Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Алматылық вагон-жөндеушілер президенттің реформалары үшін

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) Алматы қаласы Түрксіб ауданының ішкі саясат басқармасымен бірлесіп, Алматы вагон жөндеу зауытының акт залында Ел Басының бес институционалдық реформасын жүзеге асыруда «100 нақты қадам» тақырыбында семинар-кеңес өткізді. Семинарға вагон жөндеу зауытының қызметкерлері мен «Ақпаратты-ресрустық орталық» ҚҚ өкілі Александр Братенков қатысты.

Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасасу бөлімінің кеңесшісі Мақсат Жаңбыршиев интитуционалды реформаның мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру бойынша алғашқы 15 қадам туралы нақты айтып өтті.  Сондай-ақ, теңестіру, ашықтық және бәсекеге қабілеттілік үшін ашылған конкурстың негізінде жекеменшік, квазимемлекеттік және азаматтық секторлардан мемлекеттік қызметке азаматтар тартылуы мүмкін екендігін толықтырып өтті.

Семинар барысында Александр Бротенков біздің елдің әлем елдерінің дамыған 30-дығына жету бойынша Ел Басының реформалары туралы түсіндіріп, соңында Ұлт Көшбасшысының реформаларын жүзеге жөнінде барлық азаматтар мен этностық топтардың белсенді түрде қатысуы керектігін атап өтті.

0
0
285

Осы тақырып бойынша

Алматылық вагон-жөндеушілер президенттің реформалары үшін - Yvision.kz