Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сыбайлас жемқорлықпен күрес және алдын алу

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі Қылмыстық-Атқару жүйесі Комитетінің Республикалық мемлекеттік мекемесі «ЛА 155/1» қызметкерлерімен «Сыбайлас жемқорлықпен күрес және алдын алу» тақырыбында семинар-кеңес өткізді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің консультанты Елнар Игіліков Қазақстан Республикасының Президенті  Н.Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауы мен Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған стратегиясының басым бағыттары және оның алдын алу шараларына қатысты мәселелерге толық түсіндірме берді.

Мекеме бастығының орынбасары әділет подполковнигі Руслан Оразметов азаматтарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет болмайынша, олар сыбайлас жемқорлыққа қарсы табандылықпен тұрмайынша, жұрт алдында мін тақпайынша көздеген нәтижеге қорл жеткізу мүмкін еместігін атап өтті. Сонымен қатар, мекемеде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ескерту бойынша жеке құраммен атқарылған жұмыстарын баяндап өтті.

Кездесу сұрақ-жауап қалпында өтті, қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы мазмұндағы әлеуметтік бейне ролик көрсетілді.

   
0
0
450

Осы тақырып бойынша

Сыбайлас жемқорлықпен күрес және алдын алу - Yvision.kz