Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Тұран» Университеті таза сессия үшін

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті (бұдан әрі-Департамент) және Алматы қаласы жастар саясаты басқармасымен бірлесіп Тұран университетінде (бұдан әрі-Университет) студенттер және мұғалімдер қауымының қатысуымен «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын» насихаттауға арналған дөңгелек үстел өткізді.

Департамент басшысының орынбасары – Тәртіптік Кеңес Төрағасы Камалов Бахтияр Камалұлы Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясын және «Нұр Отан» партиясының XVI съездінде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мемлекеттілікті нығайту үшін бес институциалдық реформаларды жүзеге асыру үшін жүз нақты қадам жөнінде түсіндіріп өтті.

Университеттің оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі Проректоры Сатмурзаев Асан Адасбекұлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан іс-шаралармен таныстырып, емтиханды автоматтандыру және «Таза сессия» акциясын жүйелі түрде өткізу туралы айтып өтті.

Сонымен қатар Университеттің тәрбиелік жұмысы жөніндегі Проректоры Герасимова Наталья Сергеевна баяндама жасау барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және заңды бұзуға жол бермеу бағыттарда келесі мәлімет берді.

  • Кадрлар іріктеу жүйесін жетілдіру;
  • Заңдылықты және еңбек тәртібін бұзуға бейімділігі бар қызметкерлерді дер кезінде анықтау.

Дөңгелек үстелде студенттер Грузия және Сингапур сияқты мемлекеттер тәжірибесінің жақсы жағын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ынталандыру және ЖООда кең сауалдамалау арқылы мониторинг жүргізуін белсенді талқылады.

Іс-шараның өту барысында қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы мазмұндағы кітапшалар таратылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытта бейнеролик көрсетілді.

Іс-шара: «Алматы Ақшамы» БАҚ да жарияланды.

   

0
0
795

Осы тақырып бойынша

«Тұран» Университеті таза сессия үшін - Yvision.kz