшысы Марат Ахметов.

«Бүгінгі Қазақстанның дамуы және экономикамыздың өсіп-өркендеуі, әлемдегі қуатты мемлекетіміздің назарын өзіне аудара білді. Әуелі экономиканы жолға қоюдан бастаған тәуелсіздігіміз жыл сайын нығайып, еліміздің әлем алдында абыройы мен беделі асқақтай түсті. Бұл сөз жоқ Ел Басымыздың тынымсыз еңбектін, ақыл-ойының жемісі!», - деді облыс әкімдігі.

Оның айтуынша, жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды тарихи оқиға. Тәуелсіз Қазақстанның саяси тарихында «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекетіміздің жаңа саяси бағытының ел дамуындағы маңызы жоғары болды.

Еліміздің әлеуметтік-саяси өмірі мен жағдайын сипаттайтын әр Жолдаудың өзіндік салмақты жүгі бар.

«Әлемді дағдарыс шарпыған кезеңде «5 институционалды реформаны жүзеге асырудағы 100 нақты қадам» Ұлт жоспарының арқасында шағын және орта бизнес үшін әкімшілік кедергілер жойылады, мемлекеттік басқару, білім беру және денсаулық сақтау салалары жетілдіріле түседі. Аталмыш шаралар мемлекеттің, қоғамның, экономиканың беріктігін, тұрақтылығын арттырады деген сенімдеміз», - деді ол.

«Мен басқаратын Щучье қазандық-механикалық зауыты жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстандағы озық технологиясы бар әлемдік стандарттарға сай ірі бір өндіріске айналды. Серіктестігіміз бүгінгі таңда көңіл толарлықтай жақсы бір жетістіктерге қол жеткізсе, бұл игілікті істе Ел Басымыздың де зор үлесі бар. Біз әрқашан Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың аман-саулығың қалап, еліміздің бүгіні мен болашағы жолында атқарып жатқан еңбегіне сәттілік тілейміз», - деді Марат Ахметов.

Ақпарат көзі

 

0
0
341

«Жергілікті полиция қызметін құру – құқұқтық тәртіптің негізі»

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті Алматы қаласы ішкі-істер департаментімен бірлесе отырып, «Жергілікті полиция қызметін құру – құқұқтық тәртіптің негізі» атты кеңес өткізді. Аталған іс - шараға Алмалы ауданы ішкі-істер бақармасы басшылары, бөлім жетекшілері мен жеке құрам қатысты.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасасу бөлімінің консультанты Бақытбек Әлішов  «100 нақты қадам» ұлттық жоспары тақырыптарына, осы құжатта қаралған құқық қорғау органдарына қатысты көрсетілген мәселелерге тоқталып өтті. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің басты міндеттері мен мақсаттарын, мемлекеттік тәртіпті нығайту барысын қадағалайтын Тәртіптік Кеңестің атқаратын жұмыстарын атап өтті. Сотқа дейінгі тергеу басқармасының жедел бөлімінің аса маңызды істер жөніндегі аға офицері Бауыржан Дүйсембаев сыбайлас жемқорлыққа байланысты заңнамаларды сақтамаудың салдарынан туындайтын қиындықтар жайында және 2015 жылдың 5 айында құқық қорғау органдары қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа байланысты ұсталған нақты мысалдар келтірді.

Алмалы ауданы ІІБ бастығының орынбасары Батырбек Нұрымғалиев аудандық ішкі-істер басқармасы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан іс-шараларды баяндап, құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың аса маңыздылығына тоқталып өтті.

Іс-шараға қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларына байланысты жаднамалар таратылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнероликтер көрсетілді.

Кеңес барысында ішкі-істер басқармасының қызметкерлері  өздерінің сұрақтарына нақты және толыққанды жауап алды.

 
0
0
428

«Полицияның жұмысының ашықтығы – азаматтардың құқық қорғау органдарына деген сенімін нығайтатын негізгі факторлардың бірі»

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті Алматы қаласы ішкі-істер департаментімен бірлесе отырып, «Полицияның жұмысының ашықтығы – азаматтардың құқық қорғау органдарына сенімін нығайтатын негізгі факторлардың бірі» атты семинар-кеңес өткізді. Аталған іс - шараға Әуезов ауданы ішкі-істер бақармасы басшылары, бөлім жетекшілері, жеке құрам мен Алматы қаласы ішкі-істер департаменті ардагерлер кеңесі өкілдері қатысты.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасасу бөлімінің консультанты Бақытбек Әлішов  2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясы және Елбасымыздың «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХVI съезінде айтылған мемлекетімізді дамытып нығайтуға арналған 5 институционалды реформасы мен Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев белгілеген «100 нақты қадам» ұлттық жоспары тақырыптарына тоқталып өтті. Сотқа дейінгі тергеу басқармасының жедел бөлімінің аса маңызды істер жөніндегі аға офицері Бауыржан Дүйсембаев сыбайлас жемқорлық байланысты құқық қорғау органдары қызметкерлері ұсталған нақты мысалдар келтірді.

