Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Орта-Азиялық Университет сыбайлас жемқорлықтан тыс

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту жөніндегі басқармасымен бірлесе отырып, ҚР 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын насихаттау мақсатында, Орта-Азиялық Университетінде дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелде «Халықаралық құқыққорғау орталағы» ҚБ Президенті Жанділда Жақыпов және университеттің профессорлы-оқытушы құрамы мен студенттер қатысты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің басшысы Мақсатхан Анапин сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтардың қауіптерін, көрсетіліп жатқан мемлекеттік қызметтердің сапасына қалай назар аудару, құқыққорғау органдарының өкілдерімен кездескен жағдайда қалай әңгімелесу туралы түсіндірді.

Жанділда Жақыпов 2015 жылдың 1 қаңтарында қабылданған қылмыс кодексінің ерекшелігін, және сыбайлас жемқорлық сапалы білім алуға қатер ететінін айтып өтті.

Университет ректоры Сайлау Касабеков, дөңгелек үстелге шақырылған модераторларына алғыс білдіріп, сыбайлас жемқорлықпен кездескен жағдайда Агенттіктің 1494 телефонына қоңырау шалуға болатынын студенттерге айтып өтті.

 
0
0
780

Осы тақырып бойынша

Орта-Азиялық Университет сыбайлас жемқорлықтан тыс - Yvision.kz