Еуразия Технологиялық Университет студенттері сыбайлас жемқорлыққа қарсы
Қоғамның сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидатын іске асыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың нәтижелігін нығайту мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті (бұдан әрі – Департамент) Еуразия Технологиялық Университетінде оқытушы құрыамы және студенттердің қатысуымен дөңгелек үстел өткізді.
Департаменттің бөлім басшысы Мақсатхан Анапин 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегияны, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының іс-қимылын түсіндірді. Сонымен қатар, ол жемқорлықты тудыратын қауіптерді азайту мақсатында дөңгелек үстелдің қатысушыларынан ұсыныс беруін сұрады.
Университеттің тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Асан Желдибаев университетте сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ескерту жөнінде жұмыстар атқарылып жатқанын айтып, «таза сессия» сияқты акциялар өткізілетіні және студенттердің алдында университет басшылығы ашық екені туралы айтты. Университет Германия, Чехия, Қытай, Түркия, Болгария, Словакия, Венгрия, Ресей және т.б. елдердің 58 озық жоғары оқу орындарымен және ғылым орталықтарымен ынтымақтастық келісім-шарты жасалғаны туралы айтып өтті. Студенттер «Агромашхолдинг» АҚ, «АқсайГазСервис» АҚ, «Тауарлық биржа «Ауразия Тауар Жүйесі» АҚ сияқты мекемелерде өндіріс іс-тәжірибелер өтеді.
«Құқық» кафедрасының меңгерушісі Салтанат Есетова студенттерді адалдық және еңбекқорлыққа шақырды. Жемқорлық құқық бұзушылықтың түрлері мен жазалау шаралары туралы айтып өтті.
Сондай-ақ, қатысушалардың тақырыпқа орай қойылған сұрақтарына толық жауаптар берілді.
Дөңгелек үстел сұрақ-жауап форматында өтіп, катысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы мазмұндағы кітапшалар таратылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытта бейнеролик көрсетілді.

