Аумақтық жоспар партия мен департаменттің бақылауында
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Алматы қаласы бойынша Департаментінің (бұдан әрі - Департамент) басшысы Шаттық Өтеев Алматы қаласының әкімі, «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалының (бұдан әрі – АҚФ) төрағасы Бауыржан Байбектің төрағалық етуімен, Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде аумақтық жоспарды орындау барысын қарау және денсаулық сақтау және білім беру саласында мемлекеттік қызметтердің есептілігі мен айқындылығын қамтамасыз ету бойынша шаралар туралы «Нұр Отан» партиясының АҚФ саяси кеңес бюросының кеңейтілген мәжілісінің жұмысына қатысты.
Департамент басшысы Шаттық Өтеев мемлекеттік органдар жұмысының ашықтығы мен айқындылығы бөлігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша сындарлы ұсыныстар айтты және Алматы қаласының жергілікті атқарушы органдарындағы әкімшілік мемлекеттік қызметке бос лауазымдарды іздеу жүйесі бойынша күн сайын Республикадан 400-ден астам адам кіретін, Департамент сайтында жасалған жобаға мысал келтірді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша АҚФ Қоғамдық Кеңесінің (бұдан әрі – СЖҚІБҚК) төрағасы Рахман Алщанов партия мен Департаменттің өзара тығыз іс-қимылын, құрамына Департаменттің қызметкерлері кірген аудандық СЖҚІҚБҚК тиімді жұмысы туралы атап айтқанда, бұл үлгі елдің оңтүстік мегаполисінде бірінші рет болып тұрғандығын атап өтті.
Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, нақтырақ айтқанда партияға және мемлекеттік аппаратқа көңіл бөлу керектігі жөнінде жеткізгенін және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған Стратегиясы мен партия Бағдарламасын бұлжытпай орындау үкіметтік емес ұйымдар және жұртшылықпен бірлесіп, «Нұр Отан» партиясы АҚФ мен Департаменттің бақылауында болуы керектігін баса айтып, қаланың барлық саласында сыбайлас жемқорлықтың жолын кесу, құқықтық мәдениетті көтеру бойынша атқарылып жатқан жұмысы үшін Департаментке өз алғысын білдірді.
Айтылған ұсыныстарға сәйкес, Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 – 2017 жылдарға арналған қалалық іс-шаралар Жоспарына толықтырулар енгізу бойынша ұсынымдар берілді.

