«Мәңгілік ел-ұлттық идея»
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті мен Алматы қаласының Білім басқармасы бірлесе отырып, Бостандық ауданы аумағында орналасқан Әл-Фараби атындағы №145 орта мектепте «Мәңгілік ел-ұлттық идея» атты семинар-кеңес өткізілді.
Семинар-кеңеске Алматы қаласы мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру институтының, Бостандық ауданы білім бөлімінің қызметкерлері мен қаладағы орта мектеп ұстаздары мен оқушылардың «Ақбастау», «Тұмар» қоғамдық ұйымдары қатысты.
Мектеп директоры Бақыт Қайранбаев Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы мен білім беру салаларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан іс-шараларға тоқталып, өзекті мәселелерді ортаға салды. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы өскелең ұрпақтың мәдениетін қалыптастыру мәселелеріне тоқталды.
Белгілі саясаттанушы «Тұмар» жобасының авторы Мұхит Әуелбай интелектуалды ұлт қалыптастыру тетіктері мен рухани алтын ғасыр ұғымдарына өз деңгейінде түсініктемелер беріп, «Тұмар» жобасы негізінде жүзеге асыру жөнінде өз пікірін білдірді.
Семинар-кеңес барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы «мүлдем төзбеушілік» ұғымына байланысты өзекті тақырыптарды талқылауға белсенді араласып, түрлі пікірлер білдірді. Сондай-ақ қатысушылар ашық түрде сұрақ-жауап түрінде пікір алмасып, қойылған сұрақтарына толыққанды жауап алды.
Іс-шараға қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаднамалар таратылды.

