«Қайнар» Университетінің студенттері таза сессия үшін
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті «Қайнар» Университетінде оқытушы құрамы мен студент жастарының қатысуымен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын, 2015-2025 жылдарғы арналған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын және жастар арасында құқық мәдениетін қалыптастыру мәселелерін талқылап дөңгелек үстел өткізді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің басшысы Мақсатхан Анапин бес институционалдық реформа «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын түсіндіріп, жергілікті атқарушы органдарының бос жұмыс орындары туралы жарияланған құлақтандырулар Департаменттің Almaty-anticorruption.gov.kz атты сайтында іздеу жүйесі пилоттық жоба ретінде еңгізілгенін қатысушыларға таныстырып, бұл шара мемлекеттік қызметке орналасу рәсімін ашық және қолжетімді ететінін айтып өтті.
Университеттің ректоры Еранғаип Омаров университетпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі түрде жүргізіліп жатқан жұмыстары, яғни абитуриенттердің оқуға түсіпкеннен бастап, дипломдық жоба қорғауы туралы айтып өтті. Және Департаментпен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстың маңыздылығын білдірді.
Ғылыми жұмыстары жөніндегі проректор Абдижапар Сапарбаев өзінің баяндамасында, университеттің оқытушылары Ғылыми одақпен бекітілген ар-намыс кодексін ұстанатынын хабарлады. Әр жылдың басында студенттердің құқығын және заңды мүдделерін қорғайтын студент альтернативтік негізде сайланады. Университетте азаматтардың және заңды тұлғалардың өтініштеріне арналған пошта жәшігі мен сенім телефоны жұмыс жасайтынын хабарлады.
Дөңгелек үстелге студенттер белсенді түрде қатысып, қойылған сұрақтарға толық жауаптар алды.

