Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стретегиясы аясында «Ақ жол» атты марафон
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті, «Жасыл Ел» ҚБ және Түрксіб ауданы әкімі аппаратымен бірлесе отырып, «Баум» тоғайында «Ақ жол» атты спорттық марафон өткізілді.
Марафонның басты міндеті салауатты өмір сүруді насихаттау, сонымен қатар жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту.
Түрксіб ауданы әкімінің орынбасары Мұхтар Тәжібаев марафонға қатысушыларды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жастар біздің болашағымыз, елімізді дамыту үшін олардың денсаулығы мықты және күшті болуы керек» деген сөзін келтіре отырып, құттықтады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің консультанты Нұрбол Бейсеков, біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда жастардың белсенділік танытатындықтары жөнінде өз ойын ортаға салды.
Марафонға Алматы қаласының 10 ЖОО-ның 300-ден астам студенттері қатысты. Жеңімпаздарды медальдармен, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.
Қатысушылар марафонды ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясаттың маңыздылығына өздерінің пікірлерін білдірді.

