Ұстаздар Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарындағы оқытудың жаңа стандарттарын қолдайды
Бостандық ауданындағы №70 мектепте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институтционалды реформасы аясында «100 нақты қадам» Ұлттық Жоспары мен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясын жүзеге асыруды тақылау бойынша семинар-кеңес өткізілді.
Семинар-кеңеске Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің (әрі қарай-Департамент), Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері мен педагогог ұжымдары қатысты.
Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл бөлімінің қызметкері Сайлау Оразов «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының 15 қадамына түсініктеме бере отырып, бірінші реформаны жүзеге асыру мақсатында кәсіби мемлекеттік аппарат құру мен Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы тетіктерінің жүзеге асырылуына тоқталды.
Бостандық ауданы әкімі аппаратының бөлім басшысы Әділет Нысанбаев семинар-кеңеске қатысушыларға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «2050 – Стратегиясын» жүзеге асырудағы «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының бағыттары мен мақсаттары туралы өз пікірін білдірді.
Мұғалім Айнұр Дүйсенова Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институтционалды реформасын талқылау шаралары ауданның барлық білім салаларында өткізіліп жатқан жөнінде хабардар етті.
Семинар-кеңеске қатысушылар Елбасы Н.Назарбаеватың идеясын толығымен қолдады. Пікірлер мен қойылған сұрақтарына толыққанды жауап алды.