Әуезов ауданы ІІБ бастығының орынбасары Қуаныш Иманбеков аудандық ішкі-істер басқармасы бойынша Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын жеткізу барысында атқарылып жатқан жұмыстар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа бағыттары мен міндеттеріне тоқталып өтті.

Кеңеске қатысқан Алматы қаласы ІІД Ардагерлер Кеңесінің хатшысы запастағы полиция полковнигі В. Кротов пен Әуезов аудандық ІІБ Ардагерлер Кеңесі төрағасының орынбасары запастағы полиция полковнигі Б.Жаңабаев полиция қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық пен қылмыстарды болдырмауға шақырды және Президент Н. Назарбаевтың жасап жатқан өзекті реформаларын қолдайтындарын білдірді.

Іс-шара барысында ішкі-істер басқармасының қызметкерлері  көкейтесті тақырыптарды талқылауға белсенді араласып, өздерінің сұрақтарына нақты және толыққанды жауап алды.

0
0
625

«Жүз нақты қадам – болашақ бағдары»

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті мен Алматы қаласының Білім басқармасының ұйымдастырумен Алматы мемлекеттік  электромеханика колледжінде  «Жүз нақты қадам – болашақ бағдары» атты  дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге   Бостандық ауданы аумағында орналасқан колледж басшылары мен педагогтары, саясаттанушы ғалымдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасасу бөлімінің басшысы Мақсатхан Анапин  «Елбасымыздың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол-болашаққа барар жол» атты Жолдауы мен 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясы және Елбасымыздың «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХVI съезінде  мемлекетімізді  нығайтуға арналған 5  институттық реформа мен «Жүз нақты қадам» жөнінде  қатысушыларға өз пікірін білдірді.

Алматы мемлекеттік  электромеханика колледжінің директоры  Анарбек Нұрымбетов колледждің  сыбайлас жемқорлыққа  қарсы атқарылып жатқан жұмыстары жөнінде  баяндай келе, Алматы қаласы білім басқармасының индустриалды-инновациялық бағдарламасы аясында   оқушыларға арналған Германия мен Италияндық технологиялармен  жабдықталған өндірісте оқушыларға сапалы білім беріп, еліміздің түрлі өндіріс орындарына аса қажетті кәсіби электрмонтаждау, газэлектрдәнекерлеушілер мен автомеханиктер  мамандарын даярлау мәселелеріне тоқталды.

Саясаттанушы, саяси ғылымдарының кандидаты, Болашақ бағдарламасы бойынша АҚШ-та білім алған  Ерғали Омаргазы   әлемнің дамыған елдеріндегі сыбайлас жемқорлықтың түрлі мәселелеріне толық сараптама  жүргізіп, кең көлемде баяндама жасады.

Дөңгелек үстел барысында барлық қатысушылар көкейтесті тақырыптарды талқылауға белсенді араласып, сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» ұғымына байланысты түрлі пікірлер білдірді Сондай-ақ,  қатысушылар ашық түрде сұрақ-жауап түрінде  пікір алмасып, қойылған  сұрақтарына толыққанды жауап алды.

Іс шараға қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаднамалар таратылып, бейнероликтер көрсетілді.

Іс шараға   «Айқын» газеттерінің тілшісі қатысты.

0
0
1329

«Жүз нақты қадам – болашақ бағдары»

Департаментом Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции по городу Алматы совместно с Управлением образования городу Алматы организован круглый стол с участием руководителей колледжей, расположенных на территории Бостандыкского района, руководства, преподавательского и студенческого состава Алматинского государственного электромеханического колледжа.

Руководитель отдела антикоррупционного просвещения и взаимодействия с общественностью Департамента Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции по городу Алматы Максатхан Анапин разъяснил участникам круглого стола «О национальном плане действий «100 конкретных шагов» для реализации 5 институциональных реформ, определенных Президентом Республики Н.А. Назарбаевым.

Руководитель отдела Управления образования города Алматы Ляззат Жылкыбаева проинформировала о проводимых мероприятиях по противодействию и профилактике коррупции в системе образования города.

Директор колледжа Анарбек Нурымбетов остановился на проводимых работах по пропаганде Послания Главы государства народу Казахстана и профилактики коррупции в руководимом им колледже.

В своем докладе руководитель колледжа отметил, что в рамках программы инновационно-индустриального развития управлением образования г. Алматы приобретены в Германии и в Италии стенды и другие необходимые оборудования для обучения учащихся колледжа по самым востребованным профессиям сегодняшнего дня, необходимые для промышленности нашей страны, такие как: электромонтажники, газоэлектросварщики, автомеханики и др.

С докладом на антикоррупционную тему выступил приглашенный политолог, кандидат политических наук, доцент, окончивший ВУЗ по программе «Болашак» в США, молодой ученый Ергали Омаргазы, который рассказал об уровне коррупции в развитых странах и сделал сравнительный анализ, раскрыл причины возникновения коррупционных правонарушений.

В ходе проведения мероприятия все руководители колледжей Бостандыкского района г. Алматы и учащиеся колледжа приняли активное участие в обсуждении актуальной тематики, которые высказали различные предложения по созданию нулевой терпимости к коррупции и другим правонарушениям. Мероприятия проходило в формате вопросы-ответы. На заданные вопросы участники круглого стола получили исчерпывающие ответы.

Всем участникам мероприятия были распространены памятки по противодействию коррупции.

Мероприятие освещено в газете «Айкын».

0
0
808

Құқық қорғау саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті Алматы қаласы ішкі-істер департаментімен бірлесе отырып, «Құқық қорғау саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» атты семинар-кеңес өткізді. Аталған іс - шараға Алатау ауданы ішкі-істер бақармасы басшылары, бөлім жетекшілері, жеке құрам мен Алатау ауданы ішкі-істер департаменті ардагерлер кеңесі өкілдері қатысты.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасасу бөлімінің басшысы Мақсатхан Анапин  2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясы және Елбасымыздың «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХVI съезінде айтылған мемлекетімізді дамытып нығайтуға арналған 5 институционалды реформасы мен «100 нақты қадам» ұлттық жоспары тақырыптарына тоқталып өтті. Сыбайлас жемқорлық дегеніміз – тек қана құқық бұзушылық емес, ол – тиімділікке деген сенімге селкеу түсіре отырып, ұлттық қауіпсіздікке төнетін бірыңғай қатер», сондықтан, мемлекетіміз бұдан былай қарай да мемлекеттік қызметшілер өз лауазымын тек қана жеке басы пайдасының қажетіне жарату үшін жағдай туғызатын барлық әрекеттерді болдырмайтындай етіп іс-шаралар атқара беретінін ескертті. Сотқа дейінгі тергеу басқармасының жедел бөлімінің аса маңызды істер жөніндегі аға офицері Бауыржан Дүйсембаев сыбайлас жемқорлық байланысты құқық қорғау органдары қызметкерлері ұсталған нақты мысалдар келтірді.

Алатау ауданының ІІБ бастығының орынбасары полиция полковнигі аудандық ішкі-істер басқармасы бойынша Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын жеткізу барысында атқарылып жатқан жұмыстар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа бағыттары мен міндеттеріне тоқталып өтті.

Аудандық ІІБ Ардагерлер Кеңесінің төрайымы Ольга Амбуева өзі басқарып отырған Кеңестің құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің патриотық тәрбие беруде зор үлес қосып отырғанын жеткізді.

Іс-шара барысында ішкі-істер басқармасының қызметкерлері  көкейтесті тақырыптарды талқылауға белсенді араласып, сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» ұғымына байланысты түрлі пікірлер білдірді. Кеңеске қатысушылардың сұрақтарына нақты және толыққанды жауап берілді.

 

0
0
377

Кезекші тәулік ішінде қызылордалық полицейлер бейнебақылау камераларының көмегімен ұрлықтардың алдын алды

Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасы Жедел басқару орталығының полиция қызметкері 2015 жылдың 08 желтоқсанында сағат 03.24 шамасында Теміржол вокзалында орналасқан бейнекамера арқылы аумақты шолу барысында коммерциялық дүңгіршектің құлпын белгісіз азамат бұзып, ұрлық сипатындағы іс-әрекеттер жасауға әрекеттеніп жатырғандығын байқайды. Оқиға орнына жедел түрде жол-патрульдік полиция жасағы жіберіліп, нәтижесінде «ізін суытпай» 40 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Қазіргі таңда, аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлігі (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Дәл осындай дерек кеше, яғни ағымдағы жылдың 09 желтоқсанында таңғы сағат 03.29 шамасында орын алған. Бегім ана көшесінде орналасқан бейнекамера көмегімен аумақты шолу барысында аталмыш көшеде орналасқан көпқабатты үйлердің ауласында тұрған автокөліктердің бірінің жүксалғышын ашып, ұрлыққа әрекеттеніп жатырған 2 азаматты байқап қалады. Аталған дерек бойынша, оқиға орнына полиция жасағы жіберіліп, нәтижесінде бірнеше минут ішінде 1997 және 1996 жылы туылған екі азамат ұсталды. Екі азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Айта кетерлік жайт, облыс орталығында орын алған құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды анықтау, орын алған  қылмыстарды дер кезінде ашу мен жол қозғалысы ережесін бұзғандарды анықтау мақсатында орнатылған 243 бейнекамераның көмегімен жыл басынан бері барлығы 166 қылмыстың беті ашылса, анықталған құқық бұзушылықтың саны 41832-ті құрап, олар бойынша әкімшілік шаралар көрілген.

 

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

 
0
0
483