Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Шағын бизнес институционалды реформаларды қолдауда

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының институционалды реформаларын түсіндіру мақсатымен «Меркур Нан» ЖШС-ның ұжымымен кездесу өткізді.

Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасасу бөлімінің кеңесшісі Мақсат Жаңбыршиев алғашкы интитуционалды реформаның кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру бойынша жаңадан енгізілген ақпараттар туралы хабарлады.

«Ақпаратты-ресурстық орталығы» қоғамдық қорының өкілі Александр Братенков «100 нақты қадам» - бұл Ұлт Көшбасшысының 100 нақты  тапсырмасы еліміздің қарқынды дамуы мен әлеуметтік жағдайының барлық жақтарын қамтитындығына, Президентіміздің стратегиялық құжаттарын жүзеге асыру мемлекетіміздің тұтастай дамуына зор серпін беретінін, сонымен бірге  Қазақстан дүниежүзінің ең дамыған 30 елінің қатарына кедергісіз кіру мүмкіндігі туралы түсіндіріп өтті.

0
0
216

Осы тақырып бойынша

Шағын бизнес институционалды реформаларды қолдауда - Yvision.kz