Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мен күмәнданамын

Менің халыққа жақын болғым келеді. Сондықтан туған қазақ тілімде жазып бастаймын. Қарапайым ел-жұрт түсінсе екен деймін. Менің сөз қорым бай емес, білімді орыс тілінде алдым, қателерім болса түсінүге тырысыңыз.
Мен жастардың шығынымын. Сіздерге өмірді үйретуге хақым бармау керек. Анығын айтқан ағайынға жақпайды, бірақ қайтейін, жүрегімді от күйдіріп тұр, ішіме сыймайды.
Бала кезден кештім, әкеден, анамнан артық адамдар көрмей. Оқуды бітірдім, жұмысыма шүкір деймін. Көзқарасым күннен күнге кеңірек, әттең, мені тыңдамаса жақындарым, түсінбесе.
Шетінен сіздерге қараймын, нені ойладыңдар кезінде, нені қуып жүрдіңдер, қайда келдіңдер, бізді қайда әкелдіңдер?
Жемістерін тәтті ма бүгінгі, әлде қара су ма? Балаларын нені қуып жүр, отанды сатып? Кімге елігеді?
Кешегі күнде тұрмайтын адам жоқ, әр күніміз оның жалғасы, түйіні. Осыдан бір ойға батарсыздар, дегенмен мен күмәнданамын.
1
0
231

Осы тақырып бойынша

Мен күмәнданамын - Yvision.kz