Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын насихаттау мақсатында семинар-кеңес өтті

Бес институционалды реформаны жүзеге асыру аясында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын және 2015-2025 жылдарға арналған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын насихаттау мақсатында Санкт-Петербургтің гуманитарлық кәсіподақ университетінің Алматы қаласы филиалында семинар-кеңес өтті.

Іс-шарада ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің бөлім басшысы Мақсатхан Анапин, «Ақпаратты-ресурстық орталық» ҚБ басшысы Александр Братенков және университеттің студенттері мен оқытушы құрамы қатысты.

Мақсатхан Анапин мемлекеттік қызмет саласында келе жатқан өзгерістер туралы, бірінші институционалдық реформаны, және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі бағыттарын түсіндіріп өтті.

Александр Братенков өзінің баяндамасында жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті, ол патриотизм, кәсіпқорлық және еңбекқорлықтан тұратынын айтып өтті.

Университет оқытушысы Ольга Вербовая, университет сайтында ректордың блогінде әр студент оқытушы жайлы өз пікірін білдіре алатынын айтты. Университетпен жүргізілетін «оқытушы студенттің көзқарасымен» атты акциясының нәтижесі бойынша оқытушыға шара қолданылатынын айтып өтті.

0
0
330

Осы тақырып бойынша

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын насихаттау мақсатында семинар-кеңес өтті - Yvision.kz