Қамқорлық құшағында.
Бүгінде Халыққа қызмет көрсету орталықтарында мүмкіндігі шектеулі жандардың мемлекеттік қызметтерді алуы үшін қажетті жағдайлар жасалуына аса мән берілген. Мұқтаж адамдар үшін әрбір ХҚКО-да құжаттар қабылдау үшін бөлек жұмыс орындары бөлініп, пандустар мен шақыру түймелері орнатылған.
Биыл Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 25 қызметкер арнайы ыммен оқудан өтіп, сертификаттарға ие болды.Облыстық филиал, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы және облыстық мүгедектермен жұмыс жасайтын «Асар» заңды тұлғалар бірлестігі арасында мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру мақсатында қарым-қатынас және ынтымақтастық жөнінде үш жақты меморандум жасалды.Бірыңғай байланыс орталығы арқылы мүмкіндігі шектеулі азаматтардан құжат рәсімдеуге 1186 тапсырыс қабылданып, 2023 құжат қолға берілді.
«ХҚКО» РМК Жамбыл облысы бойынша
филиалының баспасөз қызметі
