Халыққа қызмет – партияның және мемлекеттік қызметтің борышы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті (бұдан әрі - Департамент) «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын» жүзеге асыруға арналған Алматы қаласының 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын шеңберінде «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалымен (бұдан әрі - АҚФ) бірлесіп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды. Жыл басынан бері оңтүстік шахардың азаматтарына сыбайлас жемқорлық көріністеріне, мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға 200-ден астам бірлескен іс-шаралар өткізілді.
«Нұр Отан» партиясы АҚФ Қоғамдық қабылдауында мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшыларының азаматтарды қабылдауға бекітілген кестеге сәйкес, ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінде, Департамент басшысы Шаттық Өтеев кезекті қабылдауын өткізді. Қабылдауға жазылған азаматтардың сұрақтарына түсініктеме беріп, департаменттің тиісті бөліміндеріне нұсқаулар берді.
«Нұр Отан» партиясының бастауыш партия ұйымдарының (бұл - қоғам қайраткерлері, Алматы қалалық Мәслихат депутаттары, ҮЕҰ, «Жас Отан» жастар қанаты, БАҚ және т.б.) әлеуетін пайдалану үшін Департамент өз тарапынан «Нұр Отан» партиясы АҚФ аудандық филиалдарының қасынан құрылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңестің (бұдан әрі –СЖҚК) мүшелігіне қызметкерлерін енгізу бойынша ұсыныс берді.
«Нұр Отан» партиясы АҚФ аудандық филиалдарының саяси кеңес бюросының отырысында айтылған ұсыныс қаралып, «Нұр Отан» партиясы АҚФ аудандық филиалдарының қасынан құрылған СЖҚК кеңесіне Департамент қызметкелерінің мүшелігіне кіргізу бойынша шешім қабылданды.
Бұл бірлескен сындарлы ынтымақтастық бірінші болып Алматы қаласында үлгі ретінде іске асырылуда.

